- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті - өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Заман сыры жан-жақты ашылды. Әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланды. Жаңа дәуір поэзиясының алдыңғы қатарлы өкілдері заманы ұсынған жаңа талаптарға сай, әділетсіздікке қарсы батыл күрес идеяларын қолдады. Қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болды. Жаңа пафосты ерлік идеядағы күресшіл поэзия бой көрсетті. Бұл - сайып келгенде өзіне дейінгі батырлар жыры дәстүрінің жаңарған тың түрі.ХІХ ғасырдың одан бұрынғы ғасырлардан өзгешелігі – бұл ғасырда шын мағынасындағы жазба әдебиет туды. Негізінен, ХІХ ғасырға дейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс, жаңалық туды. Қазақ өлеңі жаңа түрлер жасады. Оның басында Махамбет, Дулат тұр. Бұл құбылыс Абаймен жалғасты. Жаңа жанрлар туды. Европалық мәндегі жаңа жазба әдебиет қалыптасты. Мысал, сықақ, сатира жанры жаңғырып, жанданды. Сырлы да нұрлы лирика толысты. Сал-серілер өнері шарықтады. Айтыстың мәні, мазмұны тереңдеді. Поэманың алғашқы нысандары көрінді. Тарихи жырлар туды. М.Өтемісов.Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің өмір жолы халық тарихынын елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты. Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) С.Датүлы бастаған көтерілістен кейін ел ішінде феодалдық езгі үлгая түсті. Сұлтандар мен патша укіметінің әскерлері елді тонауды көбейтті. Мұндай қанау мен езгі және 1795-1796 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара күйзеле бастады.Шаруалар мал жаюға қолайлы жсрлерді көкседі. қанауға ұшыраған халық азаттық үшін куреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет болды.Махамбет бұл өлеңдерінде Исатайдың образын – батыр образын жасады. «Тарланым», «Мінкен ер», «Қызғыш құс», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар, «Исатай сөзі», «Арғымақтың баласы», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Еңселігі екі елі», «Мұнар күн», «Исатай мен Жақия», т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.Күндіз-түні жорықта жүру, аштыққа, шөлге, ұйқыға мойымау, ел-жұртың, туған халқың үшін қандай қиыншылыққа болса' да төзе білсең ғана шын мәніндегі ер-азаматсың,- деп жастарды патриоттық сезімге'баулиды. Ата жаумен кескілескен сұрапыл соғыста журегі тітіркеніп, қорқу дегендіі білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдьң бейнесіп жастарға үлгі етеді.Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дәріптейді. Жастарды тәрбиелеудің келесі бір жолы- оларды жаман адамнан жирендіру.Осы айтылғанға орай Махамбет былай дейді:Жаманды байқап қарасаң,Күндердің күні болғанда,Өз басына өзі жау. Жаман адамның өз басына жау болатын себебі ол істі ойланбай істейді де, мұнысын өзімен қатар өзгелерге де опық жегізеді. Біреудін еңбегін пайдалануды, даяр асқа ие бола кетуді әдетке айналдырады.Жас жеткіншектерді патриотrық рухта тәрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет етуге баулуда Махамбет өлеңдерінің маңызы ерекше. Бала психологиясына тән басты ерекшелік- олардың ерлікті дәріптейтін шығармаларға өте әуес келетіндігі. Өйткені мұндай шығармаларда адамға ерік-жігер, күш- қайрат беретін өнегелі сөздер көп болады. Бала мұндағы жігерлі адамдарды өздеріне идеал етіп алады. Ел мүддесін ерекше кастерлейтін адамға туған халқын, ақ сүтін беріп әлпештеген ¬жұртын қорғаудан артық зор бақыт жоқ. Арманы бар ма жігітrің, Жалаулы найза қолға алып, Қапылыста тап берген, Қолақпандай қомданып, Тайталасты жауымен ,Жау тоқтатып айкаста,Туып-өскен жері ушін ,Құрбан болса ел үшін. Жастарды патриоттыққа, елін-жұртын, туған халқын жан- тәнімен сүю рухында тәрбиелеу- Махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы. Осы айтқанды паш ететін улгі-өнегеге негізделген өлең жолдары кейіннен афоризмге айналып кеткен.м: Асыл ердің баласы көзін салар қияға, Ажалдан бүрын өлмессің, жалаңаш бар да жауға ти! Ханнан қырық туғанша, қаралан бір-ақ тусайшы, Халық кегін қусайшы,- деп келетін, кейіннен халық аузында мәтелге айналған қысқа да болса нұсқа аталы сөздер жас буынға ерік-жігер, қажыр-¬қайрат, yытrы сезім беретін өнегелі өсиет боларлықтай құдіретті сөз тіркестері. Ақын тұжырым- түйіндерінің бәрін негізінен жастарға бағыштап, оларды ерлікке, атамекенді қастерлеуге, намысты болуға шақырған. Махамбетrің осынау айтқандарының қазіргі жастар тәрбиесі ушін де маңызы зор. Бізге ұлтжанды, халқының ар-намысын қызғыштай қорғайтын, ел-жұрты ушін жанын пида ететін жандар, егемендік пен тәуелсіздікке ие болып жатқаи тұста аса қажет екендігі хақ.
