- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
I блок
Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.Қазақ балалар әдебиеті жайындағызерттеулер - балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталды. 1927 жылы “Өтірік” деген жинаққа жазған алғысөзінде І.Жансүгіров “Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады”- деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді. 1931 жылы жазған “Мен қалай жаздым?” мақаласында “Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді” – деген. М.Әуезов “Әр жылдар ойлары”, “Ертегілер” деген еңбектерінде “Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туады” деп көрсетеді. С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласында(1930) мектепте оқитын жүз мыңдаған оқушылардың балалар әдебиетіне шөліркеп отырғандығын айтады. Б.Бұлқышевтің Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығы айтылады
