Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме 323.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
272 Кб
Скачать
☆
  1. Өндірістік тәжірибе бойынша білім, іскерлік пен дағды туралы негізі ұғымдар

Өндірістік тәжірибесі бойынша студент білуі керек:

- халықаралық қаржылық есеп стандарттарын;

- аудит стандарттарын;

- шоттың титптік жоспарын;

- аудиторлық тексеріс формалары мен әдістерін;

- кәсіпорын мен мемлекет қатынасын реттейтін нормативтік актілерді;

- экономикалық талдау әдістері мен тәсілдерін.

Істей білуі керек:

- субъектінің есеп саясатын және шаруашылық операциялары бойынша шот

корреспонденциясын;

- бастапқы бухталтерлік құжаттама толтыруды, есеп регистрлері мен есептің

Бас кітабын жүргізуді;

- қаржылық есептілікті құрастырып, оған талдау жүргізуді;

-кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне есеп жүргізуді, оны талдап, ұсыныстарымен және аудиторлық тұжырыммен қорытындылауды.

0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студент тәжірибелік дағдыны игеруі керек:

- шаруашылық субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша нормативтік құжаттармен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпараттық көздермен жұмыс істеуді, оларды өз құзырлығы төңірегіндегі шаруашылық мәселелерін шешуде пайдалана білуді;

- шаруашылық субъектілерінің қаржылық және экономикалық қызметі жұмысын ұйымдастыруды;

- ақпарат өңдеу үшін дербес компьютерде жұмыс істеуді;

- бухгалтерлік, басқарушылық және салық есебін жүргізуді

- бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есептілік құрастыруды;

- салық төлемдері бойынша декларациялар құрастыруды аудиторлық тексеріс жүргізуді;

- аудиторлық тұжырым құрастыруды;

- шаруашылық субъектілері жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептеуді;

- экономикалық талдау жүргізуді.

  1. Өндірістік тәжірибе есебін рәсімдеу тәртібі

Өндірістік тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес студент күн сайын күнделік толтырады. Күнделікте студенттің жұмыс орнында орындаған жұмыстарының түрі және қысқаша сипаттамасы, сонымен бірге өндірістік тәжірибені өткендігі туралы жазылатын есеп үшін жиналған материалдар тізімі көрсетіледі. Күнделік көк сиялы қаламсаппен толтырылады. Күнделіктегі жазулар кәсіпорын жетекшісінің қолымен расталады.

Әр тақырып бойынша тәжірибе өту үрдісінде банктің тәжірибелік жетекшісі студенттің есептік жұмыстың тәжірибелік игерілуі мен меңгерілуін, өндірістік тәжірибені өту бағдарламасының тақырыптары бойынша аналитикалық және жинақтамалы есепті ұйымдастыру техникасының меңгерілу деңгейін тексереді. Студенттердің білімдерін тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі күнделікке баға қояды және студенттің жұмысы туралы ескертулерді енгізеді.

Өндірістік тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделікке тәжірибе жетекшісінің қолы қойылып кәсіпорынның мөрімен расталады.

Өндірістік тәжірибені өту кезеңінде практикант бағдарламаға сәйкес әр бөлім мен тақырып бойынша материалдар жинап, соның негізінде орындаған жұмыс нәтижелері туралы есеп құрастырады. Есепке міндетті түрде материалдардың шынайылығын растайтын күнделік тігілуі керек. Күнделіксіз есеп қабылданбайды.

Өндірістік тәжірибе есебінде банктің қаржылық қызметінің толық сипаты болуы керек. Бағдарламаның тақырыптары мен бөлімдеріне сәйкес алғашқы құжаттар мен есептік регистрлер негізінде кәсіпорындағы есептің ұйымдастырылуының жағдайы қарастырылады. Есепте банктің операциялары, бухгалтерлік есеп жұмыстары мен экономикалық талдау жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі жағдайларын оқып үйрену негізінде практикант артықшылықтары мен кемшіліктерін тауып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Есепке алғашқы құжаттар, тізімдемелер, жұмыс материалдары, статистикалық мәліметтер және т.б. материалдар қосымша ретінде қоса тігіледі. Қосымшалар нөмірленеді, мәтіндік бөлімде бұл нөмірлерге сілтеме жасалады.

Есеп компьютерде ақ қағазда А4 форматында бірқалыпты интервалмен, шрифт – «Times New Roman», кегль 14 пен орындалу керек. Мәтін келесідей талаптарға сәйкес басылу керек: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғары – 20 мм, төменгі – 25 мм. Беттерді нөмірлеу араб сандарымен парақтың төменгі оңжағында, тізбектік ретпен қойылуы керек (титулдық бет 1 номер болып есептеледі, бірақ онда бет номері қойылмайды. Тәжірибе есебінің көлемі 35 беттен кем болмауы, 50 беттен аспауы тиіс.

Есеп келесідей рәсімделген болуы керек:

1. Титулдық бет

2. Келісім шарт

3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (колледжден тәжірибе жетекшісінің, студенттің қолы, тәжірибеден өткен мекеме басшысының қолы мен мөрі)

4. Кәсіпорын немесе ұйым басшысының студенттке пікірі немесе мінездемесі, сол ұйымның (кәсіпорынның) мөрімен бекітілуі тиіс.

5.Мазмұны

6. Кіріспе. Кіріспеде тәжірибе орны мерзімі, мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі (кіріспе 1- 1,5 беттен кем болмауы тиіс).

7) Негізгі бөлім:

А) Бірінші бөлім. Мұнда тәжірибеден өткен мекеменің қысқаша тарихы мен қызметі жайлы жазылуы тиіс. (1 бөлім 3-5 беттен кем болмауы тиіс)

Б) Екінші бөлім практикалық сипатта болады. Бұл дербес экономикалық, қаржылық және жинақталған материалдарды статистикалық талдауды ұйымдастыру және нақтылы экономикалық тұтқаны пайдалану сұрақтарын қарастырады. Бұл жұмыс бөлігінде текстің мазмұны суреттермен, кестелермен, сызбанұсқалармен, формулалармен және басқадай материалдармен сипатталады. Таңдалған тақырыпты ашу барысында статистикалық әдістерді нақтылы компанияның мысалында эконометрикалық модельдерді, Дельфи әдісін пайдалану қажет. (2 бөлім 20-25 беттен кем болмауы тиіс)

В) Үшінші бөлім. Зерттеліп отырған мекеменің қаржы – экономикалық жағдайларын жақсарту, оларды оңтайландыру (дамыту) бойынша ұсыныстар беріледі. (3 бөлім 5-8 беттен кем болмауы тиіс)

8) Қорытынды. Мұнда қысқаша шешімдер, талдау, ұсыныстар беріледі. (Қорытынды 1,5 - 2 беттен кем болмауы тиіс)

9) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және әдістемелік материалдар.Әдебиеттер келесідей тәртіппеп қойылады: нормативті-құқықтық актілер; оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы, монографиялар; мақалалар; сайттар.(Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10 кем болмауы қажет)

10) Қосымшалар есеп берудің жалғасы ретінде қарастырылады. Есеп беру мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы керек. Қосымшалар есеп беру мәтінінде сілтемелердің көрсетілу тәртібіне сәйкес қойылады.Әр сөйлемді жоғары оң жағында «Қосымшалар» деп көрсетілген сөзі және түсініктемесі бар жаңа беттен бастау керек. Қосымшалар беттерінің номерлері есеп беруідң басқа бөлімдерінің номер сандары мен жалғасу керек.

11. Өндірістік тәжірибе өту туралы әдістемелік нұсқаулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАРЖЫ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Есеп және аудит мамандығы

3 курс 323 тобы бойынша

студенттің өндірістік тәжірибе туралы

ЕСЕП БЕРУ

Әуесхан Сәбина Төреханқызы

(студенттің аты-жөні)

Тәжірибе өту орны ______________________________________________________

(ұйым, кәсіпорын атауы)

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі ________________________________________

(аты -жөні)

Колледжден тәжірибе жетекшісі _____________Несiпбеков Е.Н._____

(аты-жөні)

Тәжірибе өту мерзімі «_____» _____________ 20___ж.,бастап

«_____» _____________ 20___ж. дейін

Барлық күні: _________________

Жұмыс істелген күні: __________

Жұмыс істелмеген күні:________

АЛМАТЫ, 2017

«Бекітемін»

______________________________

(студенттің тәжірибені өтіп жатқан

мекеме басшысының қолы)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАРЖЫ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Есеп және аудит мамандығы

3 курс 323 тобы бойынша

студенттің өндірістік тәжірибеден өтілуінің

КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Мамандығы ________________________________________________________________

Біліктілігі __________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

/студенттің аты-жөні/

№

р/с

Бөлім

Тақырыптардың және жеке сұрақтардың аталуы

Күні

Күн саны

Тәжірибе тақырыбына жауаптының фамилиясы

Тәжірибе жетекшісі _____________ ___________________

(қолы (аты-жөні)

Колледж студенті _____________ ___________________

(қолы) (аты-жөні)