- •Алматы, 2017 ж
- •Казахский Медицинский Университет имени с.Д. Асфендиярова
- •С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
- •Ауру анамнезі(субъективті):
- •Қарап тексеру:
- •Психикалық статус:
- •Күнделік
- •Клиникалық диагнозды негіздеу:
- •Науқастың емдеу жоспары:
- •Ауру анамнезі(субъективті):
- •Қарап тексеру:
- •Психикалық статус:
- •Науқастың емдеу жоспары:
- •Науқастың жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылды.
Науқастың емдеу жоспары:
Режим-стационарлы
Емдәм № 15
Медикаментозды терапия:
Аминазин 50 мг-1 таб күніне 2 рет, түнге қарай . (Қозуды басу және тынышталдыру үшін)
Галоперидол 2.0-0.5%+0.9% 3.0 мл NaCl ерітіндісімен б/і, күніне 3 рет. Продуктивті психотикалық симптомдарды жою үшін.
Циклодол 0.002 мг, 1 таб күніне 2 рет. Галоперидолдың жанама әсерінің (нейролептикалық синдром) алдын алу үшін.
Галоперидол 1.5 мг күніне 3 рет (ұстап тұрушы терапия ретінде).
Пирацетам 400 мг күніне 3 рет (мидағы зат алмасу процесін жақсарту үшін).
Этапты эпикриз:Науқас, Утепов Жанабек Өмірзақұлы 33 жаста,Республикалық Психиатрия және Наркология орталығында ем алып жатыр. Түскен кездегі шағымы: көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктің көрінуі, өз-өзімен сөйлесу, сандырақтау, көп сөйлеу. Науқастың айтуы бойынша, өзін 26.04.2017ж бастап ауырмын деп есептейді. 04.04-26.04.2017ж аралығында Алматы қаласының наркологиялық орталығында емделген. Екі күн бойы көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктер көрінгенін айтады. Көрінген елестеушілікті науқас толықтай сипаттап бере алмайды, нақты есінде жоқтығын айтты. 28.04.2017ж Абай мен Сейфулин көшелерінің қиылысындағы бағдаршамнан қызылға өтіп кеткен, алайда науқастың айтуы бойынша ол жасыл жанып тұр деп ойлаған. Науқас өз-өзімен сөйлесіп кетіп бара жатқан кезінде полиция қызметкерлері ұстап алған. Полиция қызметкерлеріне науқас наркологиялық диспансерде есепте тұратынын айтқан. Өзін адекватсыз ұстағандықтан, сандырақтау болғандықтан жедел жәрдем шақырылып, «Республикалық психиатрия және наркология» ауруханасына жатқызылған. Ішкі ағзалар жүйесі бойынша өзгерістер жоқ.Неврологиялық статус бойынша ешқандай паталогия жоқ.
Психикалық статусына қарап: Санасының анықтығы. Науқастың санасы анық, контактқа жақсы түседі. Науқас өзін аурумын деп есептейді.
Эмоциональді-ерікті сфера: Науқастың сыртқы көрінісі- таза, қырынған. Шашы кір, таралған. Киім киісі қоғамдық қалыпқа сәйкес. Бөлімшеде дәрігермен және науқастармен сөйлесуге бейім, көп жүреді, әңгімені талқылағанды жақсы көреді, тітіркенгіш(кейде қайталанған сұраққа жауап қиналып қарайды), бет-әлпеті қуанышты, кейде ашулы, жестикуляциясы активті. Өзіне бағытталған сөзге асықпай жауап қайтарады. Продуктивті қарым-қатынасқа бейім, қойылған сұраққа тақырыпқа сәйкес жауап береді. Сөздерінің қарқыны жоғары, сөйлегені анық, тез басқа тақырыпқа өтеді. Науқастың көңіл-күйі бір қалыпты.
Түйсік, қабылдау: науқаста елестеушілік бар, алайда анық сипаттап бере алмайды, есінде жоқтығын айтады. Патологиялық (психосенсорлық бұзылыстар,сенестопатиялар, дереализация, деперсонализация) белгілер жоқ.
Интеллект, ес: дисмнезиялар, парамнезиялар жоқ. Науқас қай күн екенін, ауруханада қанша уақыт жатқанын, қайда жүргенін айта алады, арифметикалық сұрақтарды шешеді, мақал- мәтелдердің мағынасын түсінеді.
Ойлау: соңына түсу, әсер ету сандырағы бар. Ойлаудың басқа бұзылыстары байқалмайды.
ЛАБОРАТОРЛЫ ЖӘНЕ ИНСТРУМЕНТАЛЬДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:қалыпты.
Клиникалық диагноз: /F20.0/ Параноидты шизофрения. Үздіксіз қайталанатын ағымды.
Жоғарыдағы шағымдарға байланысты науқасқа ем тағайындалды.Емнің әсері жақсы болып,науқастың жағдайы жақсарып қалды.Науқас стационарда емін алып жатыр.
ШЫҒАРУ ЭПИКРИЗІ:
Аты-жөні: Утепов Жанабек Өмірзақұлы
Туған күні: 20.04.1984ж
Жасы: 33
Тұрғылықты мекен-жайы: Маңғыстау обл., Ақтау қаласы, Петров көшесі 48 үй, 2 пәтер.
Жұмыс орны: жұмыссыз
Түскен күні: 28.04.2017ж
Клиникалық диагноз: /F20.0/ Параноидты шизофрения. Үздіксіз қайталанатын ағымды.
Шағымы:
Түскен кездегі шағымы: көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктің көрінуі, өз-өзімен сөйлесу, сандырақтау, көп сөйлеу.
ӨМІР АНАМНЕЗІ:
Тұқым-қуалаушылық- науқастың айтуы бойынша,отбасында ешкім психикалық аурулармен ауырмаған.
Ерте жастағы даму ерекшеліктері-1984 жылы Ақтау қаласында үшінші болып дүниеге келген. Анасының жүктілік кезіндегі және босану кезіндегі жағдайды білмейді. Жасына сай өсіп-жетілген.
Балалық шағының ерекшеліктері, мектептегі үлгерімі- науқас әлеуметтік жағдайы орташа отбасында ата-анасының қолында тәрбиеленген, отбасында жалпы төртеу. Бала кезінде жанұядағы қарым-қатынасы жақсы болған, жолдастары болған, мектептегі үлгерімі нашар, сабаққа толыққанды қатыспаған, көп жағдайда науқастың айтуы бойынша сабақтан кетіп қалған, бұзақы болғанын мақтан тұтады, «кешкі мектепте» оқыған, сүйікті пәні еңбекке баулу сабағы, науқастың айтуы бойынша ағаштан зат жасауға икемді. 9 сыныпты аяқтағаннан кейін «Маңғыстау политехникалық колледжнің» ақылы бөліміне түскен. Оқуды жалғастырғысы келмегендіктен алты айдан кейін тастап кеткен. Әскерлік қызметін Маңғыстау облысында, 2001-2003 жылдар аралығында толық атқарған. Әскерде бастапқы кезде 1 жыл бұрын әскерге келгендер кейін келгендерді ұрып- соққан, науқастың айтуы бойынша тәрбиелеген. Әскерде өзіне бұйырылған барлық қызметтерді атқарған. 2003 жылы желтоқсан айында әскерлік қызметін аяқтаған.
Еңбек жолының басталуы- науқастың жоғарғы білімі жоқ, орта мектептің 9 сыныбына дейін оқып аяқтаған. Қазіргі уақытқа дейін тұрақты жұмыс атқармаған, тек күнделікті яғни тәуліктік жұмыспен айналысқан.
Зиянды әдеттері- 24 жасынан бастап темекі шегеді, күніне 1 қорап, 18- 19 жасынан бастап ішімдік қабылдай бастаған. 2001жылы Ақтау қаласында, 2004 жылы Алматы қаласында наркологиялық орталықта емделген. Науқас ішімдікті айлап, салынып ішеді. Ішіп жүріп Ақтау қаласынан Алматы қаласына поездбен келген. 04.04.2017 жылы өз еркімен Алматы қаласындағы наркологиялық орталыққы емделуге келген. Науқастың айтуы бойынша ішікдікті ішуді тоқтатпақшы ойы болған. 04.04-26.04.2017ж осы аралықта Алматы қаласында наркология орталығында ем қабылдаған.
Жанұялық жағдайы, ондағы қарым-қатынасы- үйленбеген. Әкесі жеке кәсіпкер. Анасы 2001 жылы қаза болған. Әкесі екінші рет 2003 жылы үйленген. Науқас әкесінің екінші әйелімен көп конфликтке түседі, тіл табыса алмайтынын айтты, сол себепті әкесіменде көп сөзге келіп қалады. Отбасында төрт бала, бір әпкесі,бір ағасы және інісі бар. Әпкесі осы Алматы қаласында тұрады, ағасы мен інісі Ақтау қаласында, бауырларымен жақсы қарым-қатынаста. Жалғыздыққа деген көзқарасы- орташа, кейде жалғыз болғанды, жалғыз серуендегенді ұнатады. Спортпен шұғылданбайды. Бос уақытында ештеңемен айналыспайды.
Жыныстық дамуы- жыныстық жетілу кезеңі қалыпты жүрген. 16 жасынан бастап жыныстық қатынаста болған.
Басынан өткен аурулары- операциялар, туберкулез, вирусты гепатит, онкологиялық аурулар, қантты диабет тері-венерологиялық аурулары болмаған.Қан құйылмаған. Аллергиясы жоқ. Науқастың айтуы бойынша 2004 жылы Жұбанов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында төрт жігіт ақша алу мақсатында арматурамен басына ұрған. Науқас бас-ми жарақатын алған. Бас терісінде жарқаттан қалған тыртық бар. Науқастың айтуы бойынша 2010 жылы полиция қызметкерлері 96 баппен жала жаппақшы болып қысымға алып мәжбүрлеген. Науқас полиция қызметкерлерін қорқыту мақсатында және жалған жаладан қорғану мақсатында өзіне қол жұмсаған, қолының білек аймағын таспен бірнеше рет кескен, науқастың айтуы бойынша осылай ақталып шыққан. Науқастан «96 бап қандай бап?-деп сұрағанда, - адам өлтіру туралы деп жауап берді.
