Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курбанова Перизат psikhiatria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.72 Кб
Скачать

Күнделік

Күні

Псих.статус

20.12.16

Санасының анықтығы. Науқастың санасы анық, контактқа жақсы түседі. Науқас өзін аурумын деп есептейді.

Эмоциональді-ерікті сфера: Науқастың сыртқы көрінісі- таза, қырынған. Шашы таза, таралған. Киім киісі қоғамдық қалыпқа сәйкес. Бөлімшеде дәрігермен және науқастармен сөйлесуге бейім, көп жүреді, әңгімені талқылағанды жақсы көреді, талапшыл, тітіркенгіш(қайталанған сұраққа ашумен қарайды, сөйлегісі келмей қалады), мимикасы көп, бет-әлпеті қуанышты, кейде ашулы, жестикуляциясы активті. Өзіне бағытталған сөзге тез жауап қайтарады. Продуктивті қарым-қатынасқа бейім, қойылған сұраққа тақырыпқа сәйкесжауап береді. Сөздерінің қарқыны жоғары, сөйлегені анық емес, тез басқа тақырыпқа өтеді. Науқастың көңіл-күйі көтеріңкі, тұрақсыз.

Ойлау: соңына түсу, әсер ету сандырағы бар. Ойлаудың басқа бұзылыстары байқалмайды.

8.01.17

Санасының анықтығы. Науқастың санасы анық, контактқа жақсы түседі. Науқас өзін аурумын деп есептейді.

Эмоциональді-ерікті сфера: Науқастың сыртқы көрінісі- таза, қырынған. Шашы таза, таралған. Киім киісі қоғамдық қалыпқа сәйкес. Бөлімшеде дәрігермен және науқастармен сөйлесуге бейім, көп жүреді, әңгімені талқылағанды жақсы көреді, мимикасы көп, бет-әлпеті қуанышты, кейде ашулы, жестикуляциясы активті. Өзіне бағытталған сөзге тез жауап қайтарады. Продуктивті қарым-қатынасқа бейім, қойылған сұраққа тақырыпқа сәйкесжауап береді. Сөздерінің қарқыны жоғары, сөйлегені анық емес, тез басқа тақырыпқа өтеді. Науқастың көңіл-күйі орташа, тұрақсыз. Ем жалғастыруда. Алайда науқас инекциялық емнен шаршағанын айтты.

20.01.17

Санасының анықтығы. Науқастың санасы анық, контактқа жақсы түседі. Науқас өзін аурумын деп есептейді.

Эмоциональді-ерікті сфера: Науқастың сыртқы көрінісі- таза, қырынған. Шашы таза, таралған. Киім киісі қоғамдық қалыпқа сәйкес. Бөлімшеде дәрігермен және науқастармен сөйлеседі, байсалды, тиянақты, конфликтке түспейді. Продуктивті қарым-қатынасқа бейім, қойылған сұраққа тақырыпқа сәйкес жауап береді. Сөздерінің қарқыны қалыпты деңгейде, сөйлегені анық. Науқастың көңіл-күйі қалыпты, тұрақты.Ем жалғастыруда.

Клиникалық диагнозды негіздеу:

1.Науқастың шағымдарына көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктің көрінуі, өз-өзімен сөйлесу, сандырақтау, көп сөйлеу.

2.Ауру анамнезіне қарап: Науқастың айтуы бойынша, өзін 26.04.2017ж бастап ауырмын деп есептейді. 04.04-26.04.2017ж аралығында Алматы қаласының наркологиялық орталығында емделген. Екі күн бойы көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктер көрінгенін айтады. Көрінген елестеушілікті науқас толықтай сипаттап бере алмайды, нақты есінде жоқтығын айтты. 28.04.2017ж Абай мен Сейфулин көшелерінің қиылысындағы бағдаршамнан қызылға өтіп кеткен, алайда науқастың айтуы бойынша ол жасыл жанып тұр деп ойлаған. Науқас өз-өзімен сөйлесіп кетіп бара жатқан кезінде полиция қызметкерлері ұстап алған. Полиция қызметкерлеріне науқас наркологиялық диспансерде есепте тұратынын айтқан. Өзін адекватсыз ұстағандықтан, сандырақтау болғандықтан жедел жәрдем шақырылып, «Республикалық психиатрия және наркология» ауруханасына жатқызылған.

3.Психикалық статусына қарап: Санасының анықтығы. Науқастың санасы анық, контактқа жақсы түседі. Науқас өзін аурумын деп есептейді.

Эмоциональді-ерікті сфера: Науқастың сыртқы көрінісі- таза, қырынған. Шашы кір, таралған. Киім киісі қоғамдық қалыпқа сәйкес. Бөлімшеде дәрігермен және науқастармен сөйлесуге бейім, көп жүреді, әңгімені талқылағанды жақсы көреді, тітіркенгіш(кейде қайталанған сұраққа жауап қиналып қарайды), бет-әлпеті қуанышты, кейде ашулы, жестикуляциясы активті. Өзіне бағытталған сөзге асықпай жауап қайтарады. Продуктивті қарым-қатынасқа бейім, қойылған сұраққа тақырыпқа сәйкес жауап береді. Сөздерінің қарқыны жоғары, сөйлегені анық, тез басқа тақырыпқа өтеді. Науқастың көңіл-күйі бір қалыпты.

Түйсік, қабылдау: науқаста елестеушілік бар, алайда анық сипаттап бере алмайды, есінде жоқтығын айтады. Патологиялық (психосенсорлық бұзылыстар,сенестопатиялар, дереализация, деперсонализация) белгілер жоқ.

Интеллект, ес: дисмнезиялар, парамнезиялар жоқ. Науқас қай күн екенін, ауруханада қанша уақыт жатқанын, қайда жүргенін айта алады, арифметикалық сұрақтарды шешеді, мақал- мәтелдердің мағынасын түсінеді.

Ойлау: соңына түсу, әсер ету сандырағы бар. Ойлаудың басқа бұзылыстары байқалмайды.

Болашаққа жоспары- тұрақты жұмыс жасау, пәтер алу, үйленіп отбасын құру.

Осы жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, клиникалық диагнозды негіздейміз:

Клиникалық диагноз: /F20.0/ Параноидты шизофрения. Үздіксіз қайталанатын ағымды.