- •Алматы, 2017 ж
- •Казахский Медицинский Университет имени с.Д. Асфендиярова
- •С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
- •Ауру анамнезі(субъективті):
- •Қарап тексеру:
- •Психикалық статус:
- •Күнделік
- •Клиникалық диагнозды негіздеу:
- •Науқастың емдеу жоспары:
- •Ауру анамнезі(субъективті):
- •Қарап тексеру:
- •Психикалық статус:
- •Науқастың емдеу жоспары:
- •Науқастың жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылды.
Ауру тарихы |
|
|
Алматы, 2017 ж
Казахский Медицинский Университет имени с.Д. Асфендиярова
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Курациялаған: Дәрігер- интерн
Құрбанова Перизат Сүлейманқызы
Қабылдаған:Ашимов А.А.
Тобы:Терапия,602/1к
Төл-құжат бөлімі
Аты-жөні: Утепов Жанабек Өмірзақұлы
Туған күні: 20.04.1984ж
Жасы: 33
Тұрғылықты мекен-жайы: Маңғыстау обл., Ақтау қаласы, Петров көшесі 48 үй, 2 пәтер.
Жұмыс орны: жұмыссыз
Түскен күні: 28.04.2017ж
Клиникалық диагноз: /F20.0/ Параноидты шизофрения. Үздіксіз қайталанатын ағымды.
Шағымы:
Түскен кездегі шағымы: көзіне адам кейпіндегі елестеушіліктің көрінуі, өз-өзімен сөйлесу, сандырақтау, көп сөйлеу.
ӨМІР АНАМНЕЗІ:
Тұқым-қуалаушылық- науқастың айтуы бойынша,отбасында ешкім психикалық аурулармен ауырмаған.
Ерте жастағы даму ерекшеліктері-1984 жылы Ақтау қаласында үшінші болып дүниеге келген. Анасының жүктілік кезіндегі және босану кезіндегі жағдайды білмейді. Жасына сай өсіп-жетілген.
Балалық шағының ерекшеліктері, мектептегі үлгерімі- науқас әлеуметтік жағдайы орташа отбасында ата-анасының қолында тәрбиеленген, отбасында жалпы төртеу. Бала кезінде жанұядағы қарым-қатынасы жақсы болған, жолдастары болған, мектептегі үлгерімі нашар, сабаққа толыққанды қатыспаған, көп жағдайда науқастың айтуы бойынша сабақтан кетіп қалған, бұзақы болғанын мақтан тұтады, «кешкі мектепте» оқыған, сүйікті пәні еңбекке баулу сабағы, науқастың айтуы бойынша ағаштан зат жасауға икемді. 9 сыныпты аяқтағаннан кейін «Маңғыстау политехникалық колледжнің» ақылы бөліміне түскен. Оқуды жалғастырғысы келмегендіктен алты айдан кейін тастап кеткен. Әскерлік қызметін Маңғыстау облысында, 2001-2003 жылдар аралығында толық атқарған. Әскерде бастапқы кезде 1 жыл бұрын әскерге келгендер кейін келгендерді ұрып- соққан, науқастың айтуы бойынша тәрбиелеген. Әскерде өзіне бұйырылған барлық қызметтерді атқарған. 2003 жылы желтоқсан айында әскерлік қызметін аяқтаған.
Еңбек жолының басталуы- науқастың жоғарғы білімі жоқ, орта мектептің 9 сыныбына дейін оқып аяқтаған. Қазіргі уақытқа дейін тұрақты жұмыс атқармаған, тек күнделікті яғни тәуліктік жұмыспен айналысқан.
Зиянды әдеттері- 24 жасынан бастап темекі шегеді, күніне 1 қорап, 18- 19 жасынан бастап ішімдік қабылдай бастаған. 2001жылы Ақтау қаласында, 2004 жылы Алматы қаласында наркологиялық орталықта емделген. Науқас ішімдікті айлап, салынып ішеді. Ішіп жүріп Ақтау қаласынан Алматы қаласына поездбен келген. 04.04.2017 жылы өз еркімен Алматы қаласындағы наркологиялық орталыққы емделуге келген. Науқастың айтуы бойынша ішікдікті ішуді тоқтатпақшы ойы болған. 04.04-26.04.2017ж осы аралықта Алматы қаласында наркология орталығында ем қабылдаған.
Жанұялық жағдайы, ондағы қарым-қатынасы- үйленбеген. Әкесі жеке кәсіпкер. Анасы 2001 жылы қаза болған. Әкесі екінші рет 2003 жылы үйленген. Науқас әкесінің екінші әйелімен көп конфликтке түседі, тіл табыса алмайтынын айтты, сол себепті әкесіменде көп сөзге келіп қалады. Отбасында төрт бала, бір әпкесі,бір ағасы және інісі бар. Әпкесі осы Алматы қаласында тұрады, ағасы мен інісі Ақтау қаласында, бауырларымен жақсы қарым-қатынаста. Жалғыздыққа деген көзқарасы- орташа, кейде жалғыз болғанды, жалғыз серуендегенді ұнатады. Спортпен шұғылданбайды. Бос уақытында ештеңемен айналыспайды.
Жыныстық дамуы- жыныстық жетілу кезеңі қалыпты жүрген. 16 жасынан бастап жыныстық қатынаста болған.
Басынан өткен аурулары- операциялар, туберкулез, вирусты гепатит, онкологиялық аурулар, қантты диабет тері-венерологиялық аурулары болмаған.Қан құйылмаған. Аллергиясы жоқ. Науқастың айтуы бойынша 2004 жылы Жұбанов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында төрт жігіт ақша алу мақсатында арматурамен басына ұрған. Науқас бас-ми жарақатын алған. Бас терісінде жарқаттан қалған тыртық бар. Науқастың айтуы бойынша 2010 жылы полиция қызметкерлері 96 баппен жала жаппақшы болып қысымға алып мәжбүрлеген. Науқас полиция қызметкерлерін қорқыту мақсатында және жалған жаладан қорғану мақсатында өзіне қол жұмсаған, қолының білек аймағын таспен бірнеше рет кескен, науқастың айтуы бойынша осылай ақталып шыққан. Науқастан «96 бап қандай бап?-деп сұрағанда, - адам өлтіру туралы деп жауап берді.
