Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

VII Қорытындылар мен ұсыныстар

Қорытынды

  1. «SC FOOD» шаруа қожалығында қазіргі таңда 2000 астам мал басы бар. Дипломдық жұмысты орындау барысында, шаруашылықта трихофитиямен ауру мал бар екені анықталды. Ауруға енгізінен малдар жазғы жайылымға шыққанда шалдығады, сол себепті аурудың пайда болуы шаруашылық ішіндегі ветеринариялық- санитариялық талаптардың сақталмауы емес, жайылымда бағып- күтудің дұрыс үйымдастырылмағанына деп айтуға болады. Ауруға 3-8 айдағы бұзаулар шалдыққан. Ересек малдарда ауру белгілері байқалмады. Дипломдық жұмысты орындау барысында шаруашылықта 2260 бас мал ұсталынған болатын. Барлық мал басына шаққанда ауруға 2,6% бас мал шалдыққан. Зерттеу жүмыстарын барлық бұзаулады зеттеу кезінде, 631 бас бұзаудың 187 басы микроскопиялық зерттеуден өтті, 60-ында ауру қоздырушысы анқталды. Барлық зерттелген бұзауларға бұзауларға шаққанда 32%- ауруға шалдыққан.

  2. Жұмыс барысында аурға препараттардың тиімділігінанықтау үшін ЛТФ- және Вермет вакциналары қолданды. Бақылау топтарында вакциналардың емдік көрсеткіштері 100% құрады. Емдік әсері ;

  • ЛТФ-130- Орташа алғанда бұзаулардың зақымдалған ошақтары 2 мәрте еккеннен соң ≈18-19 тәулікте қабыршақтанып, қатая бастады. Ал қабыршақтар екінші еккеннен кейін ≈31 тәулікте түсе бастады . иммунитет ұзақтығы – 7 жылдан кем емес.

  • Вермет- Орташа алғанда бұзаулардың зақымдалған ошақтары 2 мәрте еккеннен соң ≈19-20 тәулікте қабыршақтанып, қатая бастады. Ал қабыршақтар екінші еккеннен кейін ≈31 тәулікте түсе бастап, зақымдану орнында жаңа жүн қабаты өсе бастағанын байқауға болады. Вакцинаны екі мәрте, 15 күн аралығында ектік. Иммунитет ұзақтығы – 12 айдан кем емес.

  1. Шаруашылықта негізінен тірі мал сату жұмыстарымен айналысады. Ауруға шалдыққан мал тірі салмақ қосу, тері жамылғысының бұзылуы, арықтау, сирек жағдайда өлімге шалдығады. Бұл жағдайда шаруашылықтан мал шығару төмендейді. Тірі салмақ қосуға кеткен шығынды есептей келе орташа есеппен барлық ауру бұзауларға шыққанда 510000тг құрады.

Жасалған ветеринарлық- санитариялық іс шараларды, ем ұмыстарына шығарылған шығын 25240 тг.

Экономикалық тиімділік- 7732 тг ., ал 1 теңге шығынға келетін үлес 0,1теңге.

Жұмыс барысында қолданған препараттарға келетін болсақ:

  • ЛТФ-130 препараты 400тг/ 10 доза, сонда бір бас бұзауға- есептесек 40тг/1 доза.

Шаруашылықта 631 бас бұзау бар, әр бұзау 2 мәрте егіледі, сонда 634*40*2=50 480 тг кетеді.

  • Вермет вакцинасы 210тг/10 доза, сонда бір бұзауға- 21 тг/1 доза. Әр бұзау екі мәрте егіледі.

631*21*2= 26502тг кетеді.

Дипломдық жұмысты орындау барысында қойылға мақсатта толықтай орындалды.

Ұсыныстар

-шаруашылықтың сәтсіз пункттеріндегі бұзауларды, күзде алдын алу мақсатымен ЛТФ-130 вакцинасымен трихофитияға қарсы иммундап тұру қажет;

-мал орындарын таза ұстаумен қатар, мал қораларындағы кеміргіштерді үнемі жойып отыру қажет;

-шаруашылыққа әкелінген мал 30 күн карантинде ұсталуы тиіс. Карантин кезінде оларды клиникалық жолмен тексеріп, әлдеқалай дүдәмалдық туса бактериологиялық тексерулерден өткізу қажет;

-әр тоқсан сайын барлық бұзауларды клиникалық байқаудан өткізу қажет;

-мал қорларын үнемі дератизациядан, дезинфекциядан өткізіп, оның сапалығын тексеріп отыру қажет.

Трихофитияны тиімді дауалау, одан бұзауларды жедел сауықтыру, індеттік жағдайды талдау, бағалау, қадағалау шараларын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік маңызы бар жаңа жүйесі тәжірибеге ұсынылды.

Сондықтан жоғарыда жазылғандарды қорыта келе бұл індет ірі қара арасында жиі кездесетіндіктен, нақты мал дәрігерлік жұмыс жүргізілген жағдайда, мал басын кемітпей, одан тиісті өнім алуға, мал арасында трихофития ауруын таратпауға әбден болады.

Міне,осындай негізгі шараларды өз деңгейінде іске асыру нәтижесінде, мал арасында кездесетін трихофития індетін бір жолата жойып, адамдарды бұл кеселден сақтандыруға болады демекпіз.

72