- •1.4 Ауру сипаттамасы
- •1.5 Ауруды балау
- •2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.2 Шаруашылыққа жалпы сипаттама
- •III Өзіндік зерттеу нәтижелері
- •Трихофитияның шаруашылықта таралу қарқыны
- •2 Шаруашылықта трихофитияны балау
- •Трихофитиямен ауырған бұзауларды емдеу
- •Шаруашылықта аурудың алдын алу үшін жасалған ветеринариялық-санитариялық іс- шаралар
- •IV Трихофитияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
- •VI Қоршаған ортаны қорғау
- •VII Қорытындылар мен ұсыныстар
VI Қоршаған ортаны қорғау
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады.
Қазіргі заманғы мал шаруашылығында энергия тұтынатын технология-ларды қолдану қоршаған ортаға антропогенді жүктемені ұлғайтумен қатар жүреді. Бұл мал шаруашылығы кешендерінен түсетін ластаулардың кері сал-дарларының алдын алу шығындарының артуына алып келеді. Әсіресе болуы мүмкін теріс салдарларды анықтау және олардан сақтандыру әдістерін анықтау болып табылады. Бұларға тиісінше атмосферлық ауаға ластаушы және басқа заттардың шығуын; су жән суасты объектілеріне су тарту алаңдарына шығарындыларды; топырақтың ластануын; өндірістік және тұтыну қалдық-тарының жинақталуын жатқызуға болады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары қоршаған ауаға шығаратын лас-таушы көздерді мынадай түрлерге бөлуге болады:
-шаңды газ шығарындылары - органикалық қалдықтардың шіру және жану өнімдері: микроорганизмдер, тозаң, органикалық қосындылар, азот қышқылы, күкірт, көміртегі;
-қатты шаң түйінділерінен тұратын полидисперсті массасы бар ағынды сулар, азық қалдықтары, сондай-ақ азот, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, патогенді микробтар, май, темір, бактериологиялық (БПК) және химиялық (ХПК) ластаушы заттар, мұнай өнімдері, СПАВ-тар; көптеген мик-роорганизмдері бар өндірістің органикалық қалдықтары;
-мал шаруашылығы кешенінің азықтық емес қалдықтары: ветеринарлық конфискаттар құнсыз өнімдер, сондай-ақ өлген мал.
Шаңтозаң шығарындыларымен ластаудың алдын алу үшін кәсіпорында шаңтозаң ұстайтын аппаратура орнатылатын болады, ол ауа желдеткіші ат-мосфераға шығарар алдындағы қолайсыз иістен тазалауды қамтамасыз етеді.
Органикалық қалдықтарды азайтуға органикалық қалдықтарды дұрыс сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату және қайтадан өңдеуді дұрыс ұйымдастыру, кәдеге жарату мен екінші өнім алудың заманауи әдістерін қолдану арқылы қол жеткізіледі.
ҚР-ның Заңы қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қор-шаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ре-сурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарын, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген бө-лiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де нор-мативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi:
1. адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қал-пына келтiру;
2. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұ-рақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының са-лауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу;
3. экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қа-уiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру;
4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезек-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу;
5. биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету;
6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;
7. мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ре-сурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ке-зіндегі өзара іс-қимылы, қызметінің үйлестірілуі, заңдылығы және жариялы-лығы;
8. шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері жағдайында өн-дірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттілігі;
9. қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкiндiгiн бағалау;
10. халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi түрде және де-мократиялық жолмен қатысуы;
11. халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге асырыла-ды.
Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:
1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсау-лығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жайкүйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың:
- Белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
- Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
-Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пи-кеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
-Қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйым-дарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
-Қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
-Кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам ден-саулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәр-тiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.
Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі
Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық ше-шiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зар-даптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде рәсiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi экологиялық са-раптама туралы заңдармен анықталады.
Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар;
1. Пайдалану үрдісiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құры-лыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру, тоқтатып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар:
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында бел-гiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптар-ды сақтауға;
Пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жа-рату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi.
2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жай-ларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы тө-тенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.
3. Пайдаланылу үрдісiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құ-рылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет.
