- •1.4 Ауру сипаттамасы
- •1.5 Ауруды балау
- •2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.2 Шаруашылыққа жалпы сипаттама
- •III Өзіндік зерттеу нәтижелері
- •Трихофитияның шаруашылықта таралу қарқыны
- •2 Шаруашылықта трихофитияны балау
- •Трихофитиямен ауырған бұзауларды емдеу
- •Шаруашылықта аурудың алдын алу үшін жасалған ветеринариялық-санитариялық іс- шаралар
- •IV Трихофитияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
- •VI Қоршаған ортаны қорғау
- •VII Қорытындылар мен ұсыныстар
Шаруашылықта аурудың алдын алу үшін жасалған ветеринариялық-санитариялық іс- шаралар
Шаруашылықтарда трихофитияның алдын алу мақсатында бейім жануарлады вакциндейді. Шаруашылық аурудан сау емес болып жарияланады, шектеу қойылады. Ауру жануарларды оқшаулап, ем жүргізіледі.
Ауру шығу қауіпін алдын алу үшін, бейім жануарлар 5 күн сайын тексеріледі.
Шектеу жүмысының талаптары:
-Шаруашылық территорясынан тек сау малдар ғана шығарылады және енгіледі
-Ауырған малдардың тұрақтарын, базаларды тазалау мен дезинфекция шаралары дүргізіледі, -Жануарлардың жасын және пайдалану бағытын ескере отырып, күтіп-бағу, ұстау мен азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтайды
-Жайылымдардағы ауру малдар сау малдарданбөлек жайылады;
-Ауру малдар тек ветеринарлық бөлімшеде емделіп, кейін ем шарасы жасалған орынды дезинфекциялайды
-Ем шаралары өткеннен кейін қалған тері қабаттары, жүн жамылғылары өтрттеледі, құрал- саймандар стерильденеді, ал малдарды өңдеген жерді дезинфекциялайды
-Қи биотермиялық өңделеді
-Қайта кезекті дезинфекцияны 10 күнде бір рет жүргізеді. Дезинфекциялау үшін ГАН ерітіндісі қолданды.
Ең алдымен аурудың алдын алу үшін ветеирнарлық істі ұйымдастыру шаралары ретке келтірілді. Ауру малды тіркеужурналына жазылып, барлы атқарылған ем шаралары толоығымен есепке алынып отырды.
Ауруға бейім малдарды клиникалық зерттеуден өткізіп, күмәндаңған жағдайдамикроскопиялық зерттеу жасалып отырды.
Барлық мал тұрақтары, крал- саймандар, базалар, бос болған бөлмелер, вет,бөлімше толығымен дезинфекция, дератизациядан өткізілді.
Ауру таратушы кеміргіштермен күресу қолға қатаң алынды. Ол үшін Зоокумарин препаратымен өңдеу жүргіздік.
Шаруашылыққа жаңадан енгізілетін малдардың барлығы 30 күн карантинде ұсталынды
Аурудан сау емес шаруашылықтармен қарым- қатынастарды шектедік
Барлық бейім мал иммундеуден өткізілді.
Шаруашылық жұмысшыларымен аурдын алдын алу және болдырмау үшін жасалатын сақтық шараларымен таныстыру лекциясын жүргіздік.
Шаруашылықта аурудың алдын алу үшін тек емдеп қана коймай, комплексті жұмыстар жасаған кезде ғана аурудан құтылуға мүмкіндік бар.
IV Трихофитияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
«SC FOOD» ЖШС-і Абердин- Ангус асыл тұқымды Ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Бұл тұқымның бұқалары- 900-1200кг дейін, сиырлары- 500-700 кг дейін болады, ал күнделікті салмақ қосуы- бұқашаларда- 1000-1200 г, ал тайыншаларда- 850-1100 г болып келеді.
Жануарлардың тірі салмақ қосуынан болған экономикалық шығынды есептеу формуласы;
Ш= А×(С2-С1)×Т×Б, мұнда:
С2-С1- сау және ауру малдың тәулігіне орташа салмақ қосуы
А- ауру мал саны
Т- ауру малды ұстаудың орташа тәулік саны
Б- еттің бағасы/ 1кг
Ауруға шалдыққан мал басы- 60. Сау малдың тәулігіне орташа салмақ қосуы- 800г, ауру малдың тәуліктік салмақ қосуы 600г. Ауырған малдың күтуі мен азытандыруы орташа есеппен 25 тәулік. Мраморлы еттің сауда рыногыда 1кг-ға бағасы шамамен 1700 тг.
Ш= 60×(0,800-0,600)×25×1700= 510000тг
Трихофития ауруын алдын алу, емдеу, сауықтандыру шараларын жүргізгенде алынған экономикалық тиімділікті есептеу формуласы;
Эв = А * Ка1 * Кж - Шв
А-трихофитияға қарсы иммундалған бұзаулар саны- 631 бас.
Ка1 - табындағы аурушандық коэффициенті- 0,1.
Кж - бір бас ауырған бұзауға есептегенде негізгі өнімнің жойылу коэффициенті- ≈75 кг.
Шв- нақты экономикалық шығын
Демек, экономикалық тиімділік- Эв = 631 * 0,1 * 75 – 0= 4732 тенге
Трихофития ауруын алдын алу, емдеу, сауықтандыру шараларын жүргізгенде алынған экономикалық тиімділікті 1 теңге шығынға келетін үлесін анықтау
Э= Эв : Шв = 4732 :25240 = 0,1 теңге
Шаруашылықты трихофитиядан сауықтыру ұшін шыққан экономикалық тиімділік- 4732 теңге құрды, ал 1 теңге шығынға келетін үлес 0,1 теңге.
Жұмыс барысында қолданған препараттарға келетін болсақ:
ЛТФ-130 препараты 400тг/ 10 доза, сонда бір бас бұзауға- есептесек 40тг/1 доза.
Шаруашылықта 631 бас бұзау бар, әр бұзау 2 мәрте егіледі, сонда 634*40*2=50 480 тг кетеді.
Вермет вакцинасы 210тг/10 доза, сонда бір бұзауға- 21 тг/1 доза. Әр бұзау екі мәрте егіледі.
631*21*2= 26502тг кетедді.
V Еңбек қорғау
Өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еңбек кодексі болуы керек. Осы кодекс бойынша өнеркәсіпте жұмыс жасайтын адамдар еңбек етеді. Еңбек кодексі бойынша коллективке және жекелеген адамдарға еңбек шарты жасалады.
Егер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шартқа қол қойылмаса еш-қандай кәсіпорын жұмыс жасамайды. Кәсіпорын администрациясы қауіп-сіздікті қамтамасыз етілуін, өндірістік травматизмнің болмауын, санитарлық - гигиеналық талаптардың сақталуын , жұмыскерлерге арнайы жұмыс киімнің киілуін қадағалап ескертуі керек.
Азаматтардың еңбек құқығы заңмен қатаң түрде сақталады. Аптасына жұмыс сағаты 45. Ер адамдар мен әйел адамдар салмақтары әртүрлі.
Жасөспірімдерге жұмыс жасау тиым салынады. Мұнда тек 18 жастан бастап жұмыс жасайды. Барлық жұмысшыларға 20 күннен артық отпуск бері-леді.
Өндірістегі еңбекті қорғау өнеркәсіп басшылығы мен бас инженердің басшылығымен жүргізіледі.
Еңбекті қорғау техникасының қауіпсіздік талаптары мыналар: өндірістік травматизм мен мүмкін болатын авариялық жағдайлар кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру; еңбекті қорғау және негізгі өндірістік, қосымша өнеркәсіп қызметтерінің жақсы деңгейін бақылау; еңбек қауіпсіздік коэффициентін орнату; өндіріс мәдениетін арттыру. Осындай шараларды шешу үшін қоғамдық ұйымдарда қоғамдық комиссия еңбек қауіпсіздігін қорғауға байланысты құрылады.
Еңбекті қорғау тәртібі мына құжаттармен реттеледі: еңбекті қорғау ту-ралы ережелер, құрылыс нормалары мен ережелері (СНИП) ; әлеуметтік - мемлекеттік өнеркәсіптің өндірістік ережелері; өнеркәсіпте жұмыс жасайтын және қызмет ететін адамдардың ішкі еңбек тәртібі; зауыттың , жергілікті ко-митеттің, адамдардың құқықтары туралы ережелер.
Жұмыс істеуші кәсіпорынның реконструкциясы кезінде еңбек жағдайын, санитарлық-тұрмыстық жағдайы және медициналық қызмет көрсету, өндірістік жарақаттанудың алдын-алу, сондай-ақ қосалқы қауіпті және зиянды факторлардың: физикалық, химиялық, биологиялық, психо-физиоло-гиялық алдын-алу жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жолға қойылуы тиіс.
Физикалық факторлардың ішінде ең маңыздысы өндірістік микро-кли-мат болып табылады. Олар температурамен, ылғалдылықпен, ауа қозғалысы-ның жылдамдығымен, жылулық сәулеленумен сипатталады.
Төмен температура жағдайындағы жұмыс организмнің маңызды жылу-алмасуымен және белсенді көмірсу алмасуымен байланысты. Бұл салқын тию ауруларының себептері бола алады. Бөлменің санитарлы жағдайын ескере отырып, жұмысшылардың жеке қауіпсіздігін қарастыру керек: арнайы киім, арнайы аяқ киім, ауа-жылулық сеппелер, сондай-ақ мұндай бөлмелерде еңбек пен демалу рационалды режимдері қарастырылуы тиіс.
Санитарлы-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету үшін демалу және қоғамдық тамақтану, сеппесу, сан-түйіндер, киініп-шешінетін бөлмелерді қалыптастырады.
Жұмысшыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін фи-зиотерапиялық және басқа да бөлмелер қарастырылуы тиіс.
Зиянды заттардың қауіптілігін алдын-алу үшін құрама вентиляциялар қолданылады. Ауаның табиғи алмасуы үшін терезелер орнатылады.
Жұмыс орнында көзбен атқарылатын жұмыстардың деңгейіне сәйкес өндірістік бөлмелерді гигиеналық рационалды жарықтандырудың маңызы зор.
Электр тоғының соғуының алдын-алу үшін қолданылады: тоқ өт-кізгіштердің бөлімдерінің қауіпсіз орналасуы, құрылғылардың төқ өткізбейтін бөлімдерінде кернеудің пайда болғанда айырып тастау, жұмыс орнының изоляциялануы, жұмысшыларды электротехникалық қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандыру.
Химиялық улы және зиянды заттардын қорғануда мынадай әрекеттер жүргізіледі: өте улы заттарды төмен улы заттармен алмастыру, автоматты сигнализация, өндірістік бөлмелердегі ауа жағдайын жүйелі түрде бақылау, натрий нитритінің шығынын бақылау.
Қауіпсіз еңбек жағдайы және азаматтық қорғаныспен қамсыздандыру нормативтері арнайы инструкцияларда көрсетіледі.
Өрттің пайда болуына әртүрлі жағдайлар себептер болуы мүмкін. Олардың көпшілігі отпен сақсыз жұмыс істеу, тыйым салынған жерлерде шылым шегу, электр тоғының ұшқыны, жылыту құрылғыларының, электр-құрылғыларының, жарықтандырудың дұрыс орнатылмауы және істен шығуы. Өрттің себебі жарылыс, найзағай разрядтары, өзіндік қызу, күн сәулесі болуы мүмкін.
Қоғамдық тамақтану цехтерінде, оның ауданында және қоймаларындабарлық бөлмелерде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс.
Желдету құрылғылары жарылғыш және жанғыш заттарды шығарады, сол арқылы кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігін төмендетеді. Бірақ дұрыс орналастыр-мау және тасымалдау техникасының ережелерін бұзу өрт шығудың себебі бо-луы мүмкін.
Желдету құрылғыларын тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтау қажет: камералар мен ауа өткіштерді уақытылы тазалау, шаңсорғыш желдеткіштерінің жұмысын тексеру, ауа өткіштердің сыртқы бө-лігін, төбесін, қабырғасын тазалау.
Өрт шыққан жағдайда алдымен өрт сөндіргіштерге хабарлау қажет. Ол үшін сыртқы дабылды - телефон байланысы немесе электрлік өрт дабылын пайдаланады.
Өрт машиналары келгенше өрт шыққан кезде әрбір кәсіпорында болуы тиіс өрт сөндіру құралдарын қолданады: құм, су құйылған шелек (қызыл түске боялған өрт шелектері көрінетін жерде, кронштейнде ілулі болуы тиіс) гидропульттер және өрт сөндіргіштер.
Өрт кезінде материалдық құндылықтар мен адамдар эвакуациясының реті бөлмелер есігі мен эвакуация жолдарының мөлшері мен санына байланысты. Баспалар мен шығу есіктері сыртқа ашылуы тиіс. Сыртқы баспаға шығатын терезеде тор немесе кілт болмауы тиіс. Мұндай терезелердің жақтауы қызыл түске боялып, «Сыртқы баспаға шығу жолы» деген жазу болуы тиіс.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиын-тығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. Алғашқы нұс-қаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру. Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың кауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Мал мен тікелей жұмыс іс-тейтін адамдарды жеке бастың гигиснасымен таныстырады.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.
Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруа-шылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен лас-тануы, бүлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың ден-саулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оп-тимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Химиялық дезинфсктанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмыс-шыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитариялық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветери-нариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберіл-мейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сүтті ішуге ты-йым салынады.
Қызмет көрсетушілер ауру малды куту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмыс-шылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 % сілтілі ерітіндіге немесс 2 % сода ертіндісіне салып кояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.
Қызмет көрсетушілер толык медициналық тексеруден өткен сон ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет-профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен тубер-кулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы іш құрт (гельминт) та-сымалдауға тексеріледі.
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизатор-лар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дез-қондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және кауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респира-тор немесе противогаз) киеді.
Дезертінділермен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды.
Дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора-жайлардың есіктеріне «кіруге болмайды» деген ескертпе жа-зулар ілінеді.
Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желде-тіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рұқсат етіледі.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен саннитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кі-тапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, ин-фекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егу-лер туралы жазылады.
Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ ауру-лармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен ті-келей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қо-ғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауiп-сiздiгiн қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн белгiлейдi.
Жалпы ережелер
1-бап. Heгiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
- өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өн-дiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөнiндегi қызмет;
- еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
- еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндi-рiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi қауiпсiздiк нор-маларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;
- өндiрiстiк жабдықтың қауiпсiздiгi - өндiрiстiк жабдықтың өз функция-ларын орындауы кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжатта-масында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
- өндiрiстiк процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң та-лаптарына сәйкестiгi;
- зиянды өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
- зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстiк фак-торлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қор-ғау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құ-қықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заң-дағыдан өзгеше ережелер белгiлeнce, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдiктер мен аза-маттығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бәрi орындауы мiндеттi.
3. Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау деңгейiнен төмен болмауға тиiс.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
4-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқа-руды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкi-леттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ өнеркәсiп қауiпсiз-дiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен өзге де уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
5-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары
- Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк стандарттарды, ережелердi, нормаларды әзiрлеу мен қабылдауға;
- еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге;
- еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды әзiрлеу мен жақсарту, қауiпсiз техника мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйесiн құруға және iске асыруға;
- еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мониторингтi жү-зеге асыруға;
- еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргiзуге;
- өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге.
Еңбекті қорғау техникасыныңқауіпсіздік талаптары мыналар: өндірістік травматизм мен мүмкін болатын авариялық жағдайлар кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру ; еңбекті қорғау және негізгі өндірістік, қосымша өнеркәсіп қызметтерінің жақсы деңгейін бақылау; еңбек қауіпсіздік коэффициентін орнату; өндіріс мәдениетін арттыру. Осындай шараларды шешу үшін қоғамдық ұйымдарда қоғамдық комиссия еңбек қауіпсіздігін қорғауға байланысты құрылады.
Жұмыс істеуші кәсіпорынның реконструкциясы кезінде еңбек жағдайын, санитарлық-тұрмыстық жағдайы және медициналық қызмет көрсету, өндірістік жарақаттанудың алдын-алу, сондай-ақ қосалқы қауіпті және зиянды факторлардың: физикалық, химиялық, биологиялық, психо-физио-логиялық алдын-алу жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жолға қойылуы тиіс.
