Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать
  1. 2 Шаруашылықта трихофитияны балау

Шаруашылықта аурудың қарқынын бәсеңдетіп, таралуына жол бермеу үшін індетке қарсы шараларды уақытылы әрі сапалы түрде орындау керек. Сол себепті ең алдымен ауруға нақты диагноз қою өте маңызды.

Шаруашылық орналасқан Азат ауылыныңде ауруға індеттік ағдайын назарға алу қажет, яғни ауруды балау кезінде, ауыл малдарының ауруға шалдыққаны да негіз бола алады. Жұмыс барысында ауруға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, ветеринарлық- санитариялық іс шаралар актілеріне, ауруға арсы іс- шараларды ұйымдастыру дәрежесіне сүйене отырып, клиникалық зерттеу, лабороториялық зерттеулер нәтижелеріне қарай қойылды. Сонымен қатар малдарда ауруға тән нақты клиникалық белгілер болуы негіз болды.

Трихофитияны микроспориядан, қышыма қотырдан, экземадан, жұқпайтын дерматиттен және в авитаминозынан ажырату керек.

Микроскопияны патматериалдарды алып, университет қабырғасында жасаған болатынмын. Ол үшін зерттелетін патматериалды (жүн жамылғысынан қиынды немесе жара бетінің қырындысы) Петри табақшасына салып, күйдіргіш натрийдің 10-20 % ерітіндісіне қосып, 20-30 мин бойы теромостатта ұстадым. Төсеніш шыныға жағылған материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш обьектив арқылы қарадым.(нәтижесі 4- кестеде көрсетілген)

Трихофитон споралары микроспорумнан ірі келеді және тізбектеліп орналасады.

Люминисценттік микроскоппен қарағанда микроспорум саңырауқұлақпен зақымданған жүн талшығы ашық жасыл түсті сәуле шығарды, ал трихофития кезінде мұндай құбылыс байқалмады.

Қышыма қотыр кезінде терінің зақымдануы басқаша болады, микроскопия кезінде қышыма кенесі көрінеді.

Экзема мен дерматит кезінде трихофитиядағы орны шектелген дақ байқалмайды және жүннің талшықтары қырқылмайды.

Табиғи жағдайда трихофития қоздырушысы жануар организміне зақымданған тері арқылы енеді. Бұзаулар созылмалы түрде ауырады.

Шаруашылықта аурудың шектік кезеңі жаз мезгілдерінде болады, ал қыс мезгілінде ауру қарқыны бәсеңдейді, себебі малдар баздарға қыстауғаәкелінеді. Баздар жабық әрі тар емес, еркін жүруге қолайды, бұзаулар қысылып-тарылып тұрмайды, бі- бірімен жанасу аз. Суды орталықтандырылған, таза (фильтрлі) су науаларынан ішеді. Арнайы дайындалған азықпен қоректенеді, сонымен қатар базалар дезинфекция, дезинсекция және дератизациядан өтеді.

    1. Трихофитиямен ауырған бұзауларды емдеу

Шаруашылықта трихофитияны емдеу үшін көмплексті жұмытар атқару қажет. Яғни тек бір препаратпен ғана ем жұргізбей, дауалау шаралары, дезинфекция, дезинскция, дератизация жұмыстары, бұзауларды витаминдеу, сапалы азықтандыру т.с.с шараларды қолға алу. Шаруашылықты аурудан сауықтыру үшін жыл сайын жаңа туған бұзауларды вакциндеу қажет. КСРО кезінде трихофитияны емдеу және малдары иммудеу мақсатыда ғалымдар әлемде ең алғаш вакцина және вакцидеуді жүргізу схемасы құрастырылды.

Қазіргі таңда трихофитияны емдеу және малдарды иммундеу мақсатымен тірі вакциналар шығарылады. Дипломдық жұмысты орындау кезінде ЛТФ-130 вакцинасы және Вермет вакцинасы қолданылды.

Сонымен қатар сыртқы жарақаттарды өңдеу үшін ұсынылатын препараттар:

-10% салицил қышқылы ерітіндісі және 5% йод тұнбасы (1:1 қатынаста)

-Антисептик-стимулятор Дороговтың АСД 3- фракциясы

- 5-10% салицил жақпамайы

- «ЯМ» жақпамайы

-«АКАМИКСАН» жақпамайы

- 5-10% формальдегид ерітіндісімен бүрку және жүн жамылғысын тарау.

Жаңа туған бұзауларға «Витам» минералды- витаминді комплексі қолданылды.

Ауруға шаруашылықта негізінен 1-5 айлық бұзаулар шалдыққан. Қолданылған ЛТФ-130 және Вермет вакциналарының тиімділігін анықтау үшін дипломдық жұмыс онындауға арнайы бақылау топтары құрылды. Бұл үшін 14 бұзау 2 топқа бөлінді.

  1. Топ ЛТФ-130 вакцинасымен+ ЯМ жақпамаймен өңделді

  2. Топ Вермет вакцинасымен+ ЯМ жақпамаймен өңделді

Сурет 5. Ем шараларына дайындалу.

  • ЛТФ-130 ІҚМ трихофитиясын емдеу және алдын алу үшін қолданатын вакцина. Еккеннен кейін 30 тәулік ішінде спецификалық иммунитет қалыптастырады. Ұзақтығы- 7 жылдан кем емес. Препарат сонымен қатар емдік шарада қолданылады, ол үшін дозасын 2 есе арттырамыз . Қолданар алдындапрепаратты 1:5 қатынаста еріткішпен (физ. ерітінді, кайнаған жылы су )

Кесте 5. Мүйізді ірі қара малдардың трихофитиясына терапиялық және профилактикалық мақсатта «ЛТФ-130» вакцинасы қолдану

Бұзаулардың жасы

Доза

1айдан 4 айға дейін

5 мл

5 айдан 8 айға дейін

8 мл

8 айдан жоғары

10 мл

Сурет 6. ЛТФ-130 вакцинасы

  • Вакцина «Вермет» Жануарлар дематофитозына қарсы лиофилизирленген тірі вакцина(5- сурет).

Егілген жануарларда екінші ретте еккенен кейін 25-30 тәулікте жануарда иммунитет пайда болады. Ұзақтығы 12 айдан кем емес. ІҚМ, түйе және қойларға арасына 14 күн салып екі мәрте егеді.

Кесте 7. «Вермет» вакцинасын қолану мөлшері

Жануардың жасы

Профилактикалық мөлшері, мл

Емдік мөлшері, мл

1айдан 4айға дейінгі бұзаулар

1,0

2,0

4 ай және одан жоғары бұзаулар

2,0

4,0

Сурет 7. Вермет вакцинасы

  • Ям жақпа майы. Фунгицидты-бактерицидтік препарат(5- сурет). Тері ауруларына қарсы (трихофития, дерматит, қышыма т.с.с). Жақпа майды зақымдалған жерге және жара айналасынан 2-4 см жерге шығарып жағады. Қабыршақтардың түсуіне дейін күніне 1-2 рет жағып отырады. Әдетте жаға бастаған күннен 7-70 күнде қабыршақтар түсіп, жаңа түктің шыға бастағанын байқауға болады. Қабыршақтадыңқайтабайда бола бастағанын байқасақ ем қайталанады.

Сурет 8. Ям жақпамайы

Дипломдық жұмысты орындау барысында мен 3 ай мен 8 ай арасындағы ауруға шалдықан 21 бас бұзауды 3- топқа бөліп, бақылау және емдеу жұмыстарын жүргіздім. Вакциндеу екі мәрте, арасына 15 күн салынып жүргізілді. Нәтижесі 7- кестеде белгіленген.

Вакциндеуге дене температурасы жоғары малдар, буаз сиырлар жіберілмейді.

Сурет 9. Бұзауларды ЛТФ-130 вакцинасымен егу

Кесте 7. 1- топта жүргізілген шаралар және нәтижесі :

Идент.номер

Жасы

Тене температурасы (орташа)

Вакцина түрі, дозасы

Нәтижесі

1

334

5 ай

38,8±0,5

ЛТФ-130, 15мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Ауру бұзауда екінші еккеннен кейін зақымдалған жерлерінде қабыршақ пайда болып, 18 тәуліктен кейін қабыршақтар түсе бастады. 28 тәуліктен барлық қабыршақардың түсіп, жаңа түктің шыға бастағаны байқалды. Қышыну белгілері байқалмайды.

2

256

4 ай

38,3±0,5

ЛТФ-130, 10 мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Бұзауда қабыршақарының қатпарланып, түсе басталуы екінші еккеннен кейін 15- тәулікте байқалды. Бұзау 27- тулікте бақылауданалынды.

3

224

7 ай

39,1±0,5

ЛТФ-130, 15 мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Зақымдалған ошақарында терінің қабыршақтарды түіріп тастауы 19-тәуліктен байқалды.

Толығымен 30 тәулікте түскені байқалды.

4

428

5 ай

38,9±0,5

ЛТФ-130, 15 мл

Ауру ошақатры екінші еккенен кейін 15- тәуләкте қабыршақтардың түсіуі байқалды. 27- тулікте бақылаудан алынды.

5

445

5 ай

38,3±0,5

ЛТФ-130, 15 мл

Бұзауда ауру ошақтары 25 тәулікке дейін түспеді. Зақымдалған жерлері қатпарланып, қышына берді (3- мәрте өңделуге тура келді). 43 күнде тері жаңарып, түктердің осе басталуы байқалды.

6

264

6 ай

38,5±0,5

ЛТФ-130, 15 мл

Терінің зақымдалған аумақтары кетіп, қабыршақтар 2-өңдеуден кейін 18- тәуліктен кейін қабыршақтар түсе бастады. Қышыну белгілері бәсеңдеді. Зақымдалулар 27 тәулікте кеткені көрінді.

7

421

6 ай

39,0±0,5

ЛТФ-130, 15 мл

Теріде қабыршақтар азайып, 20- тәуліктен қабықшалардың түсе бастағаны байқалды,37- тәулікте қабыршақтар түскен ошақтарда жаңа түк өсе бастағаны байқалды.

ЛТФ- 130 вакцинасымен өңделген бұзаулар 3 ай уақытында бақылауда болды. Вакцинаны арасына 15 тәулік салып 2 мәрте ектім. Емделу қарқыны 100%- ды құрады. Вакцина еккеннен кейін шамамен 20-25 күнде зақымдалу ошақтары қабыршақтанып, түсе бастады. Вакцинамен қоса ЯМ жақпа майы қолданды, сонымен қатар Дороговтың АСД 3- фракциясымен сыртқы жарақаттар өңделді. Витаминді терапия тағайындалды. ЛТФ- 130 вакцинасы егілген бұзауларда ауруға 7- жылдам кем емес спецификалық иммунитет қалыптасады.

Орташа алғанда бұзаулардың зақымдалған ошақтары 2 мәрте еккеннен соң ≈18-19 тәулікте қабыршақтанып, қатая бастады.

Ал қабыршақтар екінші еккеннен кейін ≈31 тәулікте түсе бастады

Сурет 10. Вермет вакцинасын егу

Кесте 8. 2-топта жүргізілген шаралар мен нәтижесі:

Идент.номер

Жасы

Тене температурасы (орташа)

Вакцина түрі, дозасы

Нәтижесі

1

337

4 ай

38,9±0,5

Вермет, 4мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Ауру бұзауда екінші еккеннен кейін зақымдалған жерлерінде қабыршақ пайда болып, 27 тәулікте қабыршақтартүсе бастады. 39 тәуліктен барлық қабыршақардың түсіп, жаңа түктің шыға бастағаны байқалды. Қышыну белгілері байқалмайды.

2

471

4 ай

38,7±0,5

Вермет, 4мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Бұзауда қабыршақарының қатпарлануы екінші еккеннен кейін 15- тәулікте, қатпардың түсе басталуы 23 тәулікте байқалды.

3

287

6 ай

38,5±0,5

Вермет, 4мл

Вакцинамен бірге Ям жақпа майы қолданды. Зақымдалған ошақарында терінің қабыршақтануы 19 тәуліке, түсіріп тастауы 27-тәуліктен байқалды.

4

289

7 ай

38,7±0,5

Вермет, 4мл

Ауру ошақатры екінші еккенен кейін 15- тәуләкте қабыршақтардың пайда болуы байқалды. 27- тәулікте қабыршақтар түсе бастады.

5

411

6 ай

39,1±0,5

Вермет, 4мл

Зақымдалған жерлері 17 тәулікте қатпарлана бастап, қышынып, 33 тәулікте қабыршақтар түсе бастады.

6

314

5 ай

38,7±0,5

Вермет, 4мл

Терінің зақымдалған жері 19 тәулікте қабыршақтанып, қабыршақтар 32- тәуліктен кейін қабыршақтар түсе бастады. Қышыну белгілері бәсеңдеді.

7

387

6 ай

38,5±0,5

Вермет, 4мл

Кінші мәрте еккеннен кейін 25- тәуліктен қабықшалардың түсе бастағаны байқалды, 38 тәулікте қабыршақтар толық түсіп, жаңа жн жамылғысының осе бастағаны байқалды.

Вермет вакцинасымен өңделген бұзаулар 3 ай уақытында бақылауда болды. Вакцинаны арасына 15 тәулік салып 2 мәрте ектім. Емделу қарқыны 100%- ды құрады. Вакцина екінші мәрте еккеннен кейін шамамен 20-30 күнде зақымдалу ошақтары қабыршақтанып, түсе бастады. Вакцинамен қоса ЯМ жақпа майы қолданды, сонымен қатар Дороговтың АСД 3- фракциясымен сыртқы жарақаттар өңделді. Витаминді терапия тағайындалды. ЛТФ- 130 вакцинасы егілген бұзауларда ауруға 12 айдан кем емес спецификалық иммунитет қалыптасады.

Орташа алғанда бұзаулардың зақымдалған ошақтары 2 мәрте еккеннен соң ≈19-20 тәулікте қабыршақтанып, қатая бастады.

Ал қабыршақтар екінші еккеннен кейін ≈31 тәулікте түсе бастап, зақымдану орнында жаңа жүн қабаты өсе бастағанын байқауға болады

Сурет 11. Бұзау денесіндегі ауру ошағында қабыршақтардың түскеннен кейінгі көрінісі

Сурет 12. Зақымдалған ошақтардың қабыршақталуы уақытының салыстырмалы көрсеткіші

Сурет 13. Зақымдалған ошақтарда қабыршақтардың түсе бастауы уақытының салыстырмалы көрсеткіші

Сурет 14. Препараттарды салыстырмалы бағалау