Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

III Өзіндік зерттеу нәтижелері

    1. Трихофитияның шаруашылықта таралу қарқыны

Трихофития ауруы Қазақстан Республикасы бойынша өте кең таралған індеттік аурулардың бірі болып келеді. Сол себепті ол ауыл шаруашылық экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді. Мал дәрігерлерінің басты міндеті- аурудың таралуына жол бермеу және уақытылы профилактикалқ іс шараларды орындап отыру.

Дипломдық жұмыс барысы өндірістік тәжірбиеден өту кезінде орындады. Тәжірбие Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылында орналасқан «SC FOOD» ЖШС-де өтті. Аймақ негізінен трихофитияға қолайсыз болып келеді. Шаруашылықтың малдары бөлек жайылғанымен, ауыл малдарымен жанасуы әбдем мүмкін. Инфекция көзі- ауырып сауыққан мал болып келеді, сонымен қатар ауру алиментарлық жолмен, кеміргіштер арқылы, ауру малмен жанасу болса, сонымен қатар аурудың таралу себебіне малды дұрыс бағып күтпеу, уақытылы дезинфекция жұмыстарын орындамау, лас қора- жайлар сияқты түрлі аспекттер болады.

Ауруға негізінен жас малдар шалдығады. Шаруашылықта кең мөлшерде бұзаулар шалықса, өта аз ересек малар шалдыққан. Шаруашылық негізінен жас малдарды сату жұмыстарымен айналысады, жаңа туған төлдерді шамамен 6- 8 ай жасқа дейін өсіріп, етті бағыттағы ІҚМ болғандықтан, қажетті салмақты жинап, қоңдылығы жоғары, сау малдарды сатуға жібереді. Сол себепті мал дәрігерлері жас малдардың және төл ауруларын болдырмау үшін үлкен жұмыстар жасайды. Шаруашылықта 2400- астам мал басы бар, алжұмыс атқаратын жалғыз мал дәрігері болғандықтан, трихофитияның таралуын толықтай тоқтатуға қарқы жетпейді. Ауру кеміргіштер арқылы, алиментарлық жолмен де, тіпті инвазиялық кенелер арқылы да ауруға шалдығуы әбден мүмкін.

Бұзаутаз ауруы жылдың кез келген мезгілінде, әсіресе жаз, күз айларында жиі кездеседі. Аурудың жұғуына азық құнарлығының нашарлығы, күтіп- бағу нашарлығы, температуралық ауытқулар, витаминдер жетіспеушілігі т.с.с әсерлер жануардың резистенттілігіне кері әсер тигізеді.

Шаруашылықта қазіргі таңда 2000 жуық мал ұсталады, дипломдық жұмыс орындалған уақытта ауруға негізінен бұзаулар шалдыққан, барлық мал санынан 1% жуығы ауырады. Жылына екі рет, екі топқа бөлінген малдарға қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Олардың бір тобы коктемде толдейді. Жұмыс орындалған кезде малдар енді төлдеп көктем- жаз мезгілінде жайылымдарға шығарылды. Негізінен жайылым жағдайында ауруға шалдығу қарқыны жоғары болатынын байқадым. Себебі баздар жағдайында мал үнемі бақылауда, қоршауда жүреді, жылына 2 рет дезинфекция жүргізілсе, жайылым жағдайнда мал ондай бақылауда болмайды, мал көбіне еркін жүреді, табиғи су қоймаларынан су ішіп, азықтанады, жайылымдар арасы бірнеше шақырым болғандықтан, негізінен малшылардың қарамағында ғана болады. Аурудың қарқынын анықтау үшін жүргізілген бақылау, індеттік жағдайға талдау жасау кезінде шаруашылықта ауру қарқыны коктем- жаз айларында ауырып және күздің басында бәсендейтінің анықтадық. Ол үшін 2015-2016 жж аралығында барлық індетке қарсы шаралар қарастырылып, дерматомикоздрға қарсы жүргізілен профилактикаолық жұмыстарға талау жасалды, сонымен қатар барлық иммундеу жұмыстардың, микроспориялық зерттеулер нәтижелері, мал дәрігерінің тіркеу журналдары, актілер назарға алынды. Шаруашылықта негізінен аурудың пайда болуына басты себеп- уақытылы жасалмаған дауалау шаралары, жайылым жағдайында малға дұрс күтім жасамау, ауырған малға уақытылы ем шараларын жасап, оқшауламау, зоогигиналық талаптардың дұрыс орындалмауы болып келеді деп ойлаймын.

Сурет 3. Трихофитияға шалдыққан бұзаудың жарақаттану ошағы.

Дипломдық жұмысты орындау барысында шаруашылықта 2015-2016 жылы туған бұзауларға микроспориялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Кесте 4. Триофитияны анықтау үшін жүргізілген микроскопиялық зерттеу нәтижесі

Жыл

Микроскопиялық әдіс

Барлық бұзау саны

Зерттелінген

бұзау саны

Трихофития қоздырушысы бөлініп алынды

Ауруға шалдығу көрсеткіші (%)

1

2015

наурыз

680

45

11

24,4

2

2016

шілде

631

187

60

32

3

2017

наурыз

633

220

32

15

Зерттеу жұмыстары 2015 жылғы оқу-тәжірбиелік машықану кезінде тесттік түрде жүргізілген болатын. Ал 2016 жылғы өндірістік машықтану кезінде ауру қарыны жоғарылағаны анықталды. Яғни, аурудың жаз мзгілдерінде өршейтінін анықтауға болады.

Трихофитиямен ауырған бұзаулардың терісінде үлкен- кіші зақымдалған ошақтар пайда болады, қатпарланады, жүн жамылғысы оңай түсе бастайды, ауру асқына бастағанда кабыршақтар қатпарланып, кеуіп кетеді, кейіннен жарыла бастайды. Қатпаршалар түссе тері жамылғысы қызарғанын анық көруге болады. Ол зақымдалған жерлер қышына бастайды.

Жануардың жалпы жағдайы нашарлайды, тәбеті төмендеп, азықтан бас тартады, қоңдылығы азаяды, жас төлдер арықтап, өспей, өлімге дейін ұшырауы кездеседі.

Аурудың өту қарқынына байланысты үстіріт, терең (фолликулярлық), өшкін (кәдімгі емес) түрлері ажыратылады.

Үлкен малдарда жиі үстірт және өшкін түрлері болса, ал бұзауда фоликулалық түрі кездеседі.

Ауру ұзаққа созылып (2 айдан артық), жазылған жердің орнында тыртық пайда болуы мүмкін. Жас малдар ауырған кезде қатты жүдеп өспей қалады.

«SC FOOD» ЖШС-де індет қарқыны қалыпты жағдайда болып келеді, 2015-2016 жж аралығында аурудың аса өршуі де, немесе бәсеңдеуі де болған жоқ. Бұның барлығы рихофитияға қарсы жүргізілген дауалау, ветеринарлық-санитарлық шаралардың дұрыс және сапалы өткізілмеу салдарынан болады деп ойлаймын.

Сурет 4. Шаруашылықта бұзаулардың ауруға шалдығу қарқыны

Індеттік талдау жүргізген кезде бұзаутаздың кеміргіштер арқылы таралуы белгілі болды. Негізінен кеміргізштер әсерінен трихофития осы аймақта табиғи ошақты ауруға жатады. Қоздырушылар түскен жерінде бірнеше айға дейін сақталып, малдар мен адамдаға ауру таратушы болады.

«SC FOOD» ЖШС территориясында трихофития ауруы бұзаулар арасында тұрақты қайталанып шыға беруі, оның қоздырушысының сыртқы ортада ұзақ сақталғандығын және маңайында ауру жануарлардың болуына дәлел болып отыр.