Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

Дипломдық жұмытың тәжірбиелік барысы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылында оналасқан «SC FOOD» ЖШС-де өтті.

Зерттеу материалдарына ауырған бұзаулар, сау бұзаулар, ауру малдың зақымдалған тері қабаттары, бөлінген экссудаттар, жұн қабаты, қырындылар алынды. Сонымен қатар дәрілік препараттар, спирт, глицерин, инелер, йод, петри табақшасы, микроскоп, әдістемелік нұсқаулықтар қолданылды.

Ауыл шаруашылығында трихофитияны зерттеу үшін клиникасына аса назар аударады, сонымен қатар зертханалық зерттеулер кезінде қоздырушыларды анықтап, басқа дерматомикоздардан балау жүргізеді. Бұзаутаз созылмады жұқпалы ауруларға жатады, негізінен ауыл шаруашылық малдар жиі ауырады, әсіресе бұзаулар ( қазақта- бұзаутаз аталуы соған кепіл). Трихофитияның адамға да жұғуы сирек емес, сол себепті ауруды уақытылы балап, ем жұргізу маңызды болып келеді.

2.2 Шаруашылыққа жалпы сипаттама

Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылында орналасқан «SC FOOD» ЖШС-і Астана қаласынан -145км, Ақкөл қаласынан-45км, ал Степногорск қаласынан- 40 км қашықтықта орналасқан.

Шаруашылық негізі 2008 жылы «Корпорация Строй –Контракт» холдингінің аграрлық бағында Жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізінде құрылған. Астана қаласынан 145 км қашықтықта орналасқан. Абердин- Ангус тұқымды ет бағыттағы ІҚМ ұсталынады.

2400 бас малды ұстауға арналған арнайы базалармен қамтамасыз етілген. 2009 жылы үкіметтен 120 миллиард көлемде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін несие алынған соң, щаруашылықтың негізгі бағыты анықталды. Қазақстан Республикасында етті бағытты ІҚМ өсіру үшін, малды ұстаудың 3 технологиясы біріктірілді.

  1. Малды байламай еркін ұстау

  2. Үшжақты қора-жайда(базалар) ұстау ( қора- жайлар үш жағынан қоршалып, алдыңғы қақпасы еркін кіріп- шығу үшін ашық)

  3. Әр қора- жайдың аумағы қоршауға алынып, ішінде малдар емін- еркін жүреді

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының климаттық ерекшелігіне байланысты малдарды жазғы уақытта жайылымдарда бағып ұстау қолайлы. Шаруашылықты орналастыру жерін таңдаған кезде, барлық факторлар негізге алынды, соның ішінде аумағының кеңдігі, эпизоотологиялық жағдайы, Астана қаласынан қашықтығы және т.с.с.

Шаруашылыққа алынар малдың тұқымы да мұқият таңдалды. Малдардың төзімділігі мен ҚР Солтүстік аймағының климаттық жағдайына байланысты Абердин- Ангус тұқымды ІҚМ таңдалды. Бұл тұқымның бұқалары- 900-1200кг дейін, сиырлары- 500-700 кг дейін болады, ал күнделікті салмақ қосуы- бұқашаларда- 1000-1200 г, ал тайыншаларда- 850-1100 г болып келеді.

Сурет 1. Шаруашылық кешені

2011 жыл 11 қазан күні Австралиядан 404 бас 7-9 айлық Ангус тұқымды ұрғашы тайшалар Астана қаласына әкелініп, содан соң шаруашылыққа жеткізілді. Кейін қараша- желтоқсан айларында АҚШ-тан тағы 569 ұрықтанған тайшалар мен 49 өндіруші бұқалар әкелініп, ал 2012 жылы көктемде 540 бас бұзау алынды. 2012 жылдың мамыр айында Канададан 12-14 айлық ұрғашы мал партиясы жеткізілді.Қазіргі таңда шаруашылықта жалпы 2260 бас мал бар. (1- кесте)

Кесте 1. Шаруашылықтағы мал басының көрсеткіші

Мал топтары

Мал басы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Сиырлар

1006

1045

1014

Тайыншалар

349

327

382

Бұқалар

35

35

39

Туылған бұзаулар

681

680

631

Бордақылаудағы малдар

275

291

194

Барлығы

2346

2378

2260

Шаруашылықтың мақсаты

  • Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын дамыту

  • Сапалы әрі мол өнім алу

  • Қазақстан Республикасының экспорттық жағдайын жақсарту, шет елдерге сапалы өнім шығару

Шаруашылықта жұмыс күші өте тиімді пайдаланады, арнайы малды ұстау технологиясының арқасында көп жұмыскерлерді қажет етпейді, яғни, барлығы дерлік автоматтандырылған. Жұмыс уақыты 8.00- 17.00.

Шаруашылықта мал дәрігерлік қызметті Белихин В. В атқарады, жылдық ветеринарлық-санитарлық сақтық шараларын Азат ауылының бас ветеринарлық инспекторы Смыков Қазыбек атқарады, көмекшісі Рахимжанов Данияр. Сонымен қатар бас зоотехник Фомин А. В жұмыс жасайды. Малдарға 15 астам малшлар жазғы жайылымді қарайды.

Жазғы жайылымдар қажетті механикалық станок және расколмен қамтамасыз етілген.

Шаруашылық территориясында ветеринарлық бөлімше, және екі дәріхана бар. Дәріханалар барлық қажетті медикаменттермен толық жабдықталған, құлыпта тұрады.

Шаруашылық аумағының көлемі, жаз айларында малды жайылымға шығарып бағуға өте қолайлы, жайылымда мал дала өсімдіктерімен қоректенеді. Табиғи су қорларында суалады. Қыс айларында арнайы азық қорымен қоректенеді, жаз бойы пішен мен пішендеме дайындалады. Суару автоматтандырылған американдық технологиямен дайындалған суалтқыштармен жүргізіледі.

Аймақта жаз айлары жылы келгенімен, қыс айлары салқын. Қыс мезгілі 4-5 айға созылады. Оның 35-48%-ті боранды күнге кетеді. Қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары салқын болып келеді. Кейде қыс айларында күннің кенеттен жылуы, ал жаз айларында күннің салқындауы байқалады. Жылдың салқын мезгілінде солтүстік және солтүстік батыстан жел соғады.

Жем шөптің осуі негізінен жазғы жауын шашынға тікелей байланысты. Жылдық жауын-шышын мөлшері 224-280 мм. Жаз айларында көбінесе нөсер жаңбыр болып жауады. Кей кездері ұзақ, ақ жаңбырлар болады.

Сурет 2. Жауын- шашынның жылдық ауытқуы

Елді менкеннің климаты, шаруашылықты нақты осы аймақта салудың негізгі себепкері болды десем қателеспеймін деп ойлаймын, себебі Абердин- Агус тұқымды ірі қара малды ұстауға қолайлы климат таңдалды. Кыс мезгілі қарлы, суық болып келсе, жаз мезгілі аса ыстық емес, ал осы тұқымды ІҚМ- осы жағдайға бейім болып келеді.

Кесте 3. Шаруа қожалығының техникамен қамтамасыз етілуі

Техника атауы

Саны

1

МТЗ-80 Беларус

4

2

Газ-53

1

3

Макдон

1

4

Погрузщик

1

5

Трактор тіркемесі

2

6

Уаз-452

1

7

Камаз

2