Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

1.5 Ауруды балау

Т. Сайдулдиннің дерегі [1] бойынша балау үшін клиникалық белгілері негізге алынады. Сонымен қатар, індеттанулық деректер де ескеріледі. Дүдәмал жағдайда микроскопия жасалынады. Қажет болғанда арнаулы ортаға сеуіп, өсін алып, микологиялық зерттеулер жүргізеді. Зертханада зерттеу үшін материалды зақымданған теріден,ем қолданылмаған қабыршақтанған телімнің шетінен алады.

Микроскопияны шаруашылықтың өзінде-ақ жүргізуге болады. Ол үшін зерттелетін қылшықты немесе қабыршақты Петри тостағаншасына салып, күйдіргіш натрийдің 10-20% ерітіндісіне шылап, 20-30 мин бойы термостатта ұстайды немесе сәл жалынға қыздырады. Төсеніш шыныға орналастырылған материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш обеъктив арқылы қарайды.

Ажыратып балау. Трихофитияны микроспориядан, қышыма - қотырдан, экземадан, жұқпайтын дерматиттен ажырату керек. Ол үшін клиникалық, індеттанулық деректер пайдалынады, микроскопиялық зерттеудің нәтижесі негізге алынады. Трихофитонның споралары микроспорумға қарағанда ірірек болады және тізбектеніп орналасады. Люминисценттік микроскоппен қарағанда микроспорум саңырауқұлақпен зақымданған жүн талшығы ашық жасыл түсті сәуле шығарады, ал трихофития кезінде мұндай құбылыс байқалмайды.

Қышыма қотыр кезінде терінің зақымдануы басқаша болады, микроскопия кезінде қышыма кенесі көрінеді. Экзема мен дерматит кезінде трихофитиядағыдай орны шектелген дақ байқалмайды және жүннің талшықтары қырқылмайды.

А.А.Сидорчуктың [10] дерегіне сүйенсек диагнозды эпизоотологиялық деректер, клиникалық белгілері және лабораториялық зерттеу негізінде қояды.Лабораториялық зерттеуге патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу мен жасанды қоректік ортаға саңырауқұлақтар культураларын өсіру жатады.

Зерттеу материалдарына емдеуге жатпаған тері мен шаш алынады.

А.А.Кудряшова, А.В.Святовскийдің [13] мәлімдеуінше диагнозды клиникоэпизоотологиялық деректердің, патологиялық материалдың нәтижесі негізінде қояды.

Микроскопияны шаруашылық жағдайында да жүргізуге болады. Ол үшін теріні, қабыршақты, шашаты заттық әйнекке немесе Петри табақшасына салып,10-20% натрий гидрооксидін құйып, 20-30 минутқа термостатқа қалдырады. Материалды 50% глицириннің сулы ертіндісімен залалсыздандырып, заттық әйнекпен жауып, микроскоппен қарайды.

Трихофитияны микроспориядан, қышымадан, экземадан, дерматиттерден ажырату керек.Осының ішінде трихофитозды микроспороздан ажырату керек.Трихофитонның спорасы үлкен, тізбектеліп орналасқан.

И.А.Бакуловтың [27] зерттеулері бойынша патологиялық материалдарлы алу және зерттеу. Жаңа зақымдалған теріден жақпа алынады.

Скальпель мен пинцет көмегімен эпидермис қабықшасы мен жаңа қабықтарды алып тасталынады.Периферидан қабықшамен жүндер алынады.Материалдарды бактериологиялық кесеге немесе пергамент қағазына жинайды.Алынған материалды жабық әйнек ыдыста жібереді.

Микроспориинің люминесцентті зерттеу диагностикасы. Зақымдалған шаштар сәлелену нәтижесінде ашық жасыл түс береді.Ал Trichophyton саңырауқұлақтар түрінде мұндай белгі көрінбейді.

Сәулеленуге ртутті кварцті лампалар ПРК-2 және ПРК-4 жылытқыштарымен қолданылады.

Ф. И.Терентьева, С. Н.Вышелескийдің [32] айтулары бойынша диагнозды қоярда ең алдымен аурудың жұғу деңгейіне және таралуына назар аудару керек.Теміреткіге теріде анық шектелген, домалақ пішінді дақтардың, қабыршақпен қапталған кейде жалаң келген дақтардың пайда болуымен сипатталады.

Дифференциалды диагноз. Трихофитияны микроспориядан айыру үшін мынаны ескеру қажет: дақтар пайда болу барысында папул, көпіршіктер мен пустулдардың түзілуі, дақтар дөңгелек пішінді келеді, жүндері сынғыш болып келеді.Микроспория кезінде зақымдалған жердің терісі тегіс келеді, дақтардың формасы біртекті болмайды.

Экзема кезінде қатты айқындалған дақ және жүн сынуы болмайды.Қотыр кезінде теріде дақтар болмайды, ал қатты қышыну байқалады.

Ал саңырауқұлақты қай түрге жататынын анықтау үшін культуралды зерттеу жүргізеді. Яғни бөлінген саңырауқұлақтың формасына, өсу жылдамдығына қарай анықтайды.

А.А.Конопаткин, И.А.Бакуловтың [39] деректеріне сүйенсек диагноздыклиникалық және эпизоотологиялық деректер негізінде қойылады.Күмінділік туғанда микроскопия жүргізеді.Керек болғса қоректік ортаға культуралады қолданады.Зерттеу материалдарына тері мен жүн жатады.

А.Ф.Карышева,С.В. Карышевтың [40] дерегін қарайтын болсақдиагноз клиникалық және эпизоотологиялық деректер негізінде қойылады. Күмінділік туғанда микроскопия жүргізеді. Керек болса қоректік ортаға культуралады қолданады.Зерттеу материалдарына тері мен жүн жатады.

М.М. Нұралиев, Ғ.Ғ. Есенғалиевтың [5] мәліметін қарайтын болсақ бұзаудың түбегейлі балауы індеттанулық,клиникалық,лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады. Індеттанулық талдау жасағанда індеттің ауру малдар арқылы таралатыны ескеріліп,шаруашылық орналасқан елді - мекеннің бұзаудан індет ахуалы,қоғамдық малдың өрістегі, суаттардағы ара қатынастары, шаруашылыққа сырттан малдың қабылдағандығы анықталынады.

Микроспориумдар ультракүлгін сәулелердің әсерінен ашық жасыл изумруд түрінде жарық (флюоресценция) береді. Керісінше трихофитон саңырауқұлақтары жарқырамайды (флюоресценция бермейді). Ахорион тұқымының саңырауқұлақтарға домалақ немесе көпбұрышты споралар түрінде зақымданған жүн талшығының бойымен орналасады. Олардың арсынан ауа көпіршіктерін (олар қара дақтар) түрінде көрінеді (май тамшыларын көруге болады). Саңырауқұлақтардың таза культурасын (өсіндісін) бөліп алу мақсатымен, сілтілі ертінділердің бірінде ұсталған патологиялық материал,физиалогиялық ерітіндіде жуылады(центрифугамен айналдырып).

Материалдан үзіліп шыққан жүн талшықтарының 1-2 см үзінділері Сабуро, Сусло-агар немесе Чапек қоректік орталарының біріне орналастырылады.

Материал өсірілетін қоректік орта ауалы (аэробты) кеңістіктерде

26-28ºC сақталуы қажет. Микробтардың өспеуі үшін, қоректік орта пенциллин мен стрептомицин антибиотиктері қосылады.

Қоректік ортада өсінділердің өсіп шығу мерзімі, патологиялық материалдардағы саңырауқұлақтардың түрлеріне, олардың мерзімі, патологиялық материалдардың түрлеріне, олардың морфологиясына т.б. қасиеттеріне байланысты.

З.Қ. Қожабековтың [2] айтуы бойынша ауруды анықтауүшін эпизоотологиялық мәліметтерге және айқын клиникалық белгілеріне сүйену керек. Күдікті жағдайларда материалды микроскоппен қарайды,керек болса лабораторияда қоздырғышты бөліп алу үшін арнайы қоректендіретін Сабуро қоректік ортасы, Сусло-агар, ет-пептон глюкозалы агар немесе Чапек орталарына себеді.

Материалды тексеру үшін зақымданған жердің терісі мен жүннің шетінен қырып алып, соны пайдаланады. Ауруды анықтау үшін агглютинация реакциясын да қолдануға болады.

В.В. Максимовичтың [12] мәлімдеунше трхофитияға диагнозды індеттік деректеріне және ауру белгілеріне негіздеп қояды. Егер індеттік деректер мен ауру белгілеріне негізделген диагноз күдік тудырса зертханалық тексеріс жүргізеді.

И.А. Бакулов, В. А. Семенихин, В.А. Ведерниковтың [26] дерек көзі бойынша диагнозды клиникалық белгілері мен індеттік деректеріне байланысты қояды. М.і.қ. мен ұ.і.қ. бұзаутазын микроспориядан айыру керек, люминесценттік зерттеу әдіс арқылы. Бұзаутаздың және де қышымадан айырмашылығы зақымданғанда доңгелек форма, қалың қабыршақ болмайды, микроскопиялық зерттеу кезінде қышыма кенелері табылады. Н. А. Бакулов, Е.И. Буткиннің [28] мәліметіне сүйенсекауруды анықтау клиникалық және індеттік деректерінің негізінде қойылады.

1.6 Бұзау трихофитиясына қарсы дауалау және күресу шаралары. Т. Сайдулдиннің [1] айтуы бойынша ауырып жазылған жануарларда қуатты белсенді иммунитет қалыптасады. Олар трихофитиямен сирек жағдайда ғана қайтадан ауырады.

Өзіне тән дауалық және емдік мақсатпен А. Х. Саркисов және басқалар (1971) ұсынған мынадай вакциналар қолданылады: сиырға –ЛТФ-130, ЛТФ-130К, жылқыға –СП-1, қойға –трихоовис, терісі бағалы аңдар мен үй қояндарына –ментовек, түйеге –камелвак.

Дауалық мақсатпен бұзауларды бір айлық, құлындарды үш айлық кезінде егеді. Вакцинаны бұлшық етке бір орынға екі рет 10-14 күн аралатып жібереді. Бұзауда иммунитет еккеннен соң 21-30 күн өткенде қалыптасып, 8-10 жылға дейін сақталады, жылқыда-6 жыл, үй қояны мен терісі бағалы аңдарда 3 жылдан артық мерзімге созылады.

Спецификалық профилактика үшін келесі вакциналардың маңызы зор. Ірі қара малдардың трихофитиясына терапиялық және профилактикалық мақсатта «ЛТФ-130» вакцинасы қолданады. Препарат ірі қара малдардың трифофития ауру қоздырғышына қарсы белсенді иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Вакцинаны араға 10-14 күн салып, профилактикалық мақсатта бұзауларға бұлшық етке енгізеді.

Егілген жануарларда иммунитет вакцинациядан соң 30 күнде қалыптасып, 7 жылға дейін сақталады. Вакцинаны емдік мақсатта 2 есе көп енгізеді. Ауру айқын білінген жағдайда үшінші рет 10-12 күннен соң препаратты сол мөлшерде енгізеді [47,48,49]. Жануарлардың дерматомикозына қарсы « Вермет» вакцинасы ұсынылған. Вакцинаны араға 7-14 күн салып бұлшық етке екі қайтара жануарлардың трихофитиясына қарсы профилактикалық және емдік мақсатта қолданылады. А.А. Кудряшов, А.В.Святовскийдің [13] деректеріне сүйенсек трихофития кезінде емді ертерек бастаған жөн.Ол үшін фунгицидті заттар (бір хлорлы йод, РОСК, СК-9, «ЯМ» мазі, трихоцетин, 10٪салицил спирті, 5-10٪ йодты спирт ертіндісі) қолданады.Азықтық антибиотик гризеофульвин тағайындалып жатыр.Емдік мақсатта вакциналар (ЛТФ-130, ТФ-130 және басқалары) қолданылады.

Ф.И.Терентьева, С.Н. Вышелескийдің [32] мәлімдемесі бойынша еміне 1950 жылы шаруашылық басқарушысы И.Г.Зайцев пайда болған қабықшаны алып, айналасындағы жүндерді қиып алады екен.Ал өте қалың қабықшаларды жұмсарту үшін қандай да бір майды қолданған.Мучельдің құрғақ ұнтағын зақымдалған жеріне жағады керек болған жағдайда зақымдалған жерлерді 1-2 рет жүргізеді. 20-30 күнене кейін толық сауығу басталады. Емнің алдында жүндерді қыру керек. Емдеу үшін вакцина қолданылған жағдайда өзге дәрі-дәрмекті пайдаланудың қажеті жоқ. Вакцинамен емдегенде оны екі рет егеді. Ал, егер мал өте қатты зақымданса вакцина үш рет егіледі. Бұзаутаздан болған қабыршақтарды жұмсарту үшін балық майы, вазелин және өсімдік майы қолданылады.

О. Омаровтың [31] мәлімдеуінше емдеу мақсатымен ауру бұзауға антибиотик-гризеофульвин (тірілей салмақтың әрбір килограмына 25-40мг) ішкізеді. Зақымданған жерге йодтың спирттегі 2 проценттік ерітіндісін жағудан ойдағыдай нәтиже шығады. 10 процентті хлорлы йод қолдануға да болады. Теріге фталиннің балық майындағы 5-10 проценттік эмульсиясын, 3 проценттік юглон майын жағады. Бірақ ең алдымен бетіндегі қабыршағын алып тастап, зақымданған жерді дезинфекциялау қажет.

Е. Наурызбаев, Ә. Сұлтанбековтың [30] айтулары бойынша бұзаутазды емдеу үшін бұзауға гризеофильвин антибиотигі (мал салмағының әрбір килограмына 25-40 мг) ішкізіледі.

Бұзаутазды емдеу үшін А витаминін қолдануға болады. Ол малдың бұлшық етіне 150000-500000 ЕД мөлшерінде егіледі. А витамині малдың ауруға төтеп беру қабілетін күшейтеді

ІІ ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР