- •1.4 Ауру сипаттамасы
- •1.5 Ауруды балау
- •2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.2 Шаруашылыққа жалпы сипаттама
- •III Өзіндік зерттеу нәтижелері
- •Трихофитияның шаруашылықта таралу қарқыны
- •2 Шаруашылықта трихофитияны балау
- •Трихофитиямен ауырған бұзауларды емдеу
- •Шаруашылықта аурудың алдын алу үшін жасалған ветеринариялық-санитариялық іс- шаралар
- •IV Трихофитияға қарсы жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі
- •VI Қоршаған ортаны қорғау
- •VII Қорытындылар мен ұсыныстар
НОРМАТИВТТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҚPCТ 10-99 Тaғaм өнiмдepi. Тұтынушығa aқпapaт. Жaлпы тaлaптap.
ИCО 3100-1-91 Eт жәнe eт өнiмдepi. Cынaмacұpыптaудың тәciлдepi.
МC ИCО 3100-2-88 Eт жәнe eт өнiмдepi. Микpобиологиялық тeкcepугe
cынaмaны дaйындaу.
МEМCТ CЭВ 4718-84 Eт жәнeeт өнiмдepi. Кeлiciмдiлiк қaтынacтapы
apқылы eнгiзiлгeн тepминдep мeн aнықтaмaлap.
МEМCТ 9959-91 Eт өнiмдepi. Оpгaнолeптикaлық бaғaлaудың жaлпы шapттapы.
МEМCТ 16020-70 Cоюға apaнaлғaн мaл. Тepминдep мeн aнықтaмaлap.
МEМCТ 18157-88 Cойылғaн мaлдaн aлынғaн өнiмдep. Тepминдep мeн
aнықтaмaлap.
МEМCТ 21237-75 Eт. Бaктepиологиялық тaлдaу әдici.
МEМCТ 23392-78 Eт. Бaлaуcaлығын xимиялық жәнe микpоcкопиялық тaлдaу,
cынaу.
МEМCТ 51944 Cынaмa aлу.
МEМCТ 7702.2.0 Токcикaлық элeмeнттepдi aнықтaуғa cынaмa aлу.
МEМCТ P 51446 Микpобиологиялық бaқылaуды жүpгiзугe қойылaтын
жaлпы тaлaптap.
МEМCТ P Құceтiнiң оpгaнолeптикaлық көpceткiштepiн aнықтaу
МEМCТ 7702.2.1 Микpобиологиялық көpceткiштepдi бaқылaу әдicтepi.
МEМCТ 18292-85 Cоюғaapнaлғaн aуыл шapуaшылық құcтapы. Тexникaлық
шapттap
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі белгілер мен қысқартулар қолданылды:
БҚО – Батыс Қазақстан облысы
рН - қышқылдылығы
га – гектар
г – грамм
мин – минут
сек – секунд
- пайыз
см2 – шаршы сантиметр
км – километр
мг – миллиграмм
мл – миллилитр
мм - миллиметр
кг – килограмм
см –сантиметр
м – метр
л – литр
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмысымда қолданылған анықтамалар:
Дезинфекция – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою
Иммунитет – организмнің микробтарға қарсы тұруы
Вакцина - белсенді иммунитет түзуге арналған препарат
Вируленттілік – патогендік дәрежесі
Дератизация - зиянкес кемірушілерге қарсы бағытталған шаралар кешені
Энзоотия - белгілі бір аймаққа аурудың тұрақтануы
Ошақтану коэффициенті - бір сәтсіз індет пунктіне неше ауру малдын келетінін көрсетеді
Індет ошағы - ауру қоздырушысы орын тепкен және нақтылы қалыптасқан жағдайда ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қауіпі сақталған аймақ
Инфекция(лат. Infection-жұқтырамын)- жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекшеп жағдай
Бауыздау омыртқа – екінші және үшінші мойын омыртқаның аралығынан бөлінеді, бауыздау тұсындағы ауыз омыртқаға мойынның екінші омыртқасы етімен түгел жіберіледі.
Ветеринарлық–санитарлық қадағалау – жануарларды жұқпалы аурулардан корғауға және тұрғындарды жануарлардан тарайтын жұқпалы аурулардан сақтандыруға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.
Сойылған мал - союға арналған ауыл шаруашылық немесе өндірістік жануар.
Сойылған малдың тамаққа пайдаланатын өнімі - сойылған жануарды өңдеудің нәтижесінде алынған өнім.
Ет – бұлшық ет, май, дәнекер және сүйек ұлпаларынан тұратын немесе сүйексіз ұша немесе жартылай ұша түріндегі сойыстың тамақтық өнімі.
Өнімнің өмірлік циклі- өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда елді сапалы азықпен, шикізатпен қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылық мал өнімдерін сапалы түрде ондіру, экспортқа шығару сияқты жұмыстар кешенді түрде қолға алған. Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Сол себепті елімізде фермерлік шаруашылықтар, асыл тұқымды етті, етті- сүтті бағыттағы Ірі қара мал шаруашылығы қолға алынып, болашақта ірі қара шаруашылық өнімдерін көбейту қарастырылған.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жұқпалы аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Әр шаруашылықта жұқплы аурулардын алдын алу ең маңызды ветеринарлық шаралардын бірі болып кетеді. Себебі жұқпалы аурулар шаруашылыққа өте үлкен экономикалық шығын әкеліп қана қоймай, адамдарға да аса қауіптілігі бар. Жұқпалы аурулардың қоздырушалары да әртүрлі болып келеді- вирустар, микробтар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар, сонымен қатар инвазиялық қоздырушылар да жатады. Осындай жұқпалы аурулардыңі біріне- трихофития жатады. Қарапайым тілде- бұзаутаз.
Қазақстан Республикасы территориясында трихофитияның таралуы өте жиі, ауру қарқыны бәсең болғанымен, еліміздің әр регионында кездеседі. Оның негізгі себептерінің бірі- мал шаруашылығын аурудан сақтандыру шараларының тиімділігінің төмендігі, ветеринарлық гигиеналық шаралардың дұрыс қадағаламауы сонымен бірге диагностикалауға қажетті препараттар мен әдістердің қажетті деңгейде жетілдірмегендігі. Себебі, зарарланған мал басын дер кезінде анықтау, алдын-ала инфекцияның таралмауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында трихофитиямен малдың ауруы, әрине сапасыз жасалған ветеринарлық шаралар себебінен болуын да ескеруіміз қажет. Соңғы жылдары трихофития ауруы жекеменшік иелігінде мал ұстайтын елді-мекендерде көптеп кездесуде. Оның себебі трихофития ауруының алдын алу шаралары, ауру малдарды дер кезінде анықтау мақсатымен диагностикалық зерттеулерді жүргізбеу, ауру малдарды дер кезінде емдеп, дезинфекциялық шараларды уақытында нақтылы түрде жүзеге асырылмауы арқасында.
Ал жеке меншік шаруашылыққа трихофитияның әкелетін экономикалық шығыны өте жоғары болып келеді, мысалыға «SC FOOD» ЖШС алатын болсақ, шаруашылық Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Азат ауылында орналасқан, шаруашылықта асыл тұқымды етті бағыттағы Ангус тұқымды ірі қара мал ұсталады. Бұл малдар жаз айларында жазғы жайылымдарға шыққанда негізінен ауруға шалдығуға бейім болады. Шаруашылыұтң бұзаулары аууға шалдықса қоңдылығы төмендейді, ауру мал сатылымға жіберілмейді, тіпті өлімге ұшырауы мүмкін, сол себепті өте үлкен шығындар болады. Сонымен қатар ауру бұзаларды емдеуге, күтімге кеткен шығынды да есепке алуымыз қажет. Бұл ауру адамға дақауіпті болып келеді.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмытың негізгі мақсаты - шаруашылықта бұзау трихофитиясын дауалаудағы препараттардың тиімділігін анықтау.
Бұл мақсаттарды орындау үшін біргеше міндеттер алға қойылды;
1. Шаруашылықта бұзау трихофитиясының таралу деңгейін зерттеу.
2. Бұзаулардың трихофития ауруын емдеудің тиімді әдісін анықтау.
3. Бұзаулардың трихофитиясына қарсы жүрзгізілген ветеринарлық
шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Дерматомикоздар – терінің инфекциялық ауруы. Онымен ауыл шаруашылық жануарларының барлық түрі, терісі қымбат аңдар мен жабайы жыртқыш аңдар және кеміргіштер ауырады. Бұл ауруға адам да шалдығады.
Дерматомикоздың қоздырғыштары (құрғақ теміреткінің және таз қотырдың қоздырғыштары) қарапайым саңырауқұлақтар (Fungi imferfecti) Hyphomycetales қатарына, Trichophyton, Microsporum және Achorion туыстарына жатады [1].
1.1 Тарихи деректер. Трихофития тері мен оның туындыларын зақымдайтын саңырауқұлақтар тудыратын дерматофитоздар (дерматомикоздар) деп аталатын аурулар тобына жатады. Әсіресе, микроспорияға өте ұқсас болады да, бұл екі ауруды қысаға (орысша- стригущий лишай) деген ортақ атаумен атайды. 1841ж. Груби микроспорияның, ал 1845 ж. Малмстен трихофитияның қоздырушысын ашты.
Т. Сайдулдинның [1] мәлімдеуінше қоздырушысы- жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton verrucosum, жылқыда- Tr. Eguinum, түйеде -Tr. Sarkisovi, терісі бағалы аңдарда, қоян, теңіз тышқаны және басқа кемірушілерде- Tr. Mentagropytes. Бұлардың барлығының морфологиясы ұқсас, жіп тәрізді мицелиялардан және дөңгелек, сопақша келген споралардан тұрады. Патматериалда және өсіндіден даярланған жағындыда қоздырушының әрбір түрінің өзіне морфологиялық ерекшеліктері болады. Әсіресе, спораларының орналасуына (тізбектеліп, немесе ретсіз) мән беріледі. Бұл саңырауқұлақтар Сусло-агар, Сабура ортасында өсіріледі. Өсіндінің шоғырының (колониясының) морфологиялық ерекшеліктері қоздырушының түрін анықтауға қажет деректер болып табылады.
1.2 Қоздырушы төзімділігі. Ауру қоздырушысы сыртқы ортада төзімді келеді. Зақымданған жүн талшығында жылға дейін, көң мен садырада 3-8 ай, топырақта 5 ай бойы сақталып, кейбір қолайлы жағдайда тіпті өсіп-өне алады. Ультракүлгін сәуле жойқын әсер етеді, қайнаған суда 2 мин ішінде, құрғатай қыздырғанда 60-62ºC-та 2сағатта өледі. 2-5% карбол қышқылы, 1-3% сілтілер, 1-3% формальдегид, 1-2% салицил қышқылы ерітінділері трихофитондарды 15-30 мин аралығында өлтіреді.
З.Қ. Қожабековтың [2]көрсетуі бойынша аурудың негізгі қоздырғышы Трихофитон тұқымына жататын Трихофития веррикозум, Тр. Гипсеум, Тр. еквинум, Тр. ментагрифитис және Тр. саркисови деп аталатын саңырауқұлақтар. Мал денесінің зақымданған жерінен жұғындылар алып қарағанда мицелийлердің гифтері белдеу болып, мал жүнінде ұзына бойы тік өседі. Олардың споралары дөңгелек немесе сопақтау келеді, қатар-қатар тізіліп тұрады. Жүн қылшығының түбінде қоздырғыш споралары қапшық тәріздес көрінеді. Бұл жерде олар қылшықтың ішінде де, сыртында да орналаса береді. Споралардың үлкендігі 3-8 мкм. Ауру қоздырғыштары Сусло-агар, Сабуро қоректік ортасы, ет-пептон, глюкозалы агар сияқты арнайы орталарда өседі. Ботатаз қоздырғышы арнайы қоректік ортада өсірілгенде қара қоңыр түске боялып, сол ортаға сіңеді, екінші бір ерекшелігі-өте терең енген қалың жолақтар түрінде баяу өседі, басқа мал қоздырғыштарына қарағанда едәуір үлкен. Қоздырғышы 25-28 ºC температурада 6-40 күн аралығында өседі.
М. Қибасовтың [3] деректеріне сүйенсек аурудың қоздырғышы- Trichophyton және Microsporum тобына жататын әр түрлі «грибки» деп аталатын микробтар. Трихофитон – тобына жататын грибоктар көбіне-көп мүйізді ірі қара, түйе малының ауруын туғызса, микроспориумдар- жылқы, ит, мысық сияқты жануарлардың ауруын туғызады.
Бұл грибоктар 26-33º қолдан жасаған микробтар өсетін ортада лабораториялық жағдайда жақсы өседі. Оларды микроскоп арқылы қарағанда, жіңішке жіпше тарамдалған және дөңгелекше түрде болатындығы анықталып отыр. Жіңішке жіпше түрі көбіне-көп малдың терісінің не оның жоғарғы қабықшаларында орналасса, спора түріндегісі жүн-қылшық түбірлерінің айналасында тізбектелген күйде болады. Осындай спора түріндегі грибоктар сыртқы ортаның әрекеттеріне өте төзімді келеді.
Мысалы, мал қораларында, мал азықтарында, мал терісінің жоғарғы қабаттарында, жүн-қылшықтарда олар тіршілігін 8 жылға дейін сақтайды.
Малдың қи-күбірінде 8 ай сақталса, тікелей түскен күн сәулесіне, құрғақшылыққа, салқындыққа өте төзімді болады.
Олар 100º С ыстықта 3-5 минут, ал 80º С ыстықта 7-10 минут ішінде залалсызданса, 5 %-тік формалин ерітіндісі қосылған 1 %- тік күйдіргіш натрий, 5 % күкіртті карбол қышқылы, 20 % хлорлы әк ол грибоктарды өлтіреді.
Н.Н. Гугушвили., Б. С. Сенченконың [4] деректеріне көз жүгіртсек қоздырушысы: Трихифитон туысының патогенді саңырауқұлақтары. Ірі қара малындағы қатары және нұсқалары- T.faviforme, T. gypseum, T. crateriforme; жылқыда T. equinum, T. gypseum; итте T. caninum, T. gypseum.Препаратта зақымданған шашы мен қабыршақтанған тері 400-500 есе үлкейгенде саңырауқұлақтар жіңішке бұта тәрізді ине түрінде табылады, жүнінің ұзындығы және қатары бойынша дөңгелек немесе сопақшалы спорасының диаметрі 3-8 мкм қасынан орналасады, ішкі және сыртқы жүнінде шашқорапша түрінде дертті жайылдырмайды.Саңырауқұлақтар Сабуро ортасында, Сусло-агары, Литмон агарында өседі.5-30 күнде батырырылған ортада қалыптасады, жұмсақ домалақ бөрлер жамылғысымен, тығыз колониялы.
Сидарчуктің [10] көрсетуі бойынша патологиялық материалдардан алынған жұғынды Trichophyton тұқымдастарының барлық саңырауқұлақта ұқсас болып келеді.Олар шаш бойымен түзу орналасады, эпителий қабатында мицелий шашыранды, кейін спораға ыдыраған, дөңгелек, кейде бір-бірінің артынан тізбектеліп орналасады.Шаштың негізінде қалташалар түзбейді. Қоректік ортада (Сусло-агар, агар Сабуро және т.б.) температурасы 25-28 ºС-та қоздырушылар 6-40 күнде субстратта жіңішке жолақ, ақ түсті түрлі формалы колониялар түзеді.Олардың түстері қоздырушылардың түрлеріне тікелей байланысты.Жас культуралар нәзік түсті болып келеді.Микроскопия кезінде спорылар мен мицилийлердің мөлшері мен формалары өзгеріп отырады.Қоздырушылар шаш тері қабаттарында мицилия түрінде болып, кейін спораларға ыдырайды.
Шаштың мүйізді қабықшасында саңырауқұлақ өзінің верулентілігі 4-7 жасқа дейін, ал спора 9-12 дейін сақталады.Бөлме ішінде олар жылдар бойы сақталып, ауа арқылы қозғалып жұғып отырады.60-62ºС температурада қоздырушылар 2 сағат ішінде әлсірейді, ал 100ºС температурада 15-20 мин, қышқылды ертіндісі формальдегид әсерінен өле бастайды.Ал 2٪ формальдегид және 1٪ натрий гидрооксиді, 10٪ ыстық күкіртті карбол ертіндісінің әсерінен 1 сағаттан кейін өледі.
А.А. Кудряшова, А.В. Святовскийдің [13]мәліметтеріне сүйенсек трихофитоз қоздырушысы-саңырауқұлақтар, олар Trichophyton тұқымдасына: T.verrucosum, T.mentagrophytes және T.equinum.Негізінен қос тұяқтыларда қоздырушысы- verrucosum, ал жылқыларда- T.equinum,шошқа,мысық,ит және кемірушілерде- T.mentagrophytes.Ең жаңа қоздырушы түйелерде-T.sarkisovi қоздырушысы болып табылады.
Tr.verrucosum- жай өсетін саңырауқұлақтардың бірі, (6-40 күнде тек өсе бастайды. Сабуро ортасында терілік колониялар түзеді. Сусло агарда колониялардың түсі сары ақ түсті. Саңырауқұлақтар түрлі қалыңдықтағы және дөңгелек артроспора мецилияларды түзеді.
Tr. tonsuranse Сабуро ортасында ақ және сары түсті, дөңгелек пішінді колониялар түзеді. Культураларда мицилилер алмұрт тәрізді споралар түзеді.Ескі культураларда хломидоспоралар кездеседі.
Tr.equinum сабура агарында колониялар ақ түсті, крем тәрізді болып келеді. Сусло агарында колониялар ақ немесе бархат болып келеді.
Tr. mentagrophytes –тез өсетін саңырауқұлақ (өсуі 2-3 жұмадан кейін басталады) клеткалары полиморфты. Сусло агарда колониялар тегіс, жіңішке, ортасы көтеріңкі болып келеді.Культураларды мецилилер жіңішке, көп споралы болып келген.
Tr.verrucosum- сусло агар ортасында 20-25 тәулікте пайда бола бастайды.Алғашқы культуралар ақ түсті, жіңішке және дөңгелек формалары.Мөлшері 5-25 мм.Мицелилер спирттелген тіке, бір артроспоралы.
Қоздырушылар сыртқы ортаға өте төзімді. Зақымдалаған жүндерде трихофития қоздырушылары 4-7 жыл, ал споралары- 9-12 жыл, 1,5 жылға дейін верулентілігін сақтайды, қида 3-8 ай, жұқтырылған қораларда 2 жыл, топырақта-4 айға дейін сақталады.Олардың өлімі тек УФ сәлелердің әсерінен болады.
С.Н. Вышелеский, Ф.И. Терентьеваның [32] көрсетуі бойынша бойыншаауру қоздырушысы, теміреткі көптеген саңырауқұлақ түрінен шыққан- Fangi imperfecti тобынан болып табылады.Ауру тудыратын саңырауқұлақтардың ішінен Microsporum және Trichophyton тобы болып табылады.
Саңырауқұлақтар- ауру қоздырғыштары зақымдалған тері бетінде, қабықшалар мен шаш фолликуларында кездеседі. Осыған байланысты бұл саңырауқұлақтардың бірнеше классификациясы бар. Бұл классификацияны Сабура схемасы дейді.
Сабура схемасы бойынша Trichophyton тұқымдасы мынадай топтарға бөлінеді.
Trichophyton endotrix- шаштың ішкі жағында орналасқан мицелийлердің спорасының тізбегі.
Trichophyton ectotrix-шаштың аймағында және оның негізінде орналасқан мицелийлердің спорасының тізбегі.
Trichophyton neoendotrix-спора тізбесінің көп бөлігі шаштың ішкі бөлігінде орналасқан.
Культуралау.Ылғалды ауа райында және бөлме температурасында да Microsporum және Trichophyton тобы шөптерде, ағаштардың түбінде, теріде,тұяқ мүйізшесінде де дами береді.
Оларды өсіру үшін Сабур ортасы (1,8 агар, 4,0 мальтоз немесе глюкоза, 1,0 пептон және 100,0 дистелденген су) қолданылады.Культураны бөлме температурасында да сонымен қатар 33ºС күндізгі жарықта да алуға болады.Таза культураларды алу үшін шаштың аз ғана бөлігі алынады.Материалды тазарту үшін антиформин қолданылады.
1.3 Бұзау трихофитиясы қоздырушысының сипаттамасы Жануар организмінде Trichophyton саңырақұлақтар тұқымдасы мицелий споралары арқылы көбейеді.Саңырақұлақтардың көбейюінағыз спора конидий, 2-3 мм көлемінде жүзеге асады.
Төзімділігі. Зақымдалған аймақтың қабықшасында орналасқан саңырауқұлақтар көп уақытқа дейін өмір сүреді.
Қабыршақтарда орналасқан споралар құрғақ ыстықта температура 100ºС-та өмірін сақтайды.Тек температура 110ºС-та өле бастайды.
Күн сәулесінің әсерінен саңырақұлақтар споралары 1 сағат ішінде өле бастайды.Культуралар рентген және ультрфиолет сәулесіне төзімді.Дезинфекциялық ертінділердің ішінде 2 % формалин ертіндісінің әсерінен 30 миутта жойылады.
А.А. Конапаткин, И.А. Бакулов, Я.В. Нуйкиннің және басқаларының [39] мәлімдеуінше трихофитоз қоздырушысы-саңырауқұлақтар, олар Trichophyton тұқымдасына: T.verrucosum, T.mentagrophytes және T.equinum.Негізінен қос тұяқтыларда қоздырушысы- verrucosum, ал жылқыларда- T.equinum,шошқа,мысық,ит және кемірушілерде- T.mentagrophytes.Ең жаңа қоздырушы түйелерде-T.sarkisovi қоздырушысы болып табылады.
А.Ф. Карышева, С.В. Карышевтың [40]деректеріне сүйенсек трихофитоз қоздырушысы-саңырауқұлақтар, олар Trichophyton тұқымдасына: T.verrucosum, T.mentagrophytes және T.equinum.Негізінен қос тұяқтыларда қоздырушысы- verrucosum, ал жылқыларда- T.equinum,шошқа,мысық,ит және кемірушілерде- T.mentagrophytes.Ең жаңа қоздырушы түйелерде-T.sarkisovi қоздырушысы болып табылады.
Зақымдалған шаш препараттарын 400-500 есе үлкейтіп қарағанда, осы айтылған саңырауқұлақтар шашыранды жіп тәрізді ұзына бойы орналасқан, диаметрі 3-8 мкм.Саңырақұлақтарды Сабур ортасында 22-28ºС температурада, Литмана агарында (рН 6,5-6,8)5-30 күнде дөңгелек және тығыз колониялар түзеді.
Е. Наурызбаев, Ә. Сұлтанбековтың [30] айтуынша аурудың қоздырғышы-трихофития деп аталатын жұқпалы грибок. Ол бұзаудың жүн талшығында жатады. Қоздырғыш жүн талшығында 7-8 жыл бойы өлмейді. Қиға, көңге түскен трихофития 8 ай бойы, ал суық түскенде 3 айдай тіршілік етеді. Топырақта 5 ай, формалиннің 15 проценттік ерітіндісінде 15 минут, сілтіде 20-30 минут тірі сақталады.
М.В.Дорош [8] мәліметіндеауруды трихофитон саңырауқұлақтары тудырады, жылу мен дезинфекциялық заттарға төзімді келеді. Сыртқы ортада ұзақ сақталады: төсеніште, топырақта, ағаш заттарда. Саңырауқұлақ дертін тасымалдаушы тышқандар және де басқа да кеміргіштер болып табылады.
И.А. Бакулов, В. А. Семенихин, В.А. Ведерниковтың [26] деректері бойыншақоздырушысы –Тrihophton туысындағы саңырауқұлақтар. Трхофития қоздырушысы қостұяқтыларда- Tr. Faviforme (verrucosum), жылқыда- Tr. egunum, терісі бағалы аңдар мен кеміргіштер- Tr.gypseum. бұл саңырауқұлақтар fungi imperfecti жектілмеген саңырауқұлақтар тобынан зеңдерге жақын. Олар теріде, шашата және шөпте, саломда, ағашта, көңде және жасанды ортада өседі. Тері мен шашта мицелия паразитті түрде шаш ұзындығына бекінеді. Саңырауқұлақ спорасы бірклеткалы овальді мицелия ішінде орналасқан, оның мөлшері 3-8 мкм.
Н.А. Бакулов, Е.И Буткиннің [28] айтуыншақоздырушысы- Trichophyton түрінің грибтері көбіне Tr. Faviforme, Tr. Gypseum, Tr. Eguorum.Көп жағдайларда айыр-тұяқтыларда трихофитий қоздырушысы –Tr. Faviforme(verrucosum), жылқыда- Tr. еguorum, шошқада, иттерде, мысықтарда, жылқыларда, бағалы терісі бағалы аңдар мен кеміргіштерде- Tr. Gypseum болып есептеледі. Бұл грибтер жетілмеген тобынан зеңдерге жақын тұратын- fungi imperfecti. Олар тері мен жүнде ғана емес, пішенде де, сабанда да, ағашта да, тұяқ мүйізінде де, көңде де және бірталай жасанды қоректік орталарда да өседі. Тері мен мен жүнде әр қылшықтың түбірінде оның ұзын бойына дұрыс қатарларымен орналасқан мицелийлер түрінде паразиттік өмір сүред. Грибтердің споралары жалғыз клеткалы, сопақша, мицелийлердің ішіне орналасқан олардың мөлшері 3-8мкм.
Грибтер өте төзімді. Патологиялық материалда (жүн, тері қабыршағы) 7 жылға дейін, топырақта 142 күнге дейін, көңде 8 айға дейін сақталады. Споралары 1 сағат бойы 100˚ С қызуға (құрғақ бу) төтеп береді. Ультрафиолеттік сәулелердің де жою әрекеті бар. Дезинфекциялық дәрулерден ең нәтижелері-50˚С дейін қыздырылған 1% күйдіргіш натры бар 5% формалин ерітіндісі, 10% күйдіргіш натр ерітіндісі, 10% жалғыз хлорлы йод ерітіндісі.
1.4 Ауру сипаттамасы
Т. Сайдулдиннің [1]мәлімдеуінше трихофитиямен барлық мал түліктері, құстар, терісі бағалы аңдар, тышқан, егеуқұйрық, жабайы аңдар ауырады. Жас жануарлардың сезімталдығы жоғары болады да, ауруға тез шалдығып, клиникасы көбінесе асқынған түрде кездеседі. Ауру жылдың барлық мезгілдерінде кездессе де, қыста жиі байқалады. Оның себебі- бұл маусымда малдың күтімінің нашарлауы және күн сәулесінің ауру қоздырушысына әсерінің төмендеуі. Індеттің қаулауына жануарлардың топтастырылуы күшті әсер етеді. Жас төлдерді енесінен бөлу және жеке табындарға топтау, сырт жерден мал әкелу аурудың қаулауына қолайлы жағдай туғызады.
А.А.Сидорчуктың [10] деректеріне қарасақ трихофитиямен барлық ауыл шаруашылық малдары, сонымен қатар адамдар да ауырады.Бұл аурумен барлық жастағы жануарлар ауырады, әсіресе жас төлдер өте сезімтал және ауыр өтеді. Стационарлы қолайсыз шаруашылықтарда бұзаулар 1 айлығынан бастап, терісі бағалы аңдар, қояндар-1,5-2 айда, түйе-1 айдан 4 жасқа дейін, сөйтіп 2-3 рет, қойлар 1-2 жастан бастап ауырады.
Инфекция қоздырғышының бастауы- ауру және ауырып жазылған жануар болып табылады.Қабыршақ пен шаштан қоршаған ортаға саңырауқұлақ споралары көптеп бөлініп отырады.Жұғу жолдары малдарға күтім жасайтын адамдар арқылы, азық, су, төсенше арқылы жүреді.
Терісі бағалы аңдардың аналықтары арқылы өзінің тұқымдарын келесі жылы да жұқтыруы мүмкін. Ауру қоздырғыштарын түсіп жатқан қабыршақтармен, эпидермис қабығымен, шаштармен жұқтыру мүмкін.Саңырақұлақ споралары ауырған жануарлардың шаштарында ұзақ уақыт сақталады.
Берілу жолдары әр түрлі- бұл инфекцияланған азықтар, төсенше, күтім жасайтын құралдар, күтуші персоналдардың киімдері, қи, қораның іштері жатады. Қоздырушылар сыртқы ортаға төзімді болып келеді.Сондықтан қоздырушылар қораларда, жайылым жерлерінде ұзақ сақталып, сау жануарларға қауіп төндіреді.Трихофитиядан қолайсыз шаруашылықтарда қоздырушыларды жұқтыруда кемірушілердің ролі өте зор.
Трихофития көбінесе күз және қыста кездесіп отырады.Бұған организмнің резистентілігінің төмендеуі, метериологиялық жағдайдың өзгеруі,ұстау режимі мен азықтандырудың нашарлауы жатады.
Орын ауыстыру мен топтастыру, тығыз орналастыру осының бәрі трохофитоздың жұғуына алып келеді.
А.А. Кудряшова.А.В. Святовскийдің [13] айтуы бойынша ауру жергілікті барлық жерде кездесіп отырады.Трихофитиямен көбінесе ірі қара малы, жылқылар, есектер, мысықтар, иттер; сирегірек ұсақ малдар мен шошқалар ауырады.Лабораториялық жануарлардың ішінен теңіз шошқалары, қояндар, тышқандар, тауықтар ауырады.Трихофитиямен адамдар да ауырады.
Қоздырушылардың көздері- ауру және ауырып жазылған жануарлар. Жұғу сау малдардың ауру малдармен жанасу нәтижесінде жүзеге асырылады. Жұқтырушыларға эктопаразиттер мен тышқан тәрізділер жатады. Қоздырушылардың берілу факторларына-қоршаған орта, қи, төсенше жатады.
Урбан В.П., И.Л. Наймановтың [16]көрсетуі бойынша трихофитияға көбіне ірі қара, резистентілігі төмен жасы 2 айдан жылдық бұзаулар сезімтал болып келеді. Ауру көбіне күзгі-қысқы уақытта тіркеледі, бұған негіз топтап және қараңғы, ылғалды бөлмеде төлдерді ұстау, толыққұнды азықтандырмау болып табылады.
Қоздырғыш көзі болып ауру және ауырған малдар, олар сыртқы ортаға қабыршақтар мен шаштарды бөледі. Саңырауқұлақ спорасы сыртқы орта, ауа, ғимаратты ластайды. Қоздырғыштың таралуына эктопаразиттер мен тышқандар айрықша роль атқарады.
Ф.И. Терентьева, С. Н. Вышелескийдің [32] мәліметтеріне сүйенсек сау жануарларға ауру тікелей ауру жануарлармен жанасқаннан, немесе қоздырушылар бар заттармен, қызмет көрсетуші адамдардың киімдері мен қолдары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар ауру аузы арқылы, азық арқылы жұғады.
А.А.Конопаткин,И.А.Бакулов, Я.В. Нуйкин және басқаларының [39] деректеріне жүгінсек трихофитиямен барлық ауыл шаруашылық малдары ауырады.Жас төлдер өте сезімтал және қатты ауырады. Ауру барлық жыл мезгілінде, әсіресе күз және қыс айларында кездеседі.Бұған организмнің резистентілігінің төмендеуі, метеорологиялық жағдайдың өзгеруі, ұстауда және азықтандырудың нашарлауы әсер етеді.
Карышева А.Ф., Карышевтың С.В. [40] айтуынша трихофитиямен барлық ауыл шаруашылық малдары, сонымен қатар адамдар да ауырады.Бұл аурумен барлық жастағы жануарлар ауырады, әсіресе жас төлдер өте сезімтал және ауыр өтеді. Стационарлы қолайсыз шаруашылықтарда бұзаулар 1 айлығынан бастап, терісі бағалы аңдар, қояндар-1,5-2 айда, түйе-1 айдан 4 жасқа дейін, сөйтіп 2-3 рет, қойлар 1-2 жастан бастап ауырады.
М.М. Нұралиев, Ғ.Ғ. Есенғалиевтың [5] мәлімдеуінше трихофитон тұқымының саңырауқұлақтары бірнеше түрге бөлінеді. Оларға төрт түлік малдың ішінде әсіресе сиырдың бұзауы түйенің ботасы өте бейімді.Микроспорум тұқымының саңырауқұлақтарының түрлеріне бейімділер: мысық, ит, жылқы, терілері бағалы аңдар, маймыл,тигр және адам(әсіресе балалар). Ахорион тұқымының саңырауқұлақтарының түрлеріне құс пен бейімді. Саңырауқұлақтардың бұл тұқымы сүт қоректілер арасында ауруды өте сирек қоздырады.
Малдың топтастыру, бір жерден екінші жерге ауыстыру және араластыру олардың арасында көп шығуына әкеп соқтырады. Бұзау арасында қыркүйек-қараша айларында жиі кездеседі.Оның басты себебі бұзаулардың бір топтан екінші топқа ауыстыру.
Бұл аурумен бір рет ауырған малдың екінші рет тек 20-30 % ғана ауыратыны анықталды. Аурудың таралуындағы ерекшелік-бірінші рет ауырған боталардың тек 10-20% ғана қайталап ауырады екен.
Е. Наурызбаев, Ә. Сұлтанбековтың [30] мәліметіне сүйенсек бұзаутаз сау малға терісі жарқаттанған малмен сүйкенгенде жұғады. Сондай-ақ, ауру трихофития қоздырғышымен ластанған құрал-сайманнан, қиға жатқанда, аунағанда жұғады. Паразит спорасы ауру малдан сау малға ауа және малшылар арқылы жұғуы да мүмкін. Сонымен қатар ауруды таратуға кейбір кеміргіштер, қан соратын паразиттер әсер етеді.
В.В. Максмовичтың [12] айтуы бойынша трихофитиямен барлық ауыл шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, иттер, мысықтар және адам да аурады.Ұсақ ірі қара мен шошқа сирек тіркеледі. Көбіне тез қабылдағыш келетін мал төлі, 2айлық бұзау, 1,5-2 айлық терісі бағалы аңдар.
И.А. Бакулов, В. А. Семенихин, В.А. Ведерниковтың [26] дерегі бойынша көбіне і.қ.м., жылқы, ит, мысық жұқтырады. Шошқа, қой және ешкі сирек ауырады. Жабайы жануарлар соның ішінде кемірушілер жұғымтал келеді. Көбіне 2 айдан 1жасқа дейінгі бұзаулар бейім келеді.
В.П.Урбан.,М.А. Сафин,А.А. Сидарчуктың және т.б. [14] деректеріне сәйекс дерматомикозбен жануарлардың барлық түрі ауыл шаруашылық, дала жануарлары және де адамдар аурады. Барлық жастағы жануарлар бейім келеді, төл ерекше. Инфекция тудыратын қоздырғыш көзі болып ауру және аурып қалған жануарлар. Дерматомикоздар барлық жыл мезгілінде кездеседі, әсіресе күз-қысқы уақытта. Шаруашылықты індеттік тексеру кезінде күтім жасау жағдайына және малды азықтандыруына, аурудың таралу деңгейіне, зақымдалған малдың жасы мен терісіне аса мән береді. Малды топтау,тасымалдау, күтімнің, азықтандырудың нәтижесі малдың зақымдануымен және дерматомикоздың жалпы таралуына әкелетіндігін ескеру қажет.
Н. А. Бакулов, Е.И. Буткиннің[35] мәлімдеуінше трихофития көбірек ірі қара малын, жылқыны, иттерді, мысықтарды зақымдайды. Шошқалар, қойлар мен ешкілер сирек ауырады. Екі айлықтан бір жасқа дейінгі бұзаулар ауруға аса бейімді.
Т. Сайдулдиннің [1]деректеріне қарасақ трихифитондар тері мен жүннің эпидермисінің мүйізді қабатында болатын ақзат-кератинге әуес болады. Бұл микроб әр түрлі токсиндер мен кератинді ыдырататын ферменттер бөліп шығарады. Олар терінің мүйізді қабатын жұмсартып, қабыну процесін тудырады. Өзіне сәтті жағдайда қоздырушы жүннің фоликуласына өтіп, кутикуланы, жүннің ішкі қынабын бүлдіреді. Бұның нәтижесінде жүн талшығының қорегі бұзылып, оның түсіп қалуына әкеп соғады. Зақымданған жерде гиперкеротоз өрбиді. Қабыну реакциясының дәрежесі қоздырушының уыттылығына, терінің және жалпы организмнің жағдайына байланысты болады. Қоздырушы терінің негізгі қабаты дермаға өтіп, онда қабыну реакциясын тудырып, микроабцессалардың пайда болуы мүмкін.
Қабынған тері қышып, жануар үйкеніп, қоздырушыны денесінің басқа жерлеріне де енуіне жағдай жасайды. Микроб қан мен сөл арқылы да тарап өсіп-өнген жерлерінде көптеген дерт ошақтарын тудырады. Бұндай жағдайда зат алмасуы бұзылып, жануар арықтап кетеді. Клиикалық белгілері айқын білінген кезде аллергиялық реакция өрбіп, одан соң қан сарысуында телімді антиденелер пайда болады.
А.А.Сидорчуктың [10] мәліметі бойынша жарақаттанған жерлерге, жырықтарға, сыртқы ортадан түскен саңырауқұлақтардың спораларытеріге еніп шаш фолликулаларына тұрақтанады.
Саңырауқұлақтың алғашқы зақымдауында ол қан арқылы басқа дене мүшелеріне таралып отырады.Осының салдарында ағзада зат алмасу процесі бұзылып, жануар арықтай бастайды.
А.А.Кудряшова, А.В.Святовскийдің [13] дерек көзі бойынша спора мен мицелийлер жарақат арқылы теріге енгеннен кейін шаш фолликуларына еніп, онда көбейеді.Эндотоксинді саңырақұлақтар қабынуды тудырып, көпіршік пен терінің түлеуіне алып келеді. Қоздырушы лимфаға, қанға еніп, басқа да дене бөлшектеріне таралады. Саңырауқұлақтардың денеге енген токсиндері теріде патологиялық өзгерістердің туындауына әкеліп сақтырады. Осының әсерінен шаштың қоректенуі нашарлайды да, ол кейін түсе бастайды. Осыдан гиперкератоз дамиды, тері бетінде серозды экссудат шығып қабықша түзіледі. Қабынған тері участкілері ашытып,қышығындықтан, жануар оны қаси бастайды.Ал бұл қоздырушыларын одан да бетер сыртқы ортаға таралуына септігін тигізеді. Трихофитияның дамуында дене температурасының жоғарлауы және лейкоцитоз, жиі жануарлардың арықтауы, осының нәтижесінде зат алмасу процессі дамиды.
Ф.И. Терентьева, С.Н. Вышелескийдің [32] мәліметіне қарасақ ауру қоздырғышының түріне байланысты жасырын кезеңі 8-ден 30 күнге дейін созылады.Аурудың тез таралуына зат алмасуының бұзылуы, азықтың құнарсыз болуы, күтімнің нашар болуы, организмнің қарсы тұру қабілетінің әлсіреуі әсер етеді.Сонымен қатар аурудың пайда болу факторына авитаминоз, сонының ішінде С витаминінің жетіспеушілігі жатады.
Өміршең саңырақұлақтар қышқыл эктотоксин бөліп, эпидермис мальпиги қабатының базальді клеткасында көбейюін күшейтіп, қан тамырлар қабатының өткізгіштігін күшейтеді.Осының нәтижесінде серозды сұйықтық пайда болады.Эпителидің ісінуінен көпіршіктер пайда болып, кератинизация мен десквамация процесінде эпидермис бұзылады.Бір мезетте шашты фолликулар зақымдана бастайды.
А.А.Конопаткин, И.А.Бакуловтың [39] айтуыншажарақаттанған жерлерге, жырықтарға, сыртқы ортадан түскен саңырауқұлақтардың спораларытеріге еніп шаш фолликулаларына тұрақтанады.
А.Ф.Карышева, С.В. Карышевтың [40] дерек көзі бойынша жарақаттанған жерлерге, жырықтарға, сыртқы ортадан түскен саңырауқұлақтардың спораларытеріге еніп шаш фолликулаларына тұрақтанады.
М. Қибасовтың [3] мәліметіне қарасақ малдың жүніне, терісіне жұққан саңырауқұлақтар сол жерде өсіп-өніп көбейіп, ақ қабыршақтар туғызады. Ол жердің жүн-қылшықтары түсіп қалады. Ауырған малдың, әсірісе жас төлдердің қабағы, жағы, маңдайы, тағы сол сияқты жерлерінде жай көзге бірден анық байқалатын дөңгелекше не сопақша келген ақ қатпаршақтар пайда болады.
Н.Н. Гугушвили. Б. С. Сенченконың [6] дерегі бойынша зақымданған теріде жүн талшығы топтасып орналасады.Зақымданған теріде қабыршақтары белгілі бір түрде «шытыра» немесе қалқан секілді ортасында пайда болады.
М. Қибасовтың [7] айтуынша сырт көрінісі- мал денесінің әр жерінде орналасып зақымданғаны, көлемінің үлкенді-кішілі болғаны терісінің ақ қабыршақтанып, жүнінң түсуі бәрінде де бірдей болады және ол малды әжептәуір қышынтып белгі береді. Сол қышынған жерін малдың сүйкенуі, үйкеуі арқылы денесіндегі қабыршақтарын түсіріп аурудың қоздырғышын айнала қоршаған ортаға, әр нәрселерге жұқтыруы себепті аурудың тарауына жағдай жасалады.
Т. Сайдулдиннің [1] мәлімдеуінше жасырын кезеңі 6-30 кун. Теріде шеті айқын жиектелген, беті ақ таңдақ, сұрғылт түсті дөңгелек дактар пайда болады. Сиырда қабыршақтанған дақтар көбінесе басы мен мойынында, сирегірек тұла бойы мен арқасында, сауыры мен құйрығында кездеседі. Алғашқы дақтар маңдайында, көзінің айналасында, езуінде, құлақтың түбінде байқалады. Ал ересек жануарларда қабырға үстінде пайда болады.
Дерт процесінің салмағына байланысты аурудың үстірт, терең (фолликулалық) және өшкін (кәдімгі емес) түрлерін ажыратады. Сақа жануарларда әдетте үстірт және өшкін түрлері, ал жас төлде (бұзауда) фолликулалық түрі кездеседі. Малдың күтімі нашар болса ауру жадағай түрден фолликулалық түрге ауысып, бірнеше айға созылады. Бір жануардың өзінде терінің жадағай және терең зақымдануы қатарынан байқалуы мүмкін.
Үстірт түрі. Алғашқыда теріде жүн ұйпаланған, мөлшері 1-5 см, дөңгелек дақ пайда болады. Сипап көргенде ұсақ бүртіктер сезіледі. Біртіндеп дақ ұлғая бастайды, оның беткі қабаты бастапқыда сыдырылады да, кейіннен асбест тәрізді қабыршақ пайда болады. Қабыршақты сыпырып алғанда, астында жүні сыдырылған терісінің суланған қабаты көрінеді. Дененің зақымданған тұсы қышынады. 5-8 аптадай уақыт өткенде қабыршық түсіп қалады да, орынында жаңадан жүн шыға бастайды.
Терең түрі кезінде терінің қабынуы күштірек байқалады да, ауру ұзаққа созылады. Әдетте ірің бөлінеді де, қураған экссудат кепкен қамыр тәрізді қалың қабыршақ түзеді. Қабыршақты басып көргенде астынан ірің шығады, ал оны сыдырып алса астында қызыл шақаланып ойылған, іріңдеген беткейі көрінеді. Ол жерге іріңдеткіш микробтар түсіп, процесс асқынып кетуі мүмкін. Жануардың денесіндегі қысаға ошақтарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Кейде бірен-саран ғана болады да, кейде өте көп болып, бір –бірімен қосылып жатады. Ауру ұзаққа созылып (2 айдан артық), жазылған жердің орнында тыртық пайда болуы мүмкін. Жас малдар ауырған кезде қатты жүдеп өспей қалады.
Аурудың үстірт түрі әдетте жазғы уақытта, ал терең түрі күз-қыс айларында кездеседі. Жануарлардың қай түлігінде болмасын тығыз, жайсыз, анти-санитариялық жағдайда ұстау, нашар азықтандыру аурудың ауыр өтуіне әкеліп соғады.
Өшкін түрі әдетте жаздың күні сақа жануарларда байқалады. Ауырған малдың басында, кейде денесінің басқа да жерлерінде жүні түсіп, беткі қабаты сыдырылған ошақтар байқалады, бірақ та, айтарлықтай қабыну процесі болмайды. Қабыршақты сыдырып алғанда тегіс, тақыр тері көрінеді. Ол жерде 2 апта өткенде қайтадан жүн шығады.
А.А.Сидорчуктың [10] дерек көзі бойынша трихофития кезіндегі жасырын кезең 5-30 күнге созылады. Кей жағдайда зақымдану шектелген жағдайда болса, кейде жайылған түрде болады.
Мүйізді ірі қараларда, қойларда көбінесе бас және мойын аймақтарының терілері, сирек жағдайда- кеуденің оң жақ бөлігі, арқасы, бөксе аймағы құйрығы зақымдалады.Бұзаулар мен лақтарда алғашқы кезде трихофития ошақтары маңдай терісінде,көз аймағында, аузында, құлақ негізінде, ал ересек жануарларда кеуде клеткасының жандарында кездеседі.Жылқыларда патологиялық процесс бас терісінде, мойнында, арқа аймағында, құйрығында; төс клеткасының аймағында, аяқтарында, жамбастың ішкі жағында кездеседі.
Ф.И.Терентьева, С.Н. Вышелескийдің [32] дерегі бойынша аурудың өршуі саңырақұлақтардың улылығына, жүн структурасына, терінің анатомиялық структурасы мен түсіне, жануар сезімталдығына, саңырауқұлақтын енген жеріне тікелей байланысты.
А.А.Конопаткин,И.А.Бакуловтың [39] мәлімдеуінше жасырын кезеңі-6-30 күн. Аурудың өршуі саңырақұлақтардың улылығына, жүн структурасына, терінің анатомиялық структурасы мен тусіне, жануар сезімталдығына, саңырауқұлақтын енген жеріне тікелей байланысты.
А.Ф.Карышева,С.В. Карышевтың [40] мәліметі бойыншатрихофития кезіндегі жасырын кезең 5-30 күнге созылады. Кей жағдайда зақымдану шектелген жағдайда болса, кейде жайылған түрде болады.
Н.Н. Гугушвили. Б. С. Сенченконың [6] дерегіне қарасақ үстірт, терең және визикулярлық формадағы түрі болады. Тері бөлігі, жүннің түсуі, домалақ немесе сопақша формада болу, сұр-күлгін түсті қыртыс жамылғысымен, тері қабыршағынан тұратын асбест бетіне ұқсаған. Жануар арықтайды, өнімділігі төмендейді, төлі нашар дамиды.
О. Омаровтың [31] мәліметі бойыншанегізгі белгісі- бұзаутазбен ауырған малдың терісінде әрбіреуінің көлемі бұршақтай көптеген түйнектер пайда болады. Олардың кейбіреулерінің беті қабыршақтанады. Бара-бара әрбір түйнектің жиегі айқын белгіленген бетін қабыршақ басқан даққа айналады. Дақ үстіндегі түктер үрпиіп тұрады. Дақ біртіндеп ұлғая түседі, 1,5-3 айдың ішінде оның көлемі алақандай болуы мүмкін.
Қабыршақтың түсі сұрғылт асбест сияқты қатпарланған қабықтардың жалпы қалыңдығы 2-7 мм, кейде 1 сантиметрге дейін жетеді. Зақымданған жердегі түктің түсі оңып кетеді, ал майысу қабілетінен айырылып, морт, сынғақ болады.
1-2 айдан соң зақымданған жер біртіндеп қбыршақтан арылады, оның бетіне жаңадан түк шыға бастайды. Дер кезінде емдемесе, терідегі зақым ұлғайып, дененің сау жерлеріне шабады. Кейде мұндай учаскелер тұтасып кетеді, ондай жердің терісі қыртысталып қалыңдайды. Бұзаутаз шыққан жер өне бойы қышиды, кейде тіпті дуылдауы да мүмкін. Көбінесе тұмсыққа қамыр жабысқан сияқты болып бұзаудың тұмсығы зақымданады.
Е. Наурызбаев, Ә. Сұлтанбековтың [30] айтуынша аурудың жасырын кезеңі 15-30 күн аралығында өтеді. Ауырған бұзаудың терісінде яғни көз бен танау айналасында, құлақ түбінде, мойын, арқада, кеуде мен бақайда, сауыр мен шонданайда әрбіреуінің көлемі бұршақтай көптеген түйнектер пайда болады. Олардың кейбіреуінің беті қабыршақтанып, бара-бара жиегі айқындалып, бетін қабыршақ басып даққа айналады. Дақтың үсті жүні үрпиіп, бозғылт тартады. Уақыт өткен сайын, дақ бірте-бірте үлкейіп, небары 1,5-3 айда оның көлемі алақандай болады.
Х.Д. Хайдрих, И. Грунердің [11] мәліметі бойынша ауру басынан және мойнынан басталады, теріде тиынның үлкендігіндей дөңгелек шашы түскен бөліктері пайда болады. Бөліктері қабыршақ жәнеқайызғақпен жабылады. Содан кейін алдағы уақытта осындай прцесте бөліктері бір-бірімен бірігіп оның ауқымы үлкейіп бүкіл денеге таралады. Қышыну айтарлықтай болмайды. Бұл жұғымталдылық трихофитияға тән.
В.В. Максимовичтың [12] дерек көзі бойынша аурудың клиникалық білінуі малдың жасы, иммунитет жағдайына, түріне, қоздырғыштың зардаптылық көрсеткіштеріне байланысты. Көптеген бейім келетін жануарлар түрлерінің ауру белгілері ұқсас болып табылады.
Жасырын кезеңі 30 күннен тұрады. Клиникалық формаларының беткейлік, терең, өшкін түрлері кездеседі. Беткейлік және өшкін түрін көбіне үлкен малда кездеседі, терең түрі төлде.
И.А. Бакулов, В. А. Семенихин, В.А. Ведерниковтың [26] айтуы бойынша беткейлік, терең(фолликулярлық), өшкін(атипті) болып бөлеміз. Жасырын кезеңі 8-30 күн. М.і.қ. бас терісі, мойын және кейде арқасы, анус айналасы, ал бұзауда-ауыз айналасы, көз, маңдай және құлақ зақымданады.
Н.А.Бакулов, Е.И. Буткиннің[28] мәлімдеуінше аурудың бірнеше клиникалық формаларын ажыратады: сыртқы, тереңдегі (фолликулярлық), көрнексіз(атиптік). Жасырын кезеңі -8-30 күн. Ірі қара малында ең алдымен басының, мойынның, сирегірек арқасының, тік ішек тұсының және басқа жерлердің терісі, ал сүт ішетін және еміп жүрген бұзауларда- ауыздың айналасындағы, көз, маңдай маңы және құлақтар түбінің терілері зақымданады.
