- •1.Қола дәуіріндегі қазақстан
- •3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Моңғолдардың Қазақстан және орта азия жерлерін жаулап алуы
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы 2015
- •Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
- •2.Шығай ,Тәуекел,Есім хандар кезіндегі Қазақ хандығы
- •2.Қазақтың ұлы ханы – Абылай хан
- •1.Қаңлылар
- •3. «Қазақстан – 2050»даму бағдарламасы
- •1.Оғыз мемлекеті
- •2.Қазақ жүздері.Қазақ жүздерінің тарихы
- •2.Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
- •3.Қазақстанның қазіргі замандағы экологиялық проблемалары
- •2. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі
- •2.Ішкі Бөкей ордадағы 1836-1838ж ж. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Қазақстанның ұлы отан соғысынан кейінгі жылдарда
- •2.Қазақстандағы ақпан революциясы және қос өкімет
- •3.Ксро-ның ыдырауы.. Тмд-ның қурылуы.
- •1.Үйсін тайпалары
- •2.Қазақ халқының қалыптасуы
- •3.Қазақ акср-нің құрылуы
- •3.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
- •1.Ж.Нұрмұхамедұлы басқарған сырдария қазақтарының көтерілісі
- •1.Ноғай ордасы.Сібір хандығы
- •2.«Айқап» журналы және «Қазақ» газеті
- •3.“Невада-Семей” қозғалысы
- •1.Қазақстанның 6-12ғ материалдық мәдениеті
- •3.Қазақ халықтары ассамблеясы
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •2.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі
- •3.Қайта құру бағыты
- •1.Моғолстан мемлекеті
- •2.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі
- •3.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
- •1.Қазақ хандығына 550 жыл
- •2.Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
- •3.Қазақ медицинасының дамуы
- •2.Қазақтың ұлы данасы абай құнанбайұлы
- •3.Семей қаласы Қазақстанның рухани-мәдени орталығы
- •1.Қазақ хандығының құрылуы
- •2.1921-1922 Жж Жер – су реформасы.
- •1.Қазақ өлкесіне Моңғол шапшқыншылығының тигізген зардаптары.
- •2.1916Ж ұлт азаттық көтеріліс алғышарттары тарихи маңызы
- •3.19Ғ Қазақстанның білім мен ғылымының дамуы
- •2.Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
- •3.Қазақстан республикасының валютасы
- •1.Қазақстан территориясындағы Ұлы жібек жолының маңызы
- •2.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •3.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына көмегі
- •1.Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
- •2.К.Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Ұлы отан соғысының батырлары
- •1.Қасым және Хақназар тұсындағы қазақ хандығы
- •1.«Жеті жарғы» заңдар жинағы : қарастырылған мәселелер және оның қазақ құқығындағы рольі
- •3.20Ғ 1950-60жж өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының дамуы
- •1.Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •2.19Ғ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
- •3.Қазақстандағы ұжымдастыру барысы,нәтижесі
- •1.Қазақ өлкесіндегі 1917 жылғы құрылған саяси партиялар мен ағымдар
- •3.20Ғ басындағы қазақ зиялылары/ ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов/
1.Қаңлылар
Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған.Қаңлы мемлекеті Үйсін мемлекетімен бірқатарда тарихи сахнаға шыққан. Қаңлылардың астанасы –Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған. Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары - уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.Арыстың сол жағалауында 100 шаршы шақырым аумақта 20 шақты төбе жатыр. Соның бірі - Көк-Мардан қаласының орны. Бұл жерден табылған үй балшықтан соғылып, пешпен жылытылған. Үйдің екінші бөлмесі - қоймада құмандар және тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған балшық кеспектер орналасқан. Ошақ қасынан дәнүккіштер мен диірмен табылды. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады. Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з.1мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады.Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған.Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар - б.з.5 ғасыры аралығында өмір сүрген.Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген.Б.з.б.6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.
2.Алтын Орда — орта ғасырларда (1243 – 1503) Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Күш-қуаты толысып, өркендеген кезеңде (13 – 14 ғасырлар) мемлекет жерінің аумағы 10 млн. км2-ден асты. Оның құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236 – 42). Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257 – 66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдап, біртіндеп жергілікті түркі халықтарына араласып кетті. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жасақ заңымен реттелінді. Бұл заңның дәстүрлі нормалары кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне де енгізілді. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алды. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясына шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266-80) тұсында дербестікке қол жеткізді. Туда-Мөңке (1280 – 87), Төле-Бұқа (1287 – 91), Тоқты (1292 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, алшын, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Ол Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет исламданды. Бірақ 14 ғасырдың 2-жартысынан бастап орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, Қара теңіз өңірінде Мамай ордасы қалыптасты. Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде де жергілікті билік күшейді. Ол өзгерістер оның құрамындағы Ақ Орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ақ Орда билеушісі Орыс хан 1374 – 75 ж. Сарай қаласын, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. 1377 ж. Орыс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің көмегімен билікке келді. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеу үшін Әмір Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін талқандады. Кейін Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігіне өтті. 1395 ж. Солтүстік Кавказдағы Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері тағы да ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этносаяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағының өзгеруіне, соның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. 1502 ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428 – 1792), Қазан (1437 – 1556), Қасым (1445 – 1681), Астрахан (1466 – 1557), Сібір (1563 – 1656), Башқұрт (1656 – 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде шамамен 1456 – 66 ж. қалыптасты.
