- •1.Қола дәуіріндегі қазақстан
- •3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Моңғолдардың Қазақстан және орта азия жерлерін жаулап алуы
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы 2015
- •Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
- •2.Шығай ,Тәуекел,Есім хандар кезіндегі Қазақ хандығы
- •2.Қазақтың ұлы ханы – Абылай хан
- •1.Қаңлылар
- •3. «Қазақстан – 2050»даму бағдарламасы
- •1.Оғыз мемлекеті
- •2.Қазақ жүздері.Қазақ жүздерінің тарихы
- •2.Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
- •3.Қазақстанның қазіргі замандағы экологиялық проблемалары
- •2. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі
- •2.Ішкі Бөкей ордадағы 1836-1838ж ж. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Қазақстанның ұлы отан соғысынан кейінгі жылдарда
- •2.Қазақстандағы ақпан революциясы және қос өкімет
- •3.Ксро-ның ыдырауы.. Тмд-ның қурылуы.
- •1.Үйсін тайпалары
- •2.Қазақ халқының қалыптасуы
- •3.Қазақ акср-нің құрылуы
- •3.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
- •1.Ж.Нұрмұхамедұлы басқарған сырдария қазақтарының көтерілісі
- •1.Ноғай ордасы.Сібір хандығы
- •2.«Айқап» журналы және «Қазақ» газеті
- •3.“Невада-Семей” қозғалысы
- •1.Қазақстанның 6-12ғ материалдық мәдениеті
- •3.Қазақ халықтары ассамблеясы
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •2.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі
- •3.Қайта құру бағыты
- •1.Моғолстан мемлекеті
- •2.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі
- •3.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
- •1.Қазақ хандығына 550 жыл
- •2.Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
- •3.Қазақ медицинасының дамуы
- •2.Қазақтың ұлы данасы абай құнанбайұлы
- •3.Семей қаласы Қазақстанның рухани-мәдени орталығы
- •1.Қазақ хандығының құрылуы
- •2.1921-1922 Жж Жер – су реформасы.
- •1.Қазақ өлкесіне Моңғол шапшқыншылығының тигізген зардаптары.
- •2.1916Ж ұлт азаттық көтеріліс алғышарттары тарихи маңызы
- •3.19Ғ Қазақстанның білім мен ғылымының дамуы
- •2.Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
- •3.Қазақстан республикасының валютасы
- •1.Қазақстан территориясындағы Ұлы жібек жолының маңызы
- •2.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •3.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына көмегі
- •1.Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
- •2.К.Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Ұлы отан соғысының батырлары
- •1.Қасым және Хақназар тұсындағы қазақ хандығы
- •1.«Жеті жарғы» заңдар жинағы : қарастырылған мәселелер және оның қазақ құқығындағы рольі
- •3.20Ғ 1950-60жж өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының дамуы
- •1.Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •2.19Ғ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
- •3.Қазақстандағы ұжымдастыру барысы,нәтижесі
- •1.Қазақ өлкесіндегі 1917 жылғы құрылған саяси партиялар мен ағымдар
- •3.20Ғ басындағы қазақ зиялылары/ ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов/
3.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:
-Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді.
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.
Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.
Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.
ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
Тарихи маңызы:
- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.
- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.
Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.
№ 14 Билет
