- •1.Қола дәуіріндегі қазақстан
- •3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Моңғолдардың Қазақстан және орта азия жерлерін жаулап алуы
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы 2015
- •Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
- •2.Шығай ,Тәуекел,Есім хандар кезіндегі Қазақ хандығы
- •2.Қазақтың ұлы ханы – Абылай хан
- •1.Қаңлылар
- •3. «Қазақстан – 2050»даму бағдарламасы
- •1.Оғыз мемлекеті
- •2.Қазақ жүздері.Қазақ жүздерінің тарихы
- •2.Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
- •3.Қазақстанның қазіргі замандағы экологиялық проблемалары
- •2. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі
- •2.Ішкі Бөкей ордадағы 1836-1838ж ж. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Қазақстанның ұлы отан соғысынан кейінгі жылдарда
- •2.Қазақстандағы ақпан революциясы және қос өкімет
- •3.Ксро-ның ыдырауы.. Тмд-ның қурылуы.
- •1.Үйсін тайпалары
- •2.Қазақ халқының қалыптасуы
- •3.Қазақ акср-нің құрылуы
- •3.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
- •1.Ж.Нұрмұхамедұлы басқарған сырдария қазақтарының көтерілісі
- •1.Ноғай ордасы.Сібір хандығы
- •2.«Айқап» журналы және «Қазақ» газеті
- •3.“Невада-Семей” қозғалысы
- •1.Қазақстанның 6-12ғ материалдық мәдениеті
- •3.Қазақ халықтары ассамблеясы
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •2.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі
- •3.Қайта құру бағыты
- •1.Моғолстан мемлекеті
- •2.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі
- •3.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
- •1.Қазақ хандығына 550 жыл
- •2.Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
- •3.Қазақ медицинасының дамуы
- •2.Қазақтың ұлы данасы абай құнанбайұлы
- •3.Семей қаласы Қазақстанның рухани-мәдени орталығы
- •1.Қазақ хандығының құрылуы
- •2.1921-1922 Жж Жер – су реформасы.
- •1.Қазақ өлкесіне Моңғол шапшқыншылығының тигізген зардаптары.
- •2.1916Ж ұлт азаттық көтеріліс алғышарттары тарихи маңызы
- •3.19Ғ Қазақстанның білім мен ғылымының дамуы
- •2.Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
- •3.Қазақстан республикасының валютасы
- •1.Қазақстан территориясындағы Ұлы жібек жолының маңызы
- •2.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •3.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына көмегі
- •1.Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
- •2.К.Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Ұлы отан соғысының батырлары
- •1.Қасым және Хақназар тұсындағы қазақ хандығы
- •1.«Жеті жарғы» заңдар жинағы : қарастырылған мәселелер және оның қазақ құқығындағы рольі
- •3.20Ғ 1950-60жж өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының дамуы
- •1.Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •2.19Ғ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
- •3.Қазақстандағы ұжымдастыру барысы,нәтижесі
- •1.Қазақ өлкесіндегі 1917 жылғы құрылған саяси партиялар мен ағымдар
- •3.20Ғ басындағы қазақ зиялылары/ ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов/
2.Шығай ,Тәуекел,Есім хандар кезіндегі Қазақ хандығы
Шығай хан тұсында
Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған.Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.
Тәуекел хан кезеңі
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды.1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады.Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
3. Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметі.Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітірген.Тау кен инженері мамандығын алған Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 1955—60 және 1962—64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.Халқымыздың біртуар ұлы, дана да, дара Д.А. Қонаев туралы оқып білгісі келген оқырманды Ғылыми кітапхананың Ақпараттық–библиографиялық секторында ұйымдастырылған «Д.А. Қонаев –мемлекет және қоғам қайраткері» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме сіздердің назарларыңызға тау тұлғалы кемеңгердің өмірі мен халқының болашағы үшін қызмет еткен жылдарының айғағы болатын кітаптар, баспа материалдарын ұсынады.
№ 4 Билет
1.ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ — шамамен 11 — 13 ғ-ларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. 11 ғ-дың бас кезінде Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11 ғ-дың 2-ширегінен бастап оңт. және бат. бағыттарда белсенді әрекетке көшті. Алдымен, Сырдарияның орта және төм. ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11 ғ-дың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Алдымен, Солт. Кавказ халықтары мен ежелгі орыс князьдіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейіннен олар Византия империясы (1064), Болгария жеріне (1065) әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 — 80 ж. алғашқы тобы (кұмандар) Дунай өз-не келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға да (11 ғ.) тарай бастады. 1064 ж. армяндардың Баграт әулеті салжұқтардан ығысып, Қырымға көшіп келді де, қыпшақтармен қоян-қолтық араласты. Саяси жағынан кіріптар болғандықтан, армяндар қыпшақ тілін үйреніп, сол тілде жазатын болған. Кұмандар 12 ғ-дың бас кезінде Соломон патшаның тұсында Карпат тауы арқылы Польша жеріне өтті, кейбір топтары Византия жеріне келіп орналасты. Сонымен 11 — 12 ғ-ларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған аса үлкен еуразиялық өлы даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар аталды. Олар екіге бөлініп, Еділ өз-нің шығыс жағында Шығ. Дешті Қыпшақ, ал батысында Бат. Дешті Қыпшақ тайпалар одағы құрылды. 12 ғ-дың ортасынан Сырдария бойындағы қалалар үшін Қ. х мен Хорезм мемл. арасында соғыс басталды. Осы кезден Қ. х. әлсірей бастады. Өйткені қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет ете бастады әрі ішкі тақ тартысы күшейді. Хорезм қыпшақтардан Сырдарияның төм. ағысын және Маңғыстауды тартып алды. 13 ғ-дың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында Қ. х. ыдырау алдында тұрды. Таққа тек ел-бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Қ. х. ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Оң қанаттағы хан ордасы Солт.-Бат. Қазақстанда, сол қанат Сығанақ қ-нда орналасты. Әскери-әкімш. жүйе көшпелі өмірге ыңғайлы болды. Негізгі байлық жылқымен өлшенді. Дегенмен мал ш-мен қоса егіншілік те дамыды. 11 — 12 ғ-ларда өлы даланы мекендеген түркі тайпалары мен этностары біртұтас болып бірікті. Бұл кейіннен қазақ халқының қалыптасуына негізгі ұйтқы болды. Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орт. Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13 ғ-дың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этн. негізінде құрылған автон. бірлестік — Ақ Орда күшейе бастады. 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы (Шығ. Дешті Қыпшақ) мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15 ғ-дың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.
