- •1.Қола дәуіріндегі қазақстан
- •3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Моңғолдардың Қазақстан және орта азия жерлерін жаулап алуы
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы 2015
- •Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы
- •2.Шығай ,Тәуекел,Есім хандар кезіндегі Қазақ хандығы
- •2.Қазақтың ұлы ханы – Абылай хан
- •1.Қаңлылар
- •3. «Қазақстан – 2050»даму бағдарламасы
- •1.Оғыз мемлекеті
- •2.Қазақ жүздері.Қазақ жүздерінің тарихы
- •2.Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)
- •3.Қазақстанның қазіргі замандағы экологиялық проблемалары
- •2. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі
- •3.Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегі
- •2.Ішкі Бөкей ордадағы 1836-1838ж ж. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Қазақстанның ұлы отан соғысынан кейінгі жылдарда
- •2.Қазақстандағы ақпан революциясы және қос өкімет
- •3.Ксро-ның ыдырауы.. Тмд-ның қурылуы.
- •1.Үйсін тайпалары
- •2.Қазақ халқының қалыптасуы
- •3.Қазақ акср-нің құрылуы
- •3.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
- •1.Ж.Нұрмұхамедұлы басқарған сырдария қазақтарының көтерілісі
- •1.Ноғай ордасы.Сібір хандығы
- •2.«Айқап» журналы және «Қазақ» газеті
- •3.“Невада-Семей” қозғалысы
- •1.Қазақстанның 6-12ғ материалдық мәдениеті
- •3.Қазақ халықтары ассамблеясы
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •2.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі
- •3.Қайта құру бағыты
- •1.Моғолстан мемлекеті
- •2.Азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі
- •3.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
- •1.Қазақ хандығына 550 жыл
- •2.Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
- •3.Қазақ медицинасының дамуы
- •2.Қазақтың ұлы данасы абай құнанбайұлы
- •3.Семей қаласы Қазақстанның рухани-мәдени орталығы
- •1.Қазақ хандығының құрылуы
- •2.1921-1922 Жж Жер – су реформасы.
- •1.Қазақ өлкесіне Моңғол шапшқыншылығының тигізген зардаптары.
- •2.1916Ж ұлт азаттық көтеріліс алғышарттары тарихи маңызы
- •3.19Ғ Қазақстанның білім мен ғылымының дамуы
- •2.Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
- •3.Қазақстан республикасының валютасы
- •1.Қазақстан территориясындағы Ұлы жібек жолының маңызы
- •2.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •3.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына көмегі
- •1.Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
- •2.К.Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісі
- •3.Ұлы отан соғысының батырлары
- •1.Қасым және Хақназар тұсындағы қазақ хандығы
- •1.«Жеті жарғы» заңдар жинағы : қарастырылған мәселелер және оның қазақ құқығындағы рольі
- •3.20Ғ 1950-60жж өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының дамуы
- •1.Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •2.19Ғ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
- •3.Қазақстандағы ұжымдастыру барысы,нәтижесі
- •1.Қазақ өлкесіндегі 1917 жылғы құрылған саяси партиялар мен ағымдар
- •3.20Ғ басындағы қазақ зиялылары/ ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов/
2.Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
Ұлы отан соғысы, кеңес-герман соғысы, екінші дүниежүзілік соғыстағы шығыс майдан (1941 — 45) — Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941 ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Финляндия, Румыния, Италия мен Венгрияның тарапынан да соғыс қимылдарын жүргізу қарастырылған. Құрлықтағы әскерлердің шабуылы әуе және әскери-теңіз күштерімен күшейтіліп, Кеңес Одағының шығысындағы өнеркәсіп орт-тарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орт-на әуеден соққы беру және Балтық т-нде үстемдікке жету көзделді. Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссариатқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғ. басқармасы 153 дивизия бөлді, оған одақтастары КСРО-ға қарсы 37 дивизия қосты. КСРО шекарасына барлығы 190 дивизия шоғырландырылды. КСРО-ға соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери-экон. қуатын нығайтып, мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген елдердің көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік-траспорттарын пайдалануға мүмкіндігі болды. Германияның қарулы күштері құрамында 1941 ж. маусым айында барлығы 7,3 млн. адам қызмет атқарды. Соғыстың болатынын алдын ала біліп отырғанымен Кеңес Одағы оған дайын болмай шықты. И.В. Сталин мен КСРО Қарулы Күштері басшылары (К.С. Тимошенко, т.б.) соғыс алдында және соғыстың алғашқы күндерінде көптеген қателіктерге жол берді. Басқыншыларға алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда қалғандарына қарамастан кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Мыс., соғыстың 5-күні құрамында капитан А.Маслов, сержант Б.Бейсікбаев бар бомбалаушы ұшағы әскери тапсырмамен шығып, өртенді. Ұшқыштар өртенген ұшақты жау танкілері мен бензин цистерналары шоғырланған колоннаға бағыттады. Қоршауда қалған көптеген шекаралық заставалар мен бекініс аудандары жауға бірнеше тәулік бойы тосқауыл болды (қ. Брест қорғанысы). 1941 ж. 30 маусымда Сталиннің төрағалығымен Мемл. Қорғаныс к-ті құрылды. Ол бүкіл елдегі саяси, әскери және шаруашылық билігін қолға алды. Ұ. О. с. кезінде бүкіл халықтың патриоттық қозғалысы нәтижесінде “Қорғаныс қоры”, “Жеңіс қоры” жасалып, 94,5 млрд. сом қаржы жиналды. Мұның 5 млрд. сомын Қазақстан еңбекшілері берді. Кеңес Армиясына 427 млн. снаряд пен мина, 17 млрд-қа жуық патрон, 13 млн. т-дан астам жанар май, 40 млн. т-ға жуық тамақ, азық-түлік жіберілді.
3.Қазақ медицинасының дамуы
Қазақ медицина ғылымының даму тарихы Қызылорда қаласында 1925ж 17 қыркүйек айында Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институт ғылыми мекемесінің ұйымдастырылуынан кейін басталады. Институттың нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Оның қатарында екпе дайындаумен қатар Қазақстандағы зертханаларға басшылық жасау, қызмет шеңбері аясында әртүрлі ғылыми мәселелерді өңдеу мақсаттары да қаралды. Институт біраз уақытқа дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген республикадағы жалғыз ғылыми – тәжірибелік мекеме болып табылды. Қазақстандағы медицина ғылымының даму тарихын баяндайтын құжаттардың деректеріне сүйенсек Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінің ашылуымен медицина саласында ілгері қарай даму байқалады.Қазақстанда медициналық ЖОО құру мәселесі 1928ж көтеріле бастады. Өйткені республикада медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының мәліметтері бойынша 1930 жылы республикада барлығы 737 дәрігер,45 тіс дәрігері, 165 фармацевт, 602 мейірбике болған. Әсіресе ауылдық жерлерде 30 % аудандарда ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Осындай қиын жағдайдан шығудың шешімі ЖОО ашу болды.1930 жылы желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік медицина институты ашылды. Институт штатында 10 кафедрада 5 профессор: Асфендияров С.Д.(зав.каф.общественных наук), Авербург В.В. (зав.каф.гистологии), Захваткин В.А. (зав.каф.биологии), Исаев П.О. (зав.каф.морфологии, позднее каф.нормальной анатомии), Литвинова Н.Н. (зав.каф.химии), 4 доцент, 13 ассистент, 2 оқытушы қызмет етті.Институтка 1 курсқа 135 білім алушы қабылданды, оның 62 қазақ ұлты.1931 жылы оқуға қабылданғандар саны 142, оның 52 қазақ, 57 орыс, қалғаны басқа ұлт өкілдері болды. 1934ж 571 білім алушы, оның 156 қазақ, 283 орыс,132 басқа ұлт өкілдері болды. 1934 жылы оқытушылар құрамы: 12 профессор, 7 доцент, 19 ассистент, 9 оқытушы болды. Оқу орны ашылған кезде тек 1 емдеу факультеті ғана болды.30ж басында жас ғалым маман кадрлардың тапшылығы сезілді. Осы міселеге байланысты Қаз ОАК 1934 жылы 3 қаңтардағы шешімімен 25 адам аспирантураға қабылданды. Аспиранттардың барлығына 300 сом көлемінде шәкіртақы белгіленді.Бастапқы кезде зерттеу жұмыстарын жүргізуге жабдықтар және база болмады, алғашқы түлектер арасында қазақтар аз болды, ғылыми мектептер қалыптаспады.1935 жылы институт құрылымында 28 кафедра болды, әйгілі ғалымдар жұмыс істеді. Ресейден келген ғалымдар: Баккал И.С. – хирургия кафедрасының меңгерушісі, Ермолаев В.Г. –отоларингология кафедрасының меңгерушісі, Телятников С.И. – терапии кафедрасының меңгерушісі, Федорович А.И. – балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі, Стеблов Е.М. – жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, Вульпе И.Н. – психиатрия кафедрасының меңгерушісі, Удинцев Г.Н. – терапии кафедрасының меңгерушісі, Исаев П.О. – анатомия кафедрасының меңгерушісі, Сызганов А.Н. – топографической, оперативной хирургии и общей хирургии кафедрасының меңгерушісі, Сутин И.А. – микробиология кафедрасының меңгерушісі, Попов Н.Н. – жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі және басқалар.1931-1932жж Алматыда 5 ғылыми-зерттеу медициналық институты жұмыс істеді. Медициналық институттың оқытушылары ғылыми-зерттеу институтымен белсенді жұмыстар атқарды, олар экспериментальды жұмыстар жүргізді, бірлесіп конференциялар мен экспедицияларға қатысты. 1.Өлкелік әлеуметтік денсаулық институтынының қызметкерлері қоғамдық тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету мәселелерімен, ішек жұқпасының алдын алу іс-шараларын әзірлеумен, Риддер қаласына өндірістік дене жарақаттарын зерттеумен, Турксіб жұмысшыларының ауруларына қорытынды жасаумен айналысты.
2.1931ж Ана мен баланы қорғау институты ашылды.
3. Өлкелік венерологиялық институт.
4. Қазақ мемлекеттік туберкулез институты.
5. Өлкелік санитарлық – бактериологиялық институт.
1913ж Қазақстанда барлығы 196 дәрігер болса, 1933 жылы дәрігерлер саны 1115 жетті.
1932 жылы 2069 орта медицин қызметкері болса, 1934 жылы 4243 болды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1930ж ашылған медициналық техникумдар саны арқылы көбейді.1923 жылы Орынборда алғашқы медициналық техникум ашылды. Оқу мерзімі 2 жыл дайындық курсымен бірге есептегенде 6 жылды құрады. 1929ж аталған техникумды 35 адам аяқтады. Оның 24 қазақ. Техникумды бітіргендер емші, акушерлер мен тіс дәрігерлерінің көмекшілері мамандығын алып шықты. Сонымен қатар техникумда бірнеше даярлық курстары да болды: медициналық институтқа, акушерлік курстарға, жұмысшы факультетіне даярлау. 1929 жылы техникум Орынбор қаласынан Орал қаласына ауыстырылды. 1928 ж Қызылорда қаласында медициналық техникум ашылды. Бастапқы кезеңде ол ана мен баланы қорғау бойынша мамандар даярлады, 1933 жылы дәрігер-педиатрлардың көмекшілерін даярлайтын мамандарға ауыстырылса, 1934 жылдың қаңтарынан бастап венеролог дәрігерлердің көмекшілерін де даярлай бастады.1928 жылы Петропавловскда медициналық техникумдар ашылды. Осы жылы Қостанайда акушерлік техникумда ашылды.1928 жылы Семей қаласында 3 айлық оқу мерзімімен акушерлік техникум ашылады. 1930 жылы осы оқу орнымен қатар Қазақ өлкелік фармтехникумы ашылады, бұл техникум 20 жыл бойы Республикадағы фармацевттер даярлайтын жалғыз оқу орны болады. 1936 жылдың қыркүйек айында акушерлік техникум фельдшерлер мен акушерлер даярлайтын фельдшерлік-акушерлік мектеп болып өзгертіледі. 1948 жылдың желтоқсан айында КСРО денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен фельдшерлік-акушерлік мектеп фармтехникумымен біріктіріледі. 1954 жылдың тамыз айында біздің оқу орны медицина училищесі болып өзгертіледі, ал 1996 жылдың шілде айынан медицина колледжі болады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен колледжге қазақтың тұңғыш фельдшерлерінің бірі – Дүйсенбі Қалматаевтың аты беріледі.1930 жылы Шымкентте, Ақтөбеде медициналық техникумдар ашылды.1931 жылға қарай Қазақстанда 7 орта медициналық оқу орындары болды. 1932 жылы онда 2340 білім алушы болса, оның 1182 қазақ ұлты болды. Республиканың Денсаулық сақтау бойынша Халық комиссариаты сапалы, білімді мамандар даярлауға көңіл бөле бастады. Сондықтан оқу орындарының ғимараттарын кеңейту, клиникаларын құрылысын ұлғайту, білікті мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, 1935ж 1 қыркүйегіне дейін медициналық институттың жатақханасының құрылысын аяқтау, қосалқы шаруашылықты нығайту, студенттік асхананың жұмысын жақсарту, шәкіртақы көлемін өсіру мәселелері басты назарда болды.
№ 21 Билет
1.6-12ғ жазудың ,тілдің және өнердің дамуыТіл және жазу. Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған . Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі. Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді. Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді. Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.
