Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_2015-1-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355.08 Кб
Скачать

2.Қазақ жүздері.Қазақ жүздерінің тарихы

Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар. Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз — үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына – жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енеді.

Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 – 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40 – жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орналасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады.Қазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Соның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз — арғын» атандырған. Оның құрамына – арғын, найман, уақ, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді.Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен – жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді. XVI – XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандаодың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке – дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік — батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен – жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, Кіші жүз елі – солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстан Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде Маңғыт немесе Ноғайлы тайпалар одағы қалыптасқан–ды. Бұл одақтың құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен болар. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, мүмкін сәл кейінректе шығар, Ноғай Ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Сондықтан да Кіші жүз қазақтарын ел арасында «Кіші жүз — Алшын» атандырған. Оның құрамына – 12 ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш); Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан); 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) енеді.Байұлы рулары XVIII ғасырда негізінен Кіші жүз жерінің оңтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Жем бойын, Сам құмы мен Маңғыстау түбегінде мекендейтін; Жетірудың көпшілігі Қазақстанның солтүстік – батысын, яғни Жайық өзенінің орта ағысын, Қобда, Елек және Ор өзендерінің бойын және Мұхалжар тауларының қойнауларын мекендейтін; Әлімұлы ұрпағы Батыс Қазақстанның кең – байтақ шығыс өңірін, яғни Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында, Шалқар көлінің төңірегінде, Кіші және Үлкен Борсық құмдары мен Қарқұм атырабында және Сырдарияның төменгі ағысында мекендейтін. XVI – XVII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген негізгі ру – тайпалық топтар Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер арқылы қазақтың үш жүзіне бірдей хандық билігін жүргізді.

3.Қазіргі кездегі қазақстан мәдениеті.Қазақстан дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді.Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады.

Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.

Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.

Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.

7 Билет

1.Сақ тайпасы САҚТАР — ерте темір дәуірінде Қазақстан, Таулы Алтай, Орта Азия, Солт. Үндістан, Ауғанстан өлкелерін мекендеген тайпаларға байланысты көне дәуірден жеткен жазба деректер арқылы танымал жалпылама атау. Сақ бірлестіктері туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антика дәуірінің авторлары (гректер) — Геродот (б.з.б. 5 ғ.), Ксенофонт (б.з.б. 6 — 5 ғ-лар), Птоломей (б.з.б. 2 ғ.), т.б. жазба деректері; 2) ахемен әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Ішінара Қытай деректерінде де “се” тайпалары аталады. Жазба деректерде кездесетін “сақтар” және олардың түрлі тайпаларының атауларына байланысты мәліметтер қысқа, үстірт айтылғандығымен ерекшеленеді, толық, неғұрлым көлемді сипаттамалар жоқ. Парсы жазбалары тұрақты түрде “сақ” атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды “Азия скифтері” деп атайды. С. Қара т. бен Днепр бойындағы “скифтердің”, Төм. Еділдегі “савроматтардың”, Кир мен Дарий І уақытындағы парсылардың, Геродот, Александар Македонский уақытындағы гректердің замандастары болған. Олар көне парсылармен тығыз байланыс жасап, б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда парсылардың Ахемен әулеті билеген мемлекеті құрамына кірген. Ғылымда С-дың үш үлкен тобы туралы мәліметтер (көне парсы деректері бойынша) кеңінен қолданылады. Бұлар: хаумаварга сақтары (яғни, хаома қасиетті ішімдігін пайдаланатын сақтар), тиграхауда сақтары (шошақ бөрікті сақтар), тиай-парадрайа сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар). Мұның алдыңғы екеуін Геродот амюргилер және ортокарибантилер деп атаған. Көптеген ғалымдар Жетісуды, Қазақстанның оңт. өлкелерін, Солт. Қырғызстан мен Шаш (Ташкент) өңірін тиграхауда сақтары мекендеген, сондай-ақ олардың қатарына Алтай тайпалары да кірген деп есептейді. Көне грек деректеріне сүйене отырып, басқа да сақ тайпаларының мекендеген орындары жайлы болжамдар жасалуда. Мыс., аргиппей, исседон сақтары Қазақстанның солт.-батысы, солт. және орт-ндағы өлкелерді, ал аримаспы сақтары шығыстағы өлкелерді мекендеген деп пайымдалады. Бір айта кететін жайт, мәліметтердің көлемі мен сапасына байланысты, көне жазба деректерде кездесетін сол дәуірдегі түрлі тайпалық атауларды толығынан талдап, орналастыру өте күрделі мәселелерге жатады. Көбіне сақ бірлестіктері сияқты шартты атаулар кеңінен қолданылады да, екінші сатыдағы нақты өлкелік атауларды пайдалануда неғұрлым байсалды тәсілдер пайдаланылады. Ғылымда Бехистун сына жазуында бейнеленген С-дың тиграхауда бірлестігіне жататыны, парсылардың ең алдымен осы тайпалармен қарым-қатынас жасағаны жайлы пікір кеңінен орныққан. Жартастағы бейнелер парсыларға тәуелді С-дың сыйлықтар әкеліп тұрғанын көрсетеді, ал олардың басшысы осы “шошақ бөрікті сақтардың” патшасы Скунханың өзі болуы мүмкін. Қазіргі тарих ғылымында парсы патшалары Кир мен Дарийдің Қазақстан жеріне келген бағыттары әлі толық анықталмаған, бірақ олардың сақтар мен массагеттерге қарсы жорық жасағаны, жалпы алғанда, бұл жорықтардың сәтсіз аяқталғаны тарихи шындық деп есептеледі. Тарихи зерттеулерге қарағанда, Кир әуелі сақтармен әскери одақта болып, Лидия патшасы Крезбен соғысқан. Одақты өзі бұзған Кир бұдан соң, б.з.б. 6 ғ-дың басында сақ-массагеттер еліне шабуыл жасаған және “шошақ бөріктілердің” табан тірескен қарсылығына тап болған. Дала жағдайында жауды әлсіретіп барып, өршелене тап берген сақтармен болған қиян-кескі шайқаста Кир әскері түгелдей талқандалады, оның өзі де қаза табады. Осы оқиға туралы баяндаған Геродот Ұлы Далада кеңінен тараған әңгіме ретінде сақ патшайымы Томирис жайлы атақты аңызды келтірген. Көнеден жеткен әфсана бойынша, қан майданда ержүрек ұлынан айырылып, жаны күйзелген Томирис шайқастан соң қан толтырылған торсыққа Кирдің басын салып, “сен осы қанды аңсап келіп едің, іш енді” деген екен. Бұдан кейін Дарий І-нің де б.з.б. 518 ж. сақтарға жорық жасағаны, бірақ оларды бағындыра алмағаны белгілі. Осы жорық кезінде әдейі парсылар жағына өтіп, оларды алдап, сусыз шөл далаға ертіп апарған сақ патриоты Ширақ жайлы аңызды грек тарихшысы Полиен жазып қалдырған. Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алуға келген А.Македонский әскерімен аяусыз күрес жүргізген сақ қаһарманы Спитамен туралы деректер белгілі. Көне дәуірдің жазба деректерінде сақ тайпалары негізінен мал ш-н өркендеткен, жақсы қаруланған, ержүрек дала тұрғындары ретінде суреттеледі. Олардың киізбен жабылған үйлері, мыңғырған малы, соғысқа тым бейімділігі, әсіресе атты әскерлерінің теңдессіз шеберлігі айтылады. Сақтар жайлы түсініктер археол. зерттеулер деректерімен толыға түсті. Бүгінгі күнде С-дың түрлі ескерткіштері ашылып, олардың заттық мәдениетіне, жерлеу ғұрпына, өнеріне байланысты деректер ғылымға енген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]