Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.79 Кб
Скачать

2. Асқазандағы ас қорыту

Қарын дегеніміз – ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Сыйыдылығы 2-4 литрдей. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиалық бөлік д.а. Қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпаша) деп, ал қарынның қақпашаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады.

Қарын құрсақ қуысының жоғары жағында орналасқан. Қабырғасы үш қабаттан: ішкі-шырышты, ортаңғы – біріңғай салалы ет, сыртқы – серозды қабаттан тұрады.

Шырышты қабығында ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан. Безде түрлі гландулоциттер бар. Негізгі гландулоциттер сөл ферменттерін, айнала қоршаған гландулоциттер тұз қышқылын, қосымша клеткалар шырышты зат – муцин шығарады. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады

Қарын бездері тәулігіне 2,-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз, реакциясы қышқыл (рН – 0,9 – 1,5) зат. Меншікті салмағы 1,008,

құрамында 0,5 – 3,5 % құрғақ зат бар. Қарын сөлінде Na, K, Ca хлоридтері, сульфаттары, фосфоттары бар. Тұз қышқылы көп.

Сөлде – ферменттер мен муцин бар. Бездерінің негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады. Пепсин өте қышқыл ортада қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, рН 3,2 – 3,5-ке тең жерде әсер ететін пепсин – гастриксин д.а. Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент – химозин д.а.

Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Қарын сөлінде шырышты әрі сілтілі зат – муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады, тұз қышқылын бейтараптайды. Қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен қоғайды.

Сөл қарыннан, тамақ ішкен сәтте көп болып шығады. Оның мөлшері, ондағы ферменттердің сапасы мен құрамы тағамдағы қоректік заттардың түріне ас кесегінің физикалық қасиеттеріне қарай ұдайы өзгеріп отырады.

Рационды ет көп болса, қарыннан сөл көп шығады, реакциясы қышқыл келеді, ал нан көп болса, сөл шығару ұзаққа созылады, сөлдің ыдырату күші мол болады. Ал сүт көп болса, сөл аз шығады, оның қышқылдығы орташа. Нан мен сүтке қарағанда белогі көп асқа пепсин әлдеқайда көп мөлшерде шығады.

Әдетте кезеген жүйке қарын бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке сөл шығуын тежейді. Қарынның сөл шығару қабілетін күшейтетін не тежейтін химиялық заттар бар, олар қан арқылы әсер етеді.

3. Бүйрекүсті безі. Қыртысты қабатының гормондары

Бүйрекүсті безіекі бүйректің үстінде орналасқан. Әр бездің салмағы - 12 грамм. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы қыртыс және ішкi милы (боз) қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларына әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады, қандағы глюкоза мөлшерін арттырады, бауырда гликогеннің мөлшерін азайтады. Адреналин симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі сияқты мүшелердің қозуына және зат алмасу процесінің тездеуіне әсерін тигізеді.Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Олар минералды заттардың,

көмірсулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп отырады.

Минералды және органикалық заттардың алмасуын реттейтін, стресске тұрақты, қабынуға жол бермейтін сыртқы қабат глюкокортикоидты гормонды және ағза деп сұйықтықтың бөлінуін баяулататын қандағы натрийдің санын көбейтетін альдостеронды түзеді. Бездің қыртысты қабатының зақымдануынан жеткілікті мөлшерде гормондар бөлінбегендіктен Аддисон ауруы пайда болады. Аурудың белгілері әсіздік, қан қысымының төмендеуі, тәбеттің болмауы, терітүсінің бозғылт болуы.

3-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]