Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.79 Кб
Скачать

1-билет

1,Физиология ұғымы

Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм

жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.Физиология жедел дамып келе

жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинаған. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым

ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология – тірліктану ғылымы. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.

Жалпы физиология көптеген түрлер ағзаның жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.

Салыстырмалы физиология – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік

негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.

Жеке физиология – кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология – адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

2.Ауыздағы ас қорытылу.

Ас қорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам 15-30 секундай кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады. Көмірсулы заттар ыдырай бастайды. Ұсатылған ас жұтқыншаққа жетіп жұтылады.Ауыз ішінде дәм рецепторлары бар. Рецепторлар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары үшкіл жүйкелер мен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді.

Сілекей дегеніміз – сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі. Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әр түрлі. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа-райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды.

Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың, сұйық зат. Оның құрамында 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде натрий, калий, кальций, магний хлоридтері, сульфатары, карбонаттары, иодит, бромид, фторидтер және аз мөлшерде роданит тұздары, микроэлементтер бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі муциннің мөлшеріне байланысты. Әдетте рН-5,8 – 7,4 аралығында болады.

Сілекей құрамында органикалық заттар бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Амин қышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатин қалдықтары бар. Бұлар сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі негізгі фермент - амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ыдыратады.

Сілекей құрамында микроағзаларды өлтіретін лизоцим ферменті болады. Ит пен мысық сілекейінде көбірек, сондықтан да олар жарасын жалап, дертінен тез айығып кетеді. Адам сілекейінде лизоцим өте аз.Муцин – гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді.

Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әр түрлі. Мәселен, шықшыт безінің

сілекейінде бейорганикалық заттар көп, муцин ферменттері аз, ал сілекейдің өзі сұйық, көлемді, реакциясы қышқылдау рН – 5,81. Жақасты безі шырынында органикалық заттар көп. Тіласты безі сілекейінде муцин көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]