Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.48 Кб
Скачать

4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз

Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Негізінен салық механизмінің құрылымы мынандай негізгі элементтерден тұрады, яғни, салық жүйесі, салықтарды болжамдау, салықтарды есептеумен алуды ұйымдастыру, салықтарды алу әдісі, және салықтардың уақытылы әрі толық көлемде түсуін бақылау жүргізу. Осы процестер мен кезеңдердің барлығы салық түсімдерін жоспарлау мен болжамдаудан бастап, олардың түсуін салық органдары салық арқылы бақылаудың бірыңғай жүйесін құру.

Салық механизмінің құрылымы келесі элементтерден тұрады:

- салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);

- салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;

- салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;

- салық салу қағидалары;

- салықтарды басқару жүйесі;

- салық элементтері;

- салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;

- салықтық федерализм;

- салықтық бақылау;

- ақпараттық қамсыздандыру;

- салықтық есеп қисаптар.

Көрініп тұрғандай салық механизмі салықтарды басқарудан бастап, салықтық есеп қисаптарға дейінгі барлық жиынтық ережелері, формалары, салық салу қабілеттілігінің барлығын өз құрамына кіргізіп отыр.

Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Салық салу элементтері:

1.салық салу субъектісі – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

2.объект – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б.тауарлы-материалдық игіліктер

3.салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс ═жылдық жиынтық табыс – шегерім.

4.салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

5.салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

6.салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.

7.салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б.жатады.

8.салық төлеу мерзімі мен тәртібі. Салық төлеу мерзімі – салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты. Салық төлеу тәртібі белгіленген мерзімді салықты төлеген кезде алдыменбюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

9.салық төлеуді бақылау – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақытылы төлену мәселелері б-ша заңды және жеке тұлғаларды тексеру.

10.салық бірлігі – теңгемен, айлық есептік көрсеткішпен

11.салықтық жазалау – қаржылы жазалау (айыппұл, өсімпұл)

және т.б Элементтерге сипаттама берсек:

Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - заң бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға

Салық тасушысы – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.

Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға).

Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға баланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары

Салық мөлшері — салық төлекшінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

Салық салу өлшем бірлігі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшем бірлігі.

Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне абсолютті сомада немесе процентпен белгіленетін салықтық есептеу мөлшері. Салық салу практикасында ставкалар тұрақты және процентті болып бөлінеді.Тұрақты ставкалар – табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне). Проценттік ставкалар – салық базасына қарай алынатын табыстың мөлшеріне байланысты салық өлшем бірлігіне салынады.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салықтық жазалау – қаржылы жазалау (айыппұл, өсімпұл).

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату 7 түрі бар

Салық төлеу мерзімі мен тәртібі – заңмен белгіленген әдістер мен салықты бюджетке аудару шаралары.

Салықтық бақылау – салық қызметі органдарының салық заңының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.

Салық кезеңдері — салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]