Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saly_1179.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.48 Кб
Скачать

33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз

Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар . олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с)салынады. Жеке тура салықтар- бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Тура салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

- мүлік салығы;

- жер салығы;

- бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатынсалық;

Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жекесалық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері

Тіркелген салықты төлеушілер: жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

Салық салу объектілері:

1) ұтыссыз ойын автоматтары;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер;

3) ойын жолдары (боулинг (кегельбан);

4) карт (картинг);

5) бильярд үстелдері (бильярд)

Тіркелген салық ставкалары: min-max

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;1-12 АЕК

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;1-18АЕК

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

1-4 АЕК

4) ойын жолы;5-83 АЕК

5) карт;2-12 АЕК

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады. 3-25 АЕК

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан б. т.

Ойын бизнесі салығы

Мыналарды :1) казино; 2) ойын автоматтары залы; 3) тотализатор; 4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектілері:

  1. ойын үстелі; 2) ойын автоматы; 3) тотализатор кассасы; 4) тотализатордың электронды кассасы; 5) букмекер кеңсесінің кассасы; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 830 еселенген АЕК мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 30 еселенген АЕК мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген АЕК мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген АЕК мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген АЕК мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген АЕК мөлшерін құрайды.

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;

4)букмекерлік кеңсе қызметінен айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн;

Ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi есептеледi.

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей бойынша салық органына табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]