- •1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
- •2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
- •3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
- •4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
- •5.Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
- •6. Салық жүйесі және салық саясатың негізгі міндеттерін сипаттаңыз
- •7.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
- •Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз .
- •10. Салық элементтерін ашып талдаңыз
- •11. Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
- •12. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
- •13. Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14. Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •18. Салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
- •21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
- •22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
- •23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •25.Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
- •26. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •27. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.
- •28. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз.
- •29. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •31. Ққс: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
- •32. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
- •33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
- •34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
- •35 Қр территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
- •36. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •37. 24 Сурақты қара
- •38. Ққс есептелуін талдаңыз.
- •39. Әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
- •40) Меншікке салынатын салықтар
30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстарыүшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді.
Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануғаҮкімет белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;
а) қол қойылатын бонусты;
б) коммерциялық табу бонусын;
в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
3) үстеме пайда салығын қамтиды.
Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем. Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге, барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған контракттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Салықтық кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25%на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке дсонтракт бойынша жер койнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объекті болып табылады.
