- •1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
- •2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
- •3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
- •4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
- •5.Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
- •6. Салық жүйесі және салық саясатың негізгі міндеттерін сипаттаңыз
- •7.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
- •Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз .
- •10. Салық элементтерін ашып талдаңыз
- •11. Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
- •12. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
- •13. Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14. Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •18. Салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
- •21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
- •22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
- •23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •25.Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
- •26. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •27. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.
- •28. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз.
- •29. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •31. Ққс: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
- •32. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
- •33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
- •34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
- •35 Қр территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
- •36. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •37. 24 Сурақты қара
- •38. Ққс есептелуін талдаңыз.
- •39. Әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
- •40) Меншікке салынатын салықтар
23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
Жеке түлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері коныстану (пайдалану) кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады. Азаматтардың мүлік салығын есептеу салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық салу кезеңінің 1-тамызынан кешіктірмей салық базасына салықтың сәйкес ставкаларын қолдану арқылы іске асырылады, бұл жерде салық төлеушінің орналасқан жері есепке алынбайды.Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi. Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу және төлеу үшін салық кезеңі- күнтізбелік жыл. Жеке тұлғаларға декларация берілмейді. Жаңадан салынған объектілер бойынша салықты есептеу салынған жылдан кейінгі жылы жүргізіледі. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi меншік құқығын беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң мүлік құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.Мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу сәтінде (бастапқы тіркеуді есепке алмағанда) салық салу объектісінің құнын Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органы анықталмаса, салық салу бұған дейінгі салық салу кезеңінде есептелген салық сомасымен есептеледі.
24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі болып табылады. Жеке табыс салығын төлеушілер жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер. Жеке табыс салығына салық салу объектілері:
1. Төлем көзінен салық ұсталынатын табыстар;
2. Төлем көзінен емес салық ұсталынантын табыстар;
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
- Жеке тұлға жалақысы;
- Салық агентінен алынған табыс;
- Резидент зейнетақы жинақ қорынан алынған табыстар;
- Дивиденттер, стипендиялар, сақтандыру бойынша алынған сыйақылар; т.б
Төлем көзінен емес салық салынатын табыстарына:
- Мүліктік табыс;
- Жеке кәсіпкер табыс;
- Нотариус, адвокаттар, жеке нотариус табысы;
- Басқа да табыстар жатады.
Табыс салығынан босатылатындар:
• Адрестік әлеуметтік көмек;
• Барлық топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары , оған теңестірілген адамдар 55 минимальді жалақы көлемінде;
• Медициналық көмекке, денсаулық жөндеуге берілген табыстар 8 минимальді жалақы көмегінде , косметикалық көмекті қоспағанда;
• Іс- сапарға кеткен шығындар КТС көлемінде;
• Жұмыс режимі командировкадан өтетін жеке тұлғалардың табыстары;
• 16 жасқа толмаған баласы үшін алған саяхат;
• Жұмыс киіміне берілген ақша қаражаттары мемлекекттік бюджеттен берілген стипендиялар, көмекақылар;
• Грант ақша арқылыалынған жалақы;
• Посольство, консультстваны алатын табыстары.
