- •1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
- •2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
- •3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
- •4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
- •5.Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
- •6. Салық жүйесі және салық саясатың негізгі міндеттерін сипаттаңыз
- •7.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
- •Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз .
- •10. Салық элементтерін ашып талдаңыз
- •11. Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
- •12. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
- •13. Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14. Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •18. Салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
- •21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
- •22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
- •23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •25.Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
- •26. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •27. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.
- •28. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз.
- •29. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •31. Ққс: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
- •32. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
- •33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
- •34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
- •35 Қр территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
- •36. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •37. 24 Сурақты қара
- •38. Ққс есептелуін талдаңыз.
- •39. Әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
- •40) Меншікке салынатын салықтар
21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
КТС–корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Бұл салықты мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚРның заңи тұлға-резиденттері, ҚР кызметін тұрақты мекеме арқ. жүзеге асыратын н/е ҚР көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім шеңберінде ССТтар бойынша КТСты есептейді және төлейді. Мыналар:
- салық салынатын табыс,
- төлем көзінен салық салынатын табыс
- ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға- бейрезиденттің таза табысы
- КТС салынатын объектілер болып табылады.
Салық салынатын табыс-Салықтық кодексте көзделген түзетулерді ескере отырып, ЖЖТ пен салықтық шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс - (ЖЖТ) әр түрлі көздерден алынған заңи тұлға-бейрезиденттердің жылдық табысы болып табылады. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа тек бір рет кіріктіріледі.
Салықтық шегерімдер-салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен б/ты салық төлеушінің шығыстарын айтады. Шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. КТС мынадай мөлшерлерде ставкалары белгіленген:
- табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%;
- заңи тұлғалар–ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, ара шаруашылығы өнімін өндіру - 10%;
- Салықтық кодекске сәйкес анықталатын бейрезиденттердің мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен б/ты емес төлем көзінен салық салынатын табыстарына 5%-дан 20%-ға дейін:
1)төменде көрсетілген табыстарды қоспағанда табысқа- 20%;
2) жеңілдікті салық салуы бар мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстарына - 20%;
3) тәуекелдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттары б/ша сақтық сыйлықақыларына - 10%;
4) халықаралық тасымалдарда көлік кызметтерін көрсетуден түсетін табыстарына- 5%;
5) кұн өсімінен түсетін табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге - 15%;
6) ҚР кызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің таза табысы КТСна қоса белгіленген тәртіппен - 15%.
КТС арналған салық кезеңі 1 каңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. КТС төлеушісі орналасқан жері бойынша салық органына КТС б/ша мағлұмдаманы 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығын төлеушілер:
1) ҚР-ның аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғғалар
2) ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер
3) Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері
4) ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектісі бойынша салық төлеушілер
Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді.
2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейді:
1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Салық Кодексінің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орында болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;
5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар
Заңды тұлғаларға мүлңк салығы бойынша -Салық төлеушілері:
1.ҚР аумағында меншік, шар. жург. н/е оралымды басқару құқығында с.с.обьектісі бар з.т, соның ішінде ҚР қызметін жүзеге асыратын ҚР-ның резидент емес тұлғалары; 2.ҚР-ның аумағында меншік құқығында салық салу обьектісі бар дара кәсіпкерлер;
Салық салу обьектісі: заңды тұлғалар үшін ҚР-ның аумағындағы: 1.техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мем/к орган белгіленген сыныптама б/ша негізгі құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар; 2. концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимарат/р, құрылыс/р салық салу объектiсi б/т.салық базасы: салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.Салық ставкалары:1).Заңды тұлғалар үшін 1,5%; 2).Мүлік салығын 0,5% ставка б/ша төмендегілер төлейді: -дара кәсіпкерлер; -оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
Жекетұлғаларға: Жеке түлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері коныстану (пайдалану) кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады. Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу және төлеу үшін салық кезеңі- күнтізбелік жыл. Жеке тұлғаларға декларация берілмейді. Жаңадан салынған объектілер бойынша салықты есептеу салынған жылдан кейінгі жылы жүргізіледі. Салық базасы- салық объектісінің бағалау құны.Мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу сәтінде (бастапқы тіркеуді есепке алмағанда) салық салу объектісінің құнын Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органы анықталмаса, салық салу бұған дейінгі салық салу кезеңінде есептелген салық сомасымен есептеледі.
