- •1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
- •2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз .
- •3. Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
- •4. Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
- •5.Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
- •6. Салық жүйесі және салық саясатың негізгі міндеттерін сипаттаңыз
- •7.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
- •Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
- •9. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз .
- •10. Салық элементтерін ашып талдаңыз
- •11. Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
- •12. Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
- •13. Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
- •14. Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
- •18. Салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
- •21. Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
- •22. Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
- •23. Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •24. Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •25.Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
- •26. Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
- •27. Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері.
- •28. Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз.
- •29. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
- •31. Ққс: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
- •32. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
- •33. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
- •34. Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
- •35 Қр территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
- •36. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу механизмі
- •37. 24 Сурақты қара
- •38. Ққс есептелуін талдаңыз.
- •39. Әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
- •40) Меншікке салынатын салықтар
Сұрақтар: Ф14К1-К2
1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
2 Салық жүйесін ұйымдастыру қағидаларын белгілеңіз
3 Салықтарды төлеу әдістерін талдаңыз
4 Салықтық механим және оның элементтерін сипаттаңыз
5 Салықтардың сыныптамасын айқындаңыз
6 Салық жүйесі және салық саясатың негізгі мшндеттерін сипаттаңыз
7 Қазақстан Республикасының салық жүйесі: кезеңдері және дамуы талдаңыз
8 Экономиканы салықтық реттеу: мақсаты, міндеттері, әдістерін ашып көрсетініз
9 Мемлекеттікбюджетті қалыптастырудағы салықтардың ролі айқындап көрсетіңіз
10 Салық элементтерін ашып талдаңыз
11 Салық салу эвалюциясының кезңдерін сипаттаңыз
12 Қазақстанның салық жүйесіндегі міндетті төлемдердің түрлері және мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы орнын анықтаңыз
13 Салықьық механизм: сипаттамасы және құрылымы
14 Салық саясатының типтері және оның нарықтық экономиканы дамыту модельдерімен өзара қарым қатынасы
15 Мемлекеттік бюджеттің табыс негізін құраудағы салықтардың ролі
16 салықтардың сыныпталуының белгілерін талдаңыз
17 салық төлеу әдістерін сипаттаңыз
18 салық жеңілдіктерің сипаттаңыз
19 салық жүйесін құру қағидаларын сипаттаңыз
20 ҚР салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтаныз
21 Корпоративті табыс салығы: есептеу төлеу механизмі ашып көрсетіңіз
22 Заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеу ерекшеліктерің сипаттаңыз
23 Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
24 Жеке табыс салығы: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
25 Жер салығы: есептеу тәртібі және бюджеттің кірісін қалыптастырудағы ролі аңыктаңыз
26 Әлеуметтік салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
27 Заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
28 Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін анықтаңыз
29 Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу төлеу механизмін ашып көрсетіңіз
30 Жер қойнауын пайланушыларға салынатын салық: есептеу төлеу механизмін сипаттаңыз
31 ҚҚС: есептеу және төлеу механизмін аңыктаңыз
32 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтардың орнын аңықтаңыз және сипаттаңыз
33 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі тікелей салықтарды сипаттаңыз
34 Тіркелген салық және ойын бизнес салығын қолдану ерекшеліктері
35 ҚР территориясныда жүзеге асатын, алымдар, төлемдер және баждар
36 көлік құралдарына салынатын салықты есептелу механизімін сипаттаңыз
37 жеке табыс салығыныз есептеу механизімін талдаңыз
38 ҚҚС есептелуін талдаңыз
39 әлеуметтік салықты есептеу механизімін талдаңыз
40 меншікке салынатын салықтарды септелуін сипаттаңыз
1. Салықтардың экономикалық мәні және қызметтерін анықтаңыз
Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бөлігі болып табылатындығында және мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер. Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты
Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.
Салықтардың үшінші функциясы – реттеушілік. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді.
Салықтардың бақылау функциясы арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі Ынталандыру функциясы белгілі бір мекемелер мен тұлғаларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы жүзеге асырылады. Салықтардың ынталандырушы функциясының көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады.
