Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
934.13 Кб
Скачать

2.3 Көлемдік жоспарлық шешімдері

Лицейі бар 1000 орындық мешіт ғимараты ҚР ҚМжЕ 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар және үймереттер» бойынша жобаланған.

Жоспарда мешіт ғимаратының өлшемдері 18,24 x 16,04 м. Биіктігі бойынша екі қабаттан және жер төледен тұрады. Қабаттар биіктігі 3,3 м, ал жер төле биіктігі 2,9 м.

Ғимарат функционалды схема бойынша екі зонаға бөлінген:

1-қабатта кіре беріс әйнектелген есік арқылы 12,84 м2 ауданы бар тамбурға апарады. Кіре берістің оң жыне сол жағынан бұрыштарда 3,71 м2 ауданы бар ерлер және әйелдер әжетханалары орналасқан. Өйткені мұсылман салт-дәстүрі бойынша әжетхананы күмбез астында орналастыруға болмайды. Әжетханаларының қасында 9,47 м2 ауданы бар ерлер мен әйелдер дәрет алатын жуынатын орындар орналасқан. Мешіттің күмбез астындағы үлкен алаңында ерлер намаз оқитын зал орналасқан.

2-қабатта 12,73 м2 ауданы бар муфтия кабинеті, 36,33 м2 ауданы бар лицейдің оқу сыныптар бөлмелері орналасқан. Қалған ауданы әйелдер намаз оқитын 116,22 м2 ауданы бар зал алып жатады.

-2,900 м деңгейдегі жер төлеге және екінші қабатқа апаратын жол тамбур арқылы баспалдақ торы бойынша жүзеге асырылады.

Жер төледе 264,92 м2 ауданы бар қосымша намаз оқитын зал орналасқан.

Сыртқы қабырғаның өртенуі кезіндегі түтінді кетіру үшін мешіт ғимаратындағы терезенің ауданы бөлменің еден ауданының 0,2%-дан көп алынған.

Сондықтан мешіт ғимаратында А-Д, 6-1, Д-А қасбеттер жақтарынан үлкен терезелер арқылы күндізгі жарықтандыру жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

2.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Әрлеу жұмыстары халықаралық стандартқа және экологиялық қалыпқа жауап беретін сапалы қазіргі заман материалдарымен жүргізіледі.

Ғимараттың сыртқы қабырғасы өзінің қызметі мен өлшеміне байланысты біркелкі болып келеді.

Ғимараттың ішкі әрлеуі бөлмелерінде - суэмульсиямен боялады.Қасбеттің сырт беттіндегі бос жерлерін максималды көгалдандыру ағаштарды отырғызу, гүлдер отырғызу, көп жылдық шөптер отырғызылатын газондар егу карастырылады. Аумақты түрлі - түсті гүлдер клумбалары безендіреді. Сонымен қатар қоқыс тастау жәшіктері, орындықтар қарастырылған.

Жобаланған нысанды сәулеттендіру мен көғалдандыру ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес орындалады.

2.4 Конструктивтік шешімдері

Мешіт ғимаратының негізгі конструктивтік элементтеріне: іргетастар, қабырғалар, перегородкалар, қабатаралық және төбе жабындар, шатыр, терезелер, есіктер және баспалдақтар жатады.

Жобаланған мешіт ғимаратының сыртқы қабырғасы жеңіл бетон панельдерден тұрады.

Барлық терезелер жеке тапсырыспен жасалынған:

  • Окно 1 – 2140 х 2498 – 2 шт.

  • Окно 2 – 2510 х 2498 – 9 шт.

  • Окно 3 – 2140 х 3500 – 2 шт.

  • Окно 4 – 2510 х 3500 – 2 шт.

Қасбет жағынан витраждар ескерілген:

  • Окно 5 – 3000 х 6800 – 2 шт.

  • Окно 6 – 1500 х 2144 – 2шт.

  • Окно 7 – 5000 х 3585 – 7 шт.

Шатырдың анағұрлым бөлігін күмбез құрайды, қалған бөлігі тегіс шатыр. Күмбез аркаларға тіреледі. Ал аркалар ұстындарға тіреледі.

Еденнің беті мұсылмандық стильмен жасалынған суреттері бар мозайкалық тақтайшалармен төселген.

Іргетастар құрамалы темірбетоннан ленталы түрде жасалынған.

- іргетас плиталары МЕСТ 13580-85 бойынша:

ФЛ 8.9 – 4 шт.

ФЛ 8.12 – 11 шт.

ФЛ 8.24 – 13 шт.

ФЛ 6.9 – 2 шт.

ФЛ 6.12 – 3 шт.

ФЛ 6.24 – 17 шт.

- іргетас блоктары МЕСТ 13579-78 бойынша:

ФБС 9.6 – 4 шт.

ФБС 12.6 – 11 шт.

ФБС 24.6 – 13 шт.

ФБС 9.4 – 2 шт.

ФБС 12.4 – 3шт.

ФБС 24.4 – 8 шт.

Қабатаралық жабын плиталар құрамалы темірбетоннан жасалынған:

  • ПК 36.18 – 66 шт.

  • ПК 63.18 – 16 шт.

  • ПК 24.15 – 16 шт.

Жабын плиталар металл қоставр қималы арқалықтарға тіреледі.

Арқалықтар ішкі қаңқаның ұстындарына тіреледі.

Жобада есік блоктарының 4 түрі қабылданған МЕСТ 24698-81 бойынша:

  • Д1 – ДГ 21.7 – 10шт.

  • Д2 – ДО 21.20 – 1 шт.

  • Д3 – ДО 21.20 – 1 шт.

  • Д4 – ДГ 21.10 – 3 шт.