- •1 Жобалау алдындағы талдау
- •1.1 Жобалау алдындағы талдауына мінездеме
- •1.2 Техника-экономикалық салыстыру
- •1.3 Қорытынды жасау
- •2 Сәулеттік – құрылыстық бөлімі
- •2.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •2.2 Бас жоспардың шешімдері
- •2.4 Конструктивтік шешімдері
- •2.3 Көлемдік жоспарлық шешімдері
- •2.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері
- •2.4.1 Жылу қоршау конструкцияларының техникалық есебі
- •2.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау
- •2.6 Антисейсмикалық шаралар
- •3 Есептік-конструктивтік бөлім
- •3.1 Қабырға панелінің есебі
- •3.1.1 Қабырға панелінің арматурасын есептеу
- •3.1.2 Қабырға панелінің жүк көтергіш қабілетін есептеу
- •3.2 Іргетастар есебі
- •3.2.1 Іргетастарға түсетін жүктемелерді анықтау
- •4 Құрылыс өндiрiсінің технологиясы мен ұйымдастыру бөлімі
- •4.1 Ғимарат және жұмыс өндірісі жағдайларының шартты сипаттамасы
- •4.2 Жер асты жұмыстары
- •4.3 Құрылыс бас жоспарының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4.2 Кесте – Құрылыс бас жоспарының көрсеткіштері
- •4.3.1 Құрылыс бас жоспарының элементтерінің есебі
- •4.4 Сыртқы қабырғалардың кірпіш қалауының технологиялық картасы
- •4.4.1 Қолдану аймағы
- •4.4.2 Іліп алу есебі
- •4.4.3 Кешенді бригаданы есептеу
- •4.5 Еденді орналастыру үшін технологилық картасы
- •4.5.1 Қолдану аймағы
- •4.5.2 Кешенді бригадасын есептеу
- •4.6 Жұмыс жасау бойынша нұсқау
- •4.7 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігінің жұмыстарының нұсқаларын салыстыру
- •4.7.1 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігі бойынша жинақтау крандардың үш нұсқасының құнын салыстыру
- •4.8 Тас қалаушы-монтажниктер бригадасын есептеу
- •4.9 Әрлеу жұмыстары
- •4.9.1 Әрлеуші бригада құрамын есептеу
- •4.10 Техника қауiпсiздiгi бойынша шаралар
- •5.1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары
- •5.2 Өндірістік санитария
- •5.3 Қауіпсіздік техникасы
- •5.5 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
- •5.6 Экология сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.3 Қорытынды жасау
Қабылданған жобаның салыстырмалы нұсқадан айырмашылығы:
1. Құрылыс аймақтары әртүрлі.
2. Конструктивтік сұлбасы жағынан, негізгі жоба металл қаңқасынан және кірпіш қабырғалы болып келеді, салыстырмалы жоба кірпіш қабырғалы.
3. Конструкциялардың материалдары ұқсас – негізгі жобаның негізгі материалы темірбетон және кірпіш, ал салыстырмалы жобаның негізгі материалы кірпіш.
4. Құрылыс ұзақтылығы бойынша қабылданған жобаның құрылысы салыстырмалы жобаға қарағанда 167 күнге ерте аяқталады.
5. Құрылыс бағасы жағынан қабылданған жобаның құрылыс бағасы 47% пайызға тиімді болып шықты.
6. Құрылыстың жалпы сметалық құны АВС-4 бағдарламасында есептелінді (А-қосымша)
2 Сәулеттік – құрылыстық бөлімі
2.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Түркістан қаласындағы лицейі бар 1000 орындық мешіт ғимараты».
Жобаланып жатқан ғимараттың негізгі техникалық мінездемесі:
классы – II
ұзақ уақыт қызмет ету дәрежесі – II
отқа төзімділік дәрежесі – II
Ғимарат құрылыс ауданына байланысты ҚНЕ ҚР 2.04.01 – 2001 бойынша келесі жобалауға керекті табиғи – климаттық мінездемесі:
климаттың ауданы: IV – В
қар жамылғының салмағы – 0,50кПа
жел қысымы – 0,38кПа
сыртқы ауданның ең суық тәулігінің температурасы – 260С
сыртқы ауданның ең суық бескүндік температурасы – 220С
құрылыс ауданының сейсмикалығы – 8 балл
топырақтың тоңу деңгейі – 80см.
Жер бедері – байсалды, жер асты сулары жоқ.
2.2 Бас жоспардың шешімдері
Қоғамдық қызмет ететін дін бағыттағы жобаланған екі қабатты мешіт ғимараты 361,6 м2 жалпы ауданымен Түркістан қаласында орналасқан.
Бас жоспарды жүйелеу (жоспарлау) ҚР ҚМжЕ 3.01-01-2002* «Қала құрылысы» талабы бойынша орындалады.
Мешіт ғимаратының құрылысына бөлініп берілген жер учаскесінің өлшемдері 60 х 79,9 м2.
Жел розасын ескеріп, өртке қарсы сақтықты, санитарлық және жоспарлау талаптарын бас жоспардың шешімін шығарғанда қабылданады.
Бас жоспарда жобаланатын мешіт ғимаратынан басқа:
- мешіттің азан шақыратын мұнарасы,
- автокөліктер тұрақтары,
- асфальтталған жолдары,
- газондар,
- көгаландыру,
- ағаштар
- және демалыс ауласы орналасқан.
Олардың орналасуы қоғамдық қызмет ету ерекшелігіне және өртке төзімді дәрежесі бойынша қабылданған және де мешіт ғимараты мен азан шақыратын мұнарасының арасындағы арақашықтық ескерілген 6,3 м.
Бас жоспардың сызуында демалыс ауласы мен қалыпты санитарлық-гигиеналық шарттарынан жасалуы қарастырылған.
2.1-Кесте – Бас жоспар бойынша техника-экономикалық көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Мәні |
1 |
Учаскенің жалпы ауданы
|
м2 |
4794,00 |
2 |
Жобаланған мешіт ғимаратының ауданы
|
м2 |
361,60 |
3 |
Асфальтталған жол ауданы
|
м2 |
1830,79 |
4 |
Көгаландыру ауданы
|
м2 |
2601,61 |
5 |
Мешіт мұнарасының ауданы |
м2 |
22,40 |
6 |
Автокөлік тұрақтары |
м2 |
1433,37 |
