- •1 Жобалау алдындағы талдау
- •1.1 Жобалау алдындағы талдауына мінездеме
- •1.2 Техника-экономикалық салыстыру
- •1.3 Қорытынды жасау
- •2 Сәулеттік – құрылыстық бөлімі
- •2.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •2.2 Бас жоспардың шешімдері
- •2.3 Көлемдік жоспарлық шешімдері
- •2.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері
- •2.4 Конструктивтік шешімдері
- •2.4.1 Жылу қоршау конструкцияларының техникалық есебі
- •2.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау
- •2.6 Антисейсмикалық шаралар
- •3 Есептік-конструктивтік бөлім
- •3.1 Қабырға панелінің есебі
- •3.1.1 Қабырға панелінің арматурасын есептеу
- •3.1.2 Қабырға панелінің жүк көтергіш қабілетін есептеу
- •3.2 Іргетастар есебі
- •3.2.1 Іргетастарға түсетін жүктемелерді анықтау
- •4 Құрылыс өндiрiсінің технологиясы мен ұйымдастыру бөлімі
- •4.1 Ғимарат және жұмыс өндірісі жағдайларының шартты сипаттамасы
- •4.2 Жер асты жұмыстары
- •4.3 Құрылыс бас жоспарының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4.2 Кесте – Құрылыс бас жоспарының көрсеткіштері
- •4.3.1 Құрылыс бас жоспарының элементтерінің есебі
- •4.4 Сыртқы қабырғалардың кірпіш қалауының технологиялық картасы
- •4.4.1 Қолдану аймағы
- •4.4.2 Іліп алу есебі
- •4.4.3 Кешенді бригаданы есептеу
- •4.5 Еденді орналастыру үшін технологилық картасы
- •4.5.1 Қолдану аймағы
- •4.5.2 Кешенді бригадасын есептеу
- •4.6 Жұмыс жасау бойынша нұсқау
- •4.7 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігінің жұмыстарының нұсқаларын салыстыру
- •4.7.1 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігі бойынша жинақтау крандардың үш нұсқасының құнын салыстыру
- •4.8 Тас қалаушы-монтажниктер бригадасын есептеу
- •4.9 Әрлеу жұмыстары
- •4.9.1 Әрлеуші бригада құрамын есептеу
- •4.10 Техника қауiпсiздiгi бойынша шаралар
- •5.1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары
- •5.2 Өндірістік санитария
- •5.3 Қауіпсіздік техникасы
- •5.5 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
- •5.6 Экология сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
5.5 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
Жобаланып отырған обьект сейсмикалық ауданда орналасқан. Түркістан қаласы Қазақстан Республикасының сейсмикалық аудандарды анықтау картасы бойынша – 8 баллдық ауданға жатады.
Обьект сейсмикалық ауданда орналасқандықтан, жобалау барысында Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» талаптарын негізге алынған.
ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» талаптарына сай жобаланған обьект формасы және қабат биіктігі шектелген. Ғимараттың жер сілкінісі кезінде беріктігін жоғарлату үшін темір бетон қаңқа қабылданған /сызба архитектарлық бөлім/.
Жер сілкінісі салдарынан қаңқа конструкциялары қары, ұстын және іргетастары қирауын болдырмау үшін есептеулер негізінде темірленеді /констукциялық бөлімі/.
5.6 Экология сұрақтары
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамыған кезінде, адамзаттың табиғи прогреске әсері күн санап ұлғаюда, сондықтан қоршаған ортаны қорғау, күн тәртібінде тұрған, шешуін таппаған актуальды проблема.
Ал тұрғын, қоғамдық үйлерді, энергетикалық және өнеркәсіптік ғимараттардың тұрғызатын және тағы басқадай құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұжымдарға келетін болсақ,олар үшін қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Кез-келген құрылыстық жобаны дайындаудан басталатыны анық,сондықтанда құрылысшылардың және жобалаушылардың негізгі міндеттерінің бірі жобаны дайындаудың әрбір кезеңінде (сатысында) табиғи ортаны қорғау мәселелерін алға қойып,мүмкін болғанша дұрыс шешімін таба білген жөн.
Бұл дипломдық жобаны дайындау барысында бізде өз тарапымыздан төмендегідей табиғи ортаны қорғау шараларын қарастырдық:
Архитектуралық бас жоспарды дайындау кезінде құрылыс орыны орталықтағы демалыс аймағында орналасуын қарастырдық.Оның үстіне осы шынықтыру орталығының учаскесін көшеден (шудан, шаңнан) қорғау үшін жасыл қорғау аймағы қарастырылған (1 сызбасын қара)
Территориядағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту,дене шынықтырудың, демалушылардың дұрыс демалуын ұймыдастыру үшін, құрылыстан бос жерлердің бәрін мүмкіндігінше көгалдандыру шараларын жасадық. Ол үшін арнайы бөлінген жерлерге жапырағы мол көк ағаштар, көп жылдық шөптер, гүлзәрлер отырғызу қарастырылған. (1 сызбасын қара,бас жоспар)
Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын алаңдағы, құнарлы өсімдікті қабат топырағы қырылып алынып,алаңның сыртына шығарылады және оны осы күйінде сақтау шаралары ұйымдастырылады.
Құрылыстық бас жоспарды дайындау кезінде,уақытша үйлер орналастыру,жел розасын және олардың қауіпті аймақтан аулақ болуын ескеріп жүргізілген. Уақытша үйлердің бұлай орналасуы, бұл аймаққа қатты жел кезінде шаңның аз түсуін қамтамасыз етеді.
Құрылысты жүргізу кезінде, қалдық суларды, уақытша үйлерден шыққан лас суларды ағызу үшін уақытша канализация жүйесі қарастырылған.
Жұмыс жүргізудің жобасын жасаған кезде қоршаған табиғи ортаны қорғаудың мынадай шараларын жобалауда орын алған.
Ары қарай қолдануға жарайтын жердің қалыңдығы 0,25 – 0,3м өсімдікті қабатын қопсыта өңдеу.
Келешекте құрылыс жүретін жердегі бағалы ағаш тұқымдарының орнын ауыстыру, сондай-ақ құрылыстың қасындағы өсіп тұрған ағаштарды зардап шегуден сақтап қалу.
Ауыл шаруашылық өнімдері мен ағашты – бұтақ өнімдерінің зардапқа ұшырауын, еске ала отырып, уақытша автомобиль жолдарының түсетін орнын анықтайды.
Шынжыр табанды машиналар үшін уақытша жүру жолдарының орындарын анықтайды.
Жан-жанураларды құрылыс алаңының сырт жағына айдап жіберуді қамтамасыз ету.
Қоршаған ауаның ластануы мен шаң болуына жол бермеу шаралары.
Өрт қауіпсіздігі тәртібін сақтау.
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланған кезде шудан сақтауды қамтамасыз ету жолдары;
Құрылыстан шыққан лас заттар мен қалдықтарды жинау мен оларды шығарып тастауды ұйымдастыру.
Үймереттің жер үсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиіліп төгіледі немесе қораптар мен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерін және пайдаланылған құрылыс материалдарын көмуге болмайды. Осы сияқты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.
Республикамыздың жер жөніндегі заңдары негізіне сәйкес ауыл-шаруашылығы жерлерінде құрылыс немесе басқа жұмыстар жүргізуші барлық, кәсіпорындар жұмыс барысы кезінің өзінде-ақ ол жерлерді пайдалануға жарайтын етуі керек, ал орған мүмкіншілік болмаған жерде барлық жұмыс акяқталғаннан кейін бір ішінде бүлінген жер қалпына келтірілуге тиіс.
Объект жобада көрсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң, су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын-ала техникалық қабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға қабылданады.
