Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
934.13 Кб
Скачать

5.1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары

Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексі еңбекті қоғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процессінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Бұл Кодекс 2007 жылдың 15-мамырда қабылданып /№251-111 ҚРЗ/, 6-бөлімнен, 40-тараудан 341-баптан тұрады. Кодексте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың негізгі және аса күрделі мәселелері қарастырылған. Мысалы, 35-тарауда қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері, 36-тарауда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процессінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызмекерлердің қорғалу жай-күйі.

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту, өзге де іс шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – уәкілетті мемлекеттік органың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттілікті жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер /2-тарау, 17- бап.Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзреті/.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматттарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданады /1-тарау, 2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы/.

Жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары бәрі орындалуға міндетті /308-бап.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар/.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау және қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметті, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады /15 – 18 баптар/.

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдар мен оның аумақтық бөлімшелері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады /309 бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаусаласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау /.

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндірістік ұйымдарды еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекі қорғау қызмеін құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтердей бағаланады /39-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау/.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқталған жағдайда ғана тарқатылады.

Қызметкерлер саны елу адамнан аспаса, ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші, ұйымның қызмет ерекшелеген ескере отырып қабылдайды. Болмаған жағдайда, еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы міндеттерді қосып атқару үшін басқа маманға жүктеуі де мүмкін /339 бап/.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындаы мемлекеттік бақылау мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асыруға тиіс /38-тарау. Мемлекеттік бақылау/.

Мемлекттік инспекторлардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында кәсіпорындарға кедергісіз бару; жұмыс берушілерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақалу мәселелері жөнінде ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсініктемелер алуға; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге; қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік актілерінің талаптарын бұзушылық анықтаған жағдайда, жекеленген өндірістерді, цехтарды, учаскілерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға және т.б.

Кодекстің 40-тарауында көрсетілгендей: ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ органы тағайындайды, ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар жүзеге асырады.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың қызметі: ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын тексеруді жүзеге асыруға; тексерудің қортындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдардың, келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің анықталған бұзушылығын жою туралы лауазымды адамдардың атына ұсыныстар енгізуге құқығы бар; ұйымның лауазымды адамдарының қоғамдық инспекторға жүктелген функцияларды орындауға қажетті тиісті материалдар мен құжаттарды, ақпараттарды алу /341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары/.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін бұзуға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Қазақстан республикасының Экологиялық Кодексі 2007жылы қаңтардың 9-ы қабылданды /№212-ҚРЗ/. Кодекс 9-бөлімнен тұрады.

8-бөлім, 201-бапта құрылыстарды және өзге объектілерді орналастыруға қойылатын экологиялық талап көрсетілген, атап айтсақ: орналастырылатын жерлерді айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарттары мен ережелері сақтала отырып жүргізілу керек. Осыған байланысты жек үйге бөлінген жер осы талаптарға сай қабылданған.

202-бапта құрылыстарды және басқа объектілерді салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар келтірілген. Осыған байланысты дипломдық жобада құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жерді қалпына келтіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны сауықтыру шаралары қолданылған, мысалы, өсімдіктерге мүмкіндігінше залал келтірмеу, құнарлы қабатты қайта пайдалану, учаскені көгалдандыру, бассейн орнату т.с.

219-бапта жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар келтірілген. Осы талаптарды орындау үшін жобада қалдықтарды жинап қою және орналастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қамтамасыз етілген, мысалы, шаруашылық-тұрмыстық сулар канализация құбырына төгіледі, қоқыс орны санитарлық нормаға сай қашықтықта орналасқан, қоқыс жәшіктері орнатылған.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады /320-бап/.