- •1 Жобалау алдындағы талдау
- •1.1 Жобалау алдындағы талдауына мінездеме
- •1.2 Техника-экономикалық салыстыру
- •1.3 Қорытынды жасау
- •2 Сәулеттік – құрылыстық бөлімі
- •2.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •2.2 Бас жоспардың шешімдері
- •2.3 Көлемдік жоспарлық шешімдері
- •2.3.1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері
- •2.4 Конструктивтік шешімдері
- •2.4.1 Жылу қоршау конструкцияларының техникалық есебі
- •2.5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау
- •2.6 Антисейсмикалық шаралар
- •3 Есептік-конструктивтік бөлім
- •3.1 Қабырға панелінің есебі
- •3.1.1 Қабырға панелінің арматурасын есептеу
- •3.1.2 Қабырға панелінің жүк көтергіш қабілетін есептеу
- •3.2 Іргетастар есебі
- •3.2.1 Іргетастарға түсетін жүктемелерді анықтау
- •4 Құрылыс өндiрiсінің технологиясы мен ұйымдастыру бөлімі
- •4.1 Ғимарат және жұмыс өндірісі жағдайларының шартты сипаттамасы
- •4.2 Жер асты жұмыстары
- •4.3 Құрылыс бас жоспарының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4.2 Кесте – Құрылыс бас жоспарының көрсеткіштері
- •4.3.1 Құрылыс бас жоспарының элементтерінің есебі
- •4.4 Сыртқы қабырғалардың кірпіш қалауының технологиялық картасы
- •4.4.1 Қолдану аймағы
- •4.4.2 Іліп алу есебі
- •4.4.3 Кешенді бригаданы есептеу
- •4.5 Еденді орналастыру үшін технологилық картасы
- •4.5.1 Қолдану аймағы
- •4.5.2 Кешенді бригадасын есептеу
- •4.6 Жұмыс жасау бойынша нұсқау
- •4.7 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігінің жұмыстарының нұсқаларын салыстыру
- •4.7.1 Жобаланатын ғимараттың жер асты бөлігі бойынша жинақтау крандардың үш нұсқасының құнын салыстыру
- •4.8 Тас қалаушы-монтажниктер бригадасын есептеу
- •4.9 Әрлеу жұмыстары
- •4.9.1 Әрлеуші бригада құрамын есептеу
- •4.10 Техника қауiпсiздiгi бойынша шаралар
- •5.1 Құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары
- •5.2 Өндірістік санитария
- •5.3 Қауіпсіздік техникасы
- •5.5 Төтенше жағдайларда ғимараттың беріктігін қамтамасыз ету
- •5.6 Экология сұрақтары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Құрылыс дегеніміз-жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған негізгі фондтарды үлкейтумен және қайта жаңғыртумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.
Бүкіл халықтың материалдық мәдени деңгейлердің көтерілуіне, еңбек өніміділігінің артуына, өндірістің барлық салаларының дамуына, күрделі құрылыс саласының қосар үлесі зор.
Қазіргі заманғы құрылыс дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрған мәселе.
Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі ережелерімен нормалардың біріңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруды жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады.
Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, объектілердің күрделенуі, жұмысты тосқынды әдістермен орындауды үлкен жетілдіруді талап етеді.
Соғылатын комплекстердің немесе жеке объектілердің көлемдерінің қуаттарының ұлғаюы, құрылыстың соғылуының жоғары болуына, соғылу мерзімінің кішірейуіне, қойылатын талаптардың өсуіне, үйлердің жинақтық деңгейінің көтерілуіне, құрылыс ұйымдарының жоғарғы өнімді машина механизмдермен жабдықталуын, құрылысқа жеке мамандандырылған құрылыс мекемелерінің көптеп таралуын, құрылыс өндірісінің жоспарлау,, ұйымдастыру деңгейін көтеруді талап етеді.
Соңғы жылдары, нарық қатынастарға көшуге байланысты, халық шаруашылығының басқа салалары сияқты, күрделі құрылыс саласында өндіріс шамасы төмен құлдырады жұмыс күйінің саны қысқарды, кейбір құрылыс ұйымдары жұмыс көлемінің болмауына байланысты жабылды, жоғары квалификациялы жұмыс күші басқа өндіріс салаларына ауысып кетті.
Осы қиыншылықтарға қарамастан нарықтық экономика жағдайында төмен сапалы орындалған жұмыстарға жұмсалған шығындарды мұқият есептеу керек. Осының барлығы өндірістік қызмет міндетіне кіруі керек. Құрылыс өнімінің сапалылығы заказ берушіні қызықтырады.
«Мемлекеттік тапсырыс – бұл мемлекеттің тұтынуын қанағаттандыру әдісі» жағдайына байланысты өзара материалдық жауапкершілік болуы керек. Осыған байланысты мемлекеттік заказдар механизмінде заказдың орындалуын бақылайтын мемлекеттік бақылау қарастырылуы тиіс. Мемлекеттік бақылау бәрінен бұрын мемлекеттік заказ сферасына кіретін аса жауапты құрылымдарға өте қажет.
Бұлар өнеркәсіптік, энергетикалық, гидротехникалық, транспорттық, қорғаныс және т.б. объектілер.
Құрылыстың басқа түрлерінде объектілерді жергілікті халық депутаттарының кеңесінің бақылау органдары бақылау жүргізуге тиісті.
Қазіргі жағдайда осындай қадағалаушы органдардың квалификациялық деңгейін жоғарылату және бақылау аймағын кеңейту үшін осы органдарда бақылау жұмысты қабылдау және авторлық, техникалық қадағалау жүргізу үшін сметада қарастырылған қаржының есебінен заказ берушілермен келісім шарт жасау жұмыстарын жүргізетін шаруашылық есептегі бөлімденр құрған жөн.
Кепілдікті қамтамасыз ету үшін заказ беруші құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасыз орындалуына байланысты келтірілген зияндықтардың орнын толтыру үшін сапаны сақтандыру жүйесін жүргізу қажеттігі туады.
Қоғамдық ғимараттардың ерекшелігі және функционалдық жағынан тұрғын ғимараттардан айырмашылығы – адамдардың бір уақытта жаппай массалы түрде жиналу.
Қоғамдық ғимараттар әр түрлі болғанымен, оларда кейбір ортақ жоспарлық элементтер болады: кіре берістер вестибюльдермен және гардеробтармен бірге, байланыс және эвакуация жолдары, жұмыс және жаппай массалы түрде қолдану бөлмелер.
Функционалдық процесстерде өздерінің ерекшеліктері болады және белгілі-бір ғимараттың жалпы композициялық сұлбасын анықтайды.
Жобаланған лицейі бар 1000 орындық мешіттің негізгі функционалды процесі адамның қоғамдық әрекетімен байланыстырылған.
1 Жобалау алдындағы талдау
1.1 Жобалау алдындағы талдауына мінездеме
Түркістан қаласындағы 1000 орындық лицей бар мешіт ғимаратының жобалауына алдын ала талдау жасау үшін техника-экономикалық салыстыру ретінде ұқсас жобалардың бір нұсқасы алынды:
1. Түркістан қаласындағы 1000 орындық лицей бар мешіт жобасы – негізгі нұсқа.
2. Тараз қаласындағы мешіт ғимаратының жобасы – салыстырмалы нұсқа.
Осы екі ғимаратының жобалауына алдын ала талдау келесі көрсеткіштер бойынша жасалынды:
- негізгі техникалық көрсеткіштер;
- конструктивтік сұлбалар;
- конструкциялардың материалдары;
- құрылыс ұзақтылығы;
- құрылыс бағасы.
1.2 Техника-экономикалық салыстыру
1.1-сурет – Негізгі нұсқа–Түркістан қаласындағы 1000 орындық лицей бар мешіт ғимаратының жобасы.
1.1-Кесте – Негізгі техникалық көрсеткіштер
№ |
Техникалық көрсеткіштің атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
Қабаттар саны |
қабат |
2 |
2 |
Ғимарат ауданы |
м2 |
361,60 |
3 |
Қабаттар биіктігі |
м |
3,3 |
а)
б
)
1.2-сурет – Конструктивтік сұлбасы–ішкі металл қаңқасынан және құрамалы темірбетон қабырға панельдерінен тұрады.
Конструкциялардың материалдары:
Мешіт ғимаратының негізгі конструктивтік элементтеріне: іргетастар, қабырғалар, перегородкалар, қабатаралық және төбе жабындар, шатыр, терезелер, есіктер және баспалдақтар жатады.
Жобаланған мешіт ғимаратының сыртқы қабырғасы жеңіл бетон панельдерден тұрады.
Барлық терезелер жеке тапсырыспен жасалынған:
Окно 1 – 2140 х 2498 – 2 шт.
Окно 2 – 2510 х 2498 – 9 шт.
Окно 3 – 2140 х 3500 – 2 шт.
Окно 4 – 2510 х 3500 – 2 шт.
Қасбет жағынан витраждар ескерілген:
Окно 5 – 3000 х 6800 – 2 шт.
Окно 6 – 1500 х 2144 – 2шт.
Окно 7 – 5000 х 3585 – 7 шт.
Шатырдың анағұрлым бөлігін күмбез құрайды, қалған бөлігі тегіс шатыр. Күмбез аркаларға тіреледі. Ал аркалар ұстындарға тіреледі.
Еденнің беті мұсылмандық стильмен жасалынған суреттері бар мозайкалық тақтайшалармен төселген.
Іргетастар құрамалы темірбетоннан ленталы түрде жасалынған.
- іргетас плиталары МЕСТ 13580-85 бойынша:
ФЛ 8.9 – 4 шт.
ФЛ 8.12 – 11 шт.
ФЛ 8.24 – 13 шт.
ФЛ 6.9 – 2 шт.
ФЛ 6.12 – 3 шт.
ФЛ 6.24 – 17 шт.
- іргетас блоктары МЕСТ 13579-78 бойынша:
ФБС 9.6 – 4 шт.
ФБС 12.6 – 11 шт.
ФБС 24.6 – 13 шт.
ФБС 9.4 – 2 шт.
ФБС 12.4 – 3шт.
ФБС 24.4 – 8 шт.
Қабатаралық жабын плиталар құрамалы темірбетоннан жасалынған:
ПК 36.18 – 66 шт.
ПК 63.18 – 16 шт.
ПК 24.15 – 16 шт.
Жабын плиталар металл қоставр қималы арқалықтарға тіреледі.
Арқалықтар ішкі қаңқаның ұстындарына тіреледі.
Жобада есік блоктарының 4 түрі қабылданған МЕСТ 24698-81 бойынша:
Д1 – ДГ 21.7 – 10шт.
Д2 – ДО 21.20 – 1 шт.
Д3 – ДО 21.20 – 1 шт.
Д4 – ДГ 21.10 – 3 шт.
Құрылыс ұзақтығылығы – 152 күн.
Құрылыс бағасы – 103,608,170.00 KZT.
1.3-сурет – Салыстырмалы нұсқа–Тараз қаласындағы мешіт ғимаратының жобасы.
1.2-Кесте – Негізгі техникалық көрсеткіштер
-
№
Техникалық көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
Қабаттар саны
этаж
2
2
Ғимарат ауданы
м2
760,14
3
Қабаттар биіктігі
м
3,3
Конструктивтік сұлбасы – сыртқы және ішкі жүк көтергіш кірпіш қабырғаларынан тұрады.
Конструкциялардың материалдары:
Сыртқы және ішкі жүк көтергіш қабырғалар кірпіштен қаланған.
Жабын темірбетонды монолит қалыңдығы.
Іргетастар темірбетонды монолиттік ленталы кірпіш қабырғалар астынан тұрғызылған.
Баспалдықтар – темірбетонан жасалған баспалдықтар.
Бөлме аралық қабырғалар - гипсокартон металдық каркаста және кірпіштен кәдімгі қарапайым күйдірілген. Кірпіштік қабырғаларда тік бағытта арматуралық тор қойылады.
Құрылыс ұзақтығылығы – 319 күн.
Құрылыс бағасы – 217,577,157.00 KZT.
