Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақерке жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.82 Кб
Скачать

Бутербродтардың түрлері және дайындалу ерекшелігін көрсетіңіз.

Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады.Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдар дың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді.Оны жеке тағам ретінде немесе ас алдында сорпамен, шаймен,кофемен, сондай-ақ ыстық тамақсыз дастарханға басытқы ретінде беруге болады.

Бутербродтардың негізгі түрлері:

⦁ ашық (азық көрініп тұрады);

⦁ жабық (сэндвичтер);

⦁ тіске басар басытқы (3х3см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған.

Бутербродтардың дайындалу ерекшелігі

Бутербродтар жеу алдында ғана дайындалуы тиіс. Бутербродтар құрамындағы азықтар жасау барысында балғын (свежий) болуы тиіс. Нан үзімдерінің қалыңдығы 0,9-1 см болуы тиіс. Нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет. Бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс. Бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-8 °С мөлшерінде 3 сағ аспаған жөн көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Нан, ешкі-көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнаулы тақтайшалар пайдаланылады. Бутербродтардың түрлері: салқын (жылусыз өңдеу) ыстық (жылумен өңдеу). Ашық қарапайым (бір азық түрімен) жабық салқынды екі тілім нан ортасына орналасады. Бутербродтардағы нан тілімдерінің қалыңдығы 10-15 мм. Нан тілімдері бір қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая салынған бутербродтар дайындайды. Шұжық және балық өнімдерін орама қабығынан тазарту үшін пышақтар пайдаланады. Дайындау кезінде нанды ромбиктер, дөңгелекшелер, үшбұрыштар түрінде турайды.

Банкеттік дәмтатымдардың дайындалу ерекшелігін көрсетіңіз.

Банкетті ұйымдастырудың бірден-бір маңызды пункті - ол үстелдердің формасы болып табылады. Банкеттегі үстел үшін ыдыстардың барлық түрлерінің орналасу тәртібі ас мәзірі мен тамақтарды, сусындарды беру тәртібіне байланысты. Банкеттік үстелдің негізгі тетігі - ол әр келген қонаққа арналған сүлгілер мен майлықтардың болуы болып табылады. Егер де банкет барысында аперитив берілетін болса, онда оны іс-шара басталмастан бұрын 15-20 минут бұрын беру керек. Ыстық күндері минералды су мен жеміс-жидектерден жасалған сусындарды ұсынуға болады. Банкеттерді өткізуде келесідей қызмет көрсету жүйелері ұсынылады: француздық түрі ( барлығы "қоршалған"), ағылшындық ( жабдықтау арбашасымен) және орысша жүйесі ( бәрі де "үстелге"). Банкетке шақырылған әрбір қонақ үшін үстел үстінде терең емес тәрелке, оның үстінде шайнамаға арналған тәрелке, солға қарай "самсаға" немесе нанға арналған тәрелке. Кішкене тәрелкеден оңға қарай пышақ пен қасық , ал соңға қарай - шанышқы орналасады. Пышақтың өткір ұстарасы тәрелкеге қарай бағытталуы тиіс. Шайнама тәрелкелерінің үстінде майлықтар үшбұрыш немесе гүл пішінді жатуы артықшылық жасамайды. Мерекелік банкеттер кезінде үстел басында сан қилы алкогольді сусындар түрлері болады. Сондықтан әр құралдың қасына араққа арналған, шарапқа арналған, шампанға арналған және шырын мен минералды суларға арналған ыдыстар қойылуы тиіс. Банкеттік дастарханда гүлдердің болғаны да мерекеге тек әдемілік сыйлайды. Оларды кішігірім құмыраларға салып, дастарханның ортасында орналастыру қажет. Егер де банкетте қонақтар саны көп болса, онда ыстық тағамдарды таратып беру керек. Сонымен қатар, маңызды ережені ұмытпаған жөн: тәрелкелерге салынған тамақтар қонаққа оң жақтан беріледі; ал үлкен бір ыдыстағы тамақ сол жақтан беріледі және қонақ өзінің тәрелкесіне өзі салып отырады..

Банкет мәзірінде салыстырмалы түрде азғантай суық дәмтатымдар, бір ыстық тамақты қосу керек. Банкет-түстік үшін міндетті түрде сорпа, екінші ыстық және тәтті тағамдарды, жемістерді, сусындарды өзіне қосады. Дәмтатымдар, тағам және сусындар ұсыну тәртібін білу қажет. Тағамдарды ауыстыру мәзерде жазылғандармен сәйкес келуі тиіс. Банкет басында суық балық дәмтатымдарын және жаңа көкөністер, ал кейіннен еттен, құстан дәмтатымдарды, кейін сорпаны береді. Сорпадан кейін балықтан, еттен, құстан, көкөністер мен ыстық сусындармен – кофе, шаймен аяқтайды

Мұндай банкеттерде қызмет көрсетудің міндетті шарты болып – тағам, сусындарды ұсынудың және құралдарды ауыстырудың тездігі, өйткені үстелде қонақтарға қызмет көрсету үшін әдетте протокол шегімен шектелген болады. Іс-тәжірибе көрсеткендей банкет қатысушыларының әрбір 12-16 — на 3 даяшыдан келеді. Қызмет көрсету барысында үштен екісі тағамдарды таратса, үшіншісі шарап құяды. Тағамдарды шектеулі мөлшерде 4 – 5 ұсынуда және үстелдердің жақын араласуынан қызмет көрсететін даяшылар тағам ұсыну мен сусындар құюды араласып атқара береді.