Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
97-120.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.02 Кб
Скачать

108)Тқ.Патологиялардың алдын алудың генетикалық негіздері(1,2,3,профилактика)

Тұқым қуалайтын патологиялардың көпшілігі қазіргі кезде емделмейді.Осыған байланысты генетикалық бұзылыстарымен балалардың туылуын алдын алу мақызды болып табылады.

Алдын алу шаралары:

1)ауру бала пайда болуын алдын алуға бағытталған шаралар (бірінші реттік профилактика)-

Бұл:бала тууды жоспарлау;қауіп 20% жоғары болғанда,пренатальді диагноз қою әдістері болмағанда,түсік жасау тыйым салынғанда-бала туудан бас тарту;қандас некеден бас барту не мұндай некеден бала туудан бас тарту;гетерозиготалы тасымалдаушылардың некеден бас тартуы;бала тууды 30-35жаста аяқтау;адамның өмір сүру ортасын жақсарту;мутагенді және тератогендіфакторлардың әсерін азайту;гендік терапия көмегімен патологиялық гендерге түзетулер енгізу.

2)тұқым қуалайтын патологиямен балалардың туылуын алдын алу(екінші реттік алдын алу);генотиптік бағыт;-МКГға негізделген. МГК-тұқым қуалайтын не тұқым қуалауы мүмкін аурумен ауыратын адамға,және оның туыстарына, сол аурудың салдары,аурудың дамуы,тұқым қуалау мүмкіндігі,оны емдеу және алдын алу әдістері туралы мәлімет береді.

3)патологиялық өзгерген генотипті тұлғаларда аурудың даму қаупін төмендету(үшінші реттік профилактика);фенотиптік бағыт-бірнеше тәсілі бар:1) патогенездік емдеу тәсілі(диета,орын басу терапиясы)-ФКУ,қант диабеті,гипотиреоз;2)патологиялық геннің экспрессиясын жоғарлататын факторларлды жою(гендік терапия,гендік манипуляция).

109)Тқ.Ауруларды емдеудің негізгі принциптері(этиологиялық,патогенетикалық,симптомдық емдеу)-

Тқ.ауруларды емдегенде,басқа кең таралған және жақсы зерттелген аурулар(инфекциялық) сияқты,емдеудің 3 жолын қолданады:этиологиялық,патогенетикалық,симптомдық.

Этиологиялық емдеу-генетикалық бұзылыстарды дұрыстаудың тиімді тәсілі.Ол генотерапия деп белгіленетін мутантты геннің құрылысы мен қызметін қалпына келтіруге бағытталған емдеу әдісі.Мақсаты:1)қалыпты гендерді енгізу жолымен мутантты геннің белсенділігінің жетіспеушілігін толықтыру;2)мутантты геннің артық белсенділігін басу;3)ағзаның иммундық жауабын күшейту.

Патогенетикалық емдеу-мутантты геннің ақуыздық өнімінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты бұзылған биохимиялық,физиологиялық үдерістерді толық не жартылай қалпына келтіруге бағытталады.

Симптомдық емдеу-ауруды емес,пациентті емдеу.Мыс:ауру сезімінде-анальгетиктер,қояншық ұсиамасында-құрысуға қарсы препараттар,артериальды гипертензияда-гипотензивті препараттар,сүйектердің деформациясында-хирургиялық ем т.б.

110)Тқ. Ауруларды емдеудің негізгі принциптері.Генотерапия

Гендік терапия — бұл тұқым қуалайтын ауруларды емдеу мақсатымен адамның сомалық жасушаларындағы генетикалық материалды өзгертуге бағытталған гендік инженериялық (биотехнологиялық) және медициналық әдістердің жиынтығы. Бұл мутациялар (өзгерістер) әсерінен ДНҚ молекуласындағы өзгерістерді жөндеуге немесе жасушаға жаңа қызмет бере алатын қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыт. Медицинадағы геномика бұл- гендік терапия (ГТ). Оның көмегімен көптеген тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге мүмкіндіктер пайда болуда.

ГТ-ның негізгі стратегиялары: 1) жасушаның қызметін бұрынғы қалпына келтіру. Емделуге жататын ұлпаларда бір «өзгерген» геннің қызметі жоғалса, бұл геннің қызметін алғашқы деңгейіне келтіру қажет. Бұл үшін зақымдалған ұлпаға немесе жасушаға жетіспейтін, қызметті толықтыратын ген енгізіледі. Мысалы, рецессивті тұқым қуалайтын ауруларға қолдану.

2) Жасушаның қызметін толық тежеу. Керісінше, жеке жасуша немесе ұлпа қалыпты күйінен айырылып, аса қарқынды қызметке ие болуы мүмкін. Мысалы, инфекция мен ісіктен өзгерістердің пайда болуы. Бұл жағдайда ГТ-маманы жасушаның артқан функциясын тежеуге мәжбүр. Аталған екі стратегиялық жол бірегей ГТ-ға жатады, яғни олар гендік модификациялардың көмегімен жасушалық бұзылыстарды түзейді.

3) Инфекциямен немесе ісік пайда болуымен байланысты клетка әртүрлі жағымсыз күйлерге ұшырауы мүмкін. Мұндай қолайсыз жағдайға қарсы клетканың иммундық жауабын күшейту стратегиясы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, иммундық жауапты тудыратын нысана-жасушаның немесе иммундық әсерді нығайтатын антидене түзейтін клеткалардың өзгерістері жаңа ген енгізу арқылы іске асады. Бұл кейінгі стратегия классикалық гендік терапия түсінігіне толығымен жатпайды.

ГТ екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:

1) ГТ ех vivo (ағзадан тыс) бұл жағдайда геннің қалыпты көшірмесі науқастан бөлініп алынған сомалық жасушаға енгізіледі. Түзетілген жасушалар өсіріліп, науқасқа трансфузия немесе трансплантация жолымен енгізіледі. Науқастың өзінің жасушасы алынғандықтан иммундық жүйе бұндай жасушаларды бөлмей, ыдыратпай қабылдайды. Жасушаға енгізілген қалыпты ген жетіспеген өнімді (ақуыз, фермент) синтездейді. Бұл әдіс бойынша жеке жасушаның орнына, ұзақ мерзім тіршілік ететін жасушалар жиынтығы бүкіл ағзамен бірігіп, нысана ретінде пайдаланылады. Мысалы, бағаналы жаушалар.

2) ГТ in vivo қалыпты ген тікелей адамның ұлпасына (арнайы ұлпа жасушаларына) енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]