- •72. Митоздық цикл. Интерфазаға сипаттама.
- •73. Митоздық цикл. Митозға сипаттама.
- •74. . Митоздық циклдағы митозды стимулдаушы фактор туралы түсінік және ролі.
- •75.Жасушалық циклдің кезеңдері. Митозға сипаттамасы.
- •76. Митоздық циклды реттейтін циклин және циклинтәуелді киназаладың рөлі және құрылысы.
- •77.Апоптоз туралы түсінік.Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •78. . Жасушалық цикл және апоптоз.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •79.Канцерогенез негіздері. Ортаның канцерогендік факторлары, ағзаға әсері.
- •80. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процестердегі ролі.
- •81. Онтогенез – ағзаның жеке дамуы. Онтогенездің кезеңдері.
- •82. Гаметогенез. Оогенез.
- •83. Гаметогенез. Сперматогенез.
- •84.Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.
- •85. Онтогенез. Эмбриональдық дамудың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •86. Қартаюдың теломералық теориясы.
- •87. Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы.
- •88.Морфогенез негізі ретіндегі гендердің жіктелу белсенділігі.
- •89. Тератогенез. Тератогенді факторлар.
- •90. Адамдағы дамудың қатерлі кезеңдері (п.Г. Светлов бойынша).
- •91. Дамудың туа біткен ақаулықтары. Жіктелуі (тұқым қуалайтын, экзогендік, мультифакторлық ).
- •92. Буғаналы жасушалар, медицинада қолданылуы.
- •93. Генетика негіздері (түсінік және терминдер).
- •94. Резус-фактор жүйесі және аво жүйесі бойынша қан топтарының тұқым қуалауы.
- •95. Адамдағы моногендік тұқым қуалау типтері( аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті, жыныспен тіркес тұқым қуалау, голандриялық).
- •96. Цитоплазмалық тұқымқуалау(митохондриальды аурулар).
77.Апоптоз туралы түсінік.Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.
Апоптоз – грекше «жапырақтың түсуі» деген мағынаны білдіреді. Соңғы 15-20 жыл көлемінде ғана, жасушалардың өлуі жалғыз дегенеративтік құбылыстар, табиғи жолдар арқылы болып қоймай, сол сияқты жасушаның өзін өзі өлтіретіндігі белгілі болды. Апоптоздың тетіктерінің қосылу жағдайлары өте көп, дегенмен оларды 2 топқа топтастыруға болады:
Жасушаішілік факторлар
Сыртқы факторлар
Сыртқы факторлардан болатын апоптоз– жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілетін «жағымсыз» сыртқы сигнализациядан болатын апоптоз.
Бұл жағдайда, жасуша қалыпты тіршілік етуге әбден қабілетті, бірақ біртұтас ағза тұрғысынан қарастырғанда, оның қажеті жоқ, зиянды болады.
Сондықтан да «өлуге» үкім ретінде «қара таңба» – сигнал жіберіледі және ол міндетті түрде жүзеге асырылады.
Апоптозды іске қосатын «жағымсыз» сигналдарды 2 топқа бөліге болады:
«Жағымсыз» негативтік сигналдар әрекеттері;
Позитивтік сигналдардың әрекеттерінің тоқталуы.
Жасушаішілік факторлар салдарынана болатын апоптоз: Бұл жағдайларда апоптоздың басталуына себеп болып жасушаның өзінің «қанағаттанарлықсыз» күйі саналады.
а) Ең алдымен репарацияланбайтын не нашар репарацияланатын хромосоманың өте күрделі бұзылыстары-ДНҚ-ның көптеген үзілістері оның конформациясының бұзылуы, тізбектер арасындағы тігілулер, хромосомалардың дұрыс ажыраспауы
б) Бұдан басқа, жасушаішілік мембраналардың бұзылыстары: Бұл бұзылыстар әртүрлі сыртқы факторлардың-иондаушы сәулелер, температураның өзгеруі, химиялық қосылыстар әсерлерінен пайда болады. Қауіпті заттарға әртүрлі стресс жағдайларында жасушада эндогендік жолмен түзілетін көптеген қосылыстар – азот оксиді, супероксидтік радикал, нитрозоқосылыстар т.б. да жатады
в) Бөлінуші жасушаларда апоптоз себебі болып-жасушаның бөліну үдерісінің өзі де саналады, себебі хромосома бұзылыстарының көпшілігі осы үдеріс кезінде пайда болады.
Жасушаның «қанағаттарлықсыз» күйіндегі апоптоз, р-53 ақуызының қатынасуымен жүзеге асады. р-53 ақуызы транскрипциялық фактор, ол апоптоз үдерісіне қатынасатын гендерді активтендіреді.
3 реттеуші факторлар (ақуыз Mdm2, ARF және 14-3-3в) әсіресе біріншісі, р-53 ақуызының ыдырауына және белсенділігіне әсер етіп, қалыпты жағдайда оның концентрациясының және белсенділігінің төмен болуы болуын қадағалайды.
ДНҚ молекуласының бұзылыстары пайда болған кезде р-53 ақуызына 3 протеинкиназалар арқылы сигналдар беріліеді.
ДНҚ-протеинкиназа
Протеинкиназа-АТМ
Казеинкиназа
Егер де жасуша бұзылыстары өте күшті, өте ауқымды болатын болса оның өлуіде басқарусыз болады. Оны НЕКРОЗ деп атайды.
Апоптоздың ең маңызды «қаруларының» бірі болып ерекше цитоплазмалық протеазалар- каспазалар саналады. Каспазалар – сериндік не цистеиндік протеазаларға жатады, себебі олардың белсенді орталықтарында тиесілі аминқышқылдар көптеп кездеседі. Каспазаларға 10 фермент кіреді, олар белгілі бір бірізділікпен бірін бірі активтендіріп тармақталған каскад пайда етеді.
Апоптоз кезінде ядролық эндонуклеазалар «жұмыс істейді», олар өте «нәзік» әрекет етеді, яғни олар да ДНҚ молекуласын бұзады, бірақ жеке жеке нуклеотидтерге дейін ыдыратпай, үлкенді кішілі фрагменттерге бөлшектейді.
Ядрода тағы, репарациялық эндо және экзонуклеазалар кездеседі. Эндонуклеазаларға ДНҚ-ң ортаңғы нулеотидтераралық байланыстарын үзсе, Экзонуклеазалар шеткі 51 не 31 ұштарындағы нуклетидтераралық байланыстырады үзеді
