- •72. Митоздық цикл. Интерфазаға сипаттама.
- •73. Митоздық цикл. Митозға сипаттама.
- •74. . Митоздық циклдағы митозды стимулдаушы фактор туралы түсінік және ролі.
- •75.Жасушалық циклдің кезеңдері. Митозға сипаттамасы.
- •76. Митоздық циклды реттейтін циклин және циклинтәуелді киназаладың рөлі және құрылысы.
- •77.Апоптоз туралы түсінік.Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •78. . Жасушалық цикл және апоптоз.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •79.Канцерогенез негіздері. Ортаның канцерогендік факторлары, ағзаға әсері.
- •80. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процестердегі ролі.
- •81. Онтогенез – ағзаның жеке дамуы. Онтогенездің кезеңдері.
- •82. Гаметогенез. Оогенез.
- •83. Гаметогенез. Сперматогенез.
- •84.Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.
- •85. Онтогенез. Эмбриональдық дамудың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •86. Қартаюдың теломералық теориясы.
- •87. Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы.
- •88.Морфогенез негізі ретіндегі гендердің жіктелу белсенділігі.
- •89. Тератогенез. Тератогенді факторлар.
- •90. Адамдағы дамудың қатерлі кезеңдері (п.Г. Светлов бойынша).
- •91. Дамудың туа біткен ақаулықтары. Жіктелуі (тұқым қуалайтын, экзогендік, мультифакторлық ).
- •92. Буғаналы жасушалар, медицинада қолданылуы.
- •93. Генетика негіздері (түсінік және терминдер).
- •94. Резус-фактор жүйесі және аво жүйесі бойынша қан топтарының тұқым қуалауы.
- •95. Адамдағы моногендік тұқым қуалау типтері( аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті, жыныспен тіркес тұқым қуалау, голандриялық).
- •96. Цитоплазмалық тұқымқуалау(митохондриальды аурулар).
91. Дамудың туа біткен ақаулықтары. Жіктелуі (тұқым қуалайтын, экзогендік, мультифакторлық ).
Жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі себептерге байланысты ақыл естің кемістігі және дене кемістігіне, не өлімге алып келетін ағзаның құрылысының, қызметінің және биохимиялық өзгерістер
Даму сатысына тәуелді эмбриогенез кезінде бірнеше тератогенді факторлардың әсерінен көптеген ақаулықтар пайда болуы мүмкін. Осы барлық ақаулықтарды 4-ке бөліп қарастырайық.
Гамметапатия – эмбриогенез кезіндегі ұрықтануға дейінгі гамметалардағы патологиялық өзгерістер,ол спонтанды түсікке, нәрестенің тұқым қуалайтын түрлі ақаулықтармен дүниеге келуіне әкеліп соқтыруы мүкін.
Бластопатия – эмбриональдық дамудың эмбриогенез кезіндегі ұрықтанумен байланысты процестен кейінгі, алғашқы екінші аптасындағы ана жатырының жарылып, нәрестенің дене мүшелерінің шектен тыс ісіп кетуі байқалады.
Эмбриопатия –ұрықтың жатыр қабырғасына бекінгененен, плацентаның түзілуіне дейінгі аралықтағы ұрықтың зақымдану. Бұл жағдайда ана мен нәресте арасындағы зат алмасу үзіліп, спонтанды түсікке әкеп соқтырады.Эмбриопатияның түрлері:
1. Вирустық эмбриопатия – «Embryopathia viralis» жүктіліктің алғашқы айында анасының вирустық аурумен науқастануынан туады.
2. Диабеттік эмбриопатия-– «Embryopathia diabetika» анасының қант диабетімен сырқаттануынан туатын эмбриопатия
Жүктілікке дейін себептеріне тұқым қуалайтын факторлар және сыртқы орта факторларының ұрықтың дамуына әсері жатады. Жүктілік кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері - жарақаттар мен инфекциялар.
Туа біткен ақаулардың табиғатын ашқан алғашқы зерттеулерді 1651 жылы ағылшын дәрігері Уильям Гарвей жүргізді. Ол кейбір ақаулықтар- ұрықтың туылған кезде жойылып кететін қалыпты белгілерінің сақталуы екендігін байқаған.1. Генетикалық факторлар (тұқымқуалаушылық) 2. Сыртқы орта факторлары 3. Көпфакторлы себептер (мультфакторлы)
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР 1. Тұқымқуалаушылыққа байланысты туа біткен ақаулықтар: 2. Гендік мутацияларға (ФКУ, Тея- Сакс, муковисцидоз, т.б.) 3. Аналық жұмыртқа жасушасының не сперматозоидтардың даму кезінде хромосомалардың дұрыс ажырамауы салдарынан (даун, эдвардс, Патау, Клайнфельтер, Тернер синдромдары) дамиды.
СЫРТҚЫОРТАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: А) физикалық (радиация, температура және т.б.) Б) химиялық (дәрілер, бояулар және т.б.) В) биологиялық (вирустар,бактериялар, паразит токсиндері)
КӨПФАКТОРЛЫ СЕБЕПТЕР (МУЛЬТФАКТОРЛЫ) Көпшілік туа біткен ақаулардың себебін бір генетикалық себеппен не сыртқы орта факторымен түсіндіру қиын. Мұндай ақаулықтар бірнеше гендердің әсеріне (полигенді) және сыртқы орта факторлардың (полифакторлы) әсерлерінен дамиды деп түсіндіріледі.
ДАМУДЫҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАРЫ А) аплазиялар – ағзаның болмауы Б) гипоплазиялар- ағзаның дамымауы (жетілмеуі) В) гиперплазиялар – дамудың күшеюі Г) гетеротопиялар – ағзаның басқа орында дамуы Д) стеноздар – қуыс мүшенің тарылуы Ж) атрезиялар- каналдың не тесіктің болмауы.
Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.
Мұндай ауруларға
подагра;
қант диабеті;
гипертония;
асқазан және ішектің ойық жарасы;
атеросклероз;
жүректің ишемия ауруы, т.б. жатады.
Тұқым қуалайтын аурулардың бұл түрінің пайда болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т.б. органдардың тұқым қуалайтын аурулары деп жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдықмутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
моногендік;
хромосомалық;
мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдіңтұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия,брахидактилия, полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хросома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.
