Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
72-96_Naz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.98 Кб
Скачать

89. Тератогенез. Тератогенді факторлар.

Тератогенез (Теrаtоgеnеsis - құбыжық; даму) - Даму ауытқуларының пайда болу механизмі Эмбриогенездің қалыпты дамуының бұзылуы нәтижесінде дамудың туа біткен ақаулары мен кемістіктердің көрініс беруі тератогенез деп, ал оларды туғызатын факторлар – тератогенді факторлар деп аталады. Ұрыққа сыртқы тератогендік факторлардың әсерінен ұрықта түрлі кемтарлықтар, аномалиялар, пайда болып, дамуы мүмкін. Тератогенез (Теrаtоgеnеsis - құбыжық; даму) - Даму ауытқуларының пайда болу механизмі. Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша, менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды. Аномалия (көне грекше: anomalia — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды

90. Адамдағы дамудың қатерлі кезеңдері (п.Г. Светлов бойынша).

Ұрық дамуның қауіпті кезеңдері туралы оқу 1921 жылы К.Стоккардпен құрылып, кейіннен П.Г. Светловпен тереңдетіле қарастырылды. П.Г.Светлов бойынша жеке даму бірнеше этаптардан тұрады, ал сол этаптар қауіпті кезеңдерден басталады. Қауіпті кезеңдер сыртқы орта әсерлеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады. Эмбриональді дамудың ерте кезеңдерінде қауіпті периодтар бүкіл организмнің дамуына қатысты болады, кеш зиянды әсерлер дәл осы уақытта ең активті түзілу процестерінен өтіп жатқан мүшелерге әсер етеді. Бір мезгілде әсер ететін түрлі факторлар бірдей әсер көрсетуі мүмкін, ал бір фактор түрлі кезеңдерде  мүлдем басқа әсер көрсетуі мүмкін.

  Бірінші қауіпті кезең – имплантация алдындағы эмбрион қоршаған ортаның патогенді агенттеріне қысқа уақытқа сезімталдығы жоғарылайды. Осы кездегі әсер эмбриотоксикалық әсер деп аталады.

 Екінші қауіпті кезең  – эмбрион жүйелерінің бастамалары пайда болу кезеңі. 3-7 апталарға сәйкес келеді. Бұл кезде патогенді фактор тератогенді деп аталады. Ұрық ақауына әкеліп соғады.

  Үшінші қауіпті кезең – плацентация, ол 9-12 апталарға сәйкес келеді. Зиянды факторлар фетоплацентарлы жүйенің жетіспеуіне әкеліп соғуы мүмкін.

  Ұрық дамуының қауіпті кезеңдері туралы оқуға сәйкес ұрық өлімінің алдын алу үшін және туа біткен ақаулардың алдын алу үшін әйел организімінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен, әсіресе жүктіліктің алғашқы 3-8 апталарында, қорғау қажет. Зерттеулер көрсеткендей, адам ұрығы плацентация және активті органогенез кезінде ғана емес одан кейін де сезімтал болып келеді.  Фетальді дамудың қауіпті кезеңдеріне 15-20 апта және 20-24 апталарды жатқызады. Сонымен, жалпы қарастырғанда, адам онтогенезінің бірнеше қауіп-қатерлі  кезеңдерін атап кетуге болады:

  1. Прогенез – жыныс жасушаларының дамуы

  2. Ұрықтану

  3. Имплантация – дамудың 7-8-тәуліктері

  4. Ағзалардың білік бастамаларының дамуы және плацента қалыптасуы – дамудың 3-8 апталары

  5. Мидың қарқынды өсу кезеңі – 15-20-апталар

  6. Организмнің негізгі функциялық жүйелері қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы – 20-24 апталар

  7. Нәрестенің дүниеге келуі

  8. Нәрестелік кезең – 1 жасқа дейін

  9. Жыныстық жетілу (11-16 жас).

Осы тармақта қарастырылған  мәселелер жүктілік кезінде ана  мен бала денсаулығын алдын алу  және қорғау шараларының негізін  құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]