- •72. Митоздық цикл. Интерфазаға сипаттама.
- •73. Митоздық цикл. Митозға сипаттама.
- •74. . Митоздық циклдағы митозды стимулдаушы фактор туралы түсінік және ролі.
- •75.Жасушалық циклдің кезеңдері. Митозға сипаттамасы.
- •76. Митоздық циклды реттейтін циклин және циклинтәуелді киназаладың рөлі және құрылысы.
- •77.Апоптоз туралы түсінік.Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •78. . Жасушалық цикл және апоптоз.
- •Жасушаішілік факторлар
- •Сыртқы факторлар
- •Казеинкиназа
- •79.Канцерогенез негіздері. Ортаның канцерогендік факторлары, ағзаға әсері.
- •80. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процестердегі ролі.
- •81. Онтогенез – ағзаның жеке дамуы. Онтогенездің кезеңдері.
- •82. Гаметогенез. Оогенез.
- •83. Гаметогенез. Сперматогенез.
- •84.Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.
- •85. Онтогенез. Эмбриональдық дамудың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •86. Қартаюдың теломералық теориясы.
- •87. Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы.
- •88.Морфогенез негізі ретіндегі гендердің жіктелу белсенділігі.
- •89. Тератогенез. Тератогенді факторлар.
- •90. Адамдағы дамудың қатерлі кезеңдері (п.Г. Светлов бойынша).
- •91. Дамудың туа біткен ақаулықтары. Жіктелуі (тұқым қуалайтын, экзогендік, мультифакторлық ).
- •92. Буғаналы жасушалар, медицинада қолданылуы.
- •93. Генетика негіздері (түсінік және терминдер).
- •94. Резус-фактор жүйесі және аво жүйесі бойынша қан топтарының тұқым қуалауы.
- •95. Адамдағы моногендік тұқым қуалау типтері( аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті, жыныспен тіркес тұқым қуалау, голандриялық).
- •96. Цитоплазмалық тұқымқуалау(митохондриальды аурулар).
72. Митоздық цикл. Интерфазаға сипаттама.
Митоздық цикл деп бөліну нәтижесінде пайда болған жаңа жасушалардың келесі бөлінуге даярланып, соңынан қайта бөлініп жаңа ұрпақ жасушаларының түзілуімен. аяқталатын үрдістер жиынтығын айтады., Көпшілік жасушаларда митоздық циклды ұзақтығы 10 сағаттан 50 сағатқа созылады. Митозды биологиялық мәні мынада, ол жасушалық ұрпақтар арасында хромосомалардың сабақтастығын және көлемі мен тұқым қуалау ақпаратының мөлшері бірдей жаңа жасушалардың түзілуін қамтамасыз етеді. Олай болса, митоздық циклдағы ең негізгі мәселе бастапқы аналық жасушадағы тұқым қуалау ақпаратсының мөлшері бірдей жаңа жасушалардың түзілуін қамтамасыз етеді. Олай болса, митоздық циклдағы ең негізгі мәселе бастапқы аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) және ол материалдың жаңа жасушаларға теңдей бөлінуі. Бұл үрдістер хромосомаларды химиялық құрамы мен морфологиялық құрылымындағы заңды түрде жүретін өзгерістерге байланысты іске асырылады. Митоздық циклдағы жасуша ішілік өзгерістер. Митоздық циклда интерфазаны жэне митозды бөліп қарайды.
Интерфаза (prophasis, гр. pro, inter — арасы, аралығы, phasis — фаза) — жасуша бөлінісінен кейінгі кезең ( митоз бен мейоз), яғни ядроның дем алатынкезеңі. Ядросы бөлінбейді және бастапқы қалпына келмейді.Дайындық.
Интерфаза 3 сатыдан тұрады:
G1(Gap-1) – пресинтетикалық кезең – жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митоздық циклға енуіне бөлінуін тоқтатуы туралы «шешім» қабылданады.
S-синетикалық кезең – ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді (екі еселенеді), цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар көбейеді.Тұқым қуалау екі есе артады.Бұл кезеңнің аяғында жасуша, ДНҚ бойынша тетраплоидты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 6-10 сағат.
G2(Gap-2) постсинтетикалық кезең – жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин синтезделінеді.Кезең ұзақтығы 4-5 сағат.ДНҚ синтезі тоқтап энергия қоры АТФ жинақталады. Центроиль екі еселеніп ахроматин жіпшелері қалыптаса бастайды.
73. Митоздық цикл. Митозға сипаттама.
Митоздық цикл деп бөліну нәтижесінде пайда болған жаңа жасушалардың келесі бөлінуге даярланып, соңынан қайта бөлініп жаңа ұрпақ жасушаларының түзілуімен. аяқталатын үрдістер жиынтығын айтады., Көпшілік жасушаларда митоздық циклды ұзақтығы 10 сағаттан 50 сағатқа созылады. Митозды биологиялық мәні мынада, ол жасушалық ұрпақтар арасында хромосомалардың сабақтастығын және көлемі мен тұқым қуалау ақпаратының мөлшері бірдей жаңа жасушалардың түзілуін қамтамасыз етеді. Олай болса, митоздық циклдағы ең негізгі мәселе бастапқы аналық жасушадағы тұқым қуалау ақпаратсының мөлшері бірдей жаңа жасушалардың түзілуін қамтамасыз етеді. Олай болса, митоздық циклдағы ең негізгі мәселе бастапқы аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) және ол материалдың жаңа жасушаларға теңдей бөлінуі. Бұл үрдістер хромосомаларды химиялық құрамы мен морфологиялық құрылымындағы заңды түрде жүретін өзгерістерге байланысты іске асырылады. Митоздық циклдағы жасуша ішілік өзгерістер. Митоздық циклда интерфазаны жэне митозды бөліп қарайды.
Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.
Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта, хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады яғни хромосома жиынтығы тең болады. Митоз құбылысын алғаш өсімдіктер жасушасынан зерттеп ашқандар И.Д. Чистяков (1874) пен Э. Страсбургтер (1875), ал жануарлар жасушасынан П.И. Перемежко (1878) анықтаған. Жасушаның бұл бөліну әдісін «митоз» деп атауды 1882 жылы В. Флемминг ұсынған. Митоз бірінен сон бірі жүретін 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
Профаз - бастапқы кезеңінде хромосомалар ширатылып, жуандай бастайды, соның нәтижесінде едәуір қысқарады. Профазаның соңына қарай ядрошықтар жойылып, артынша лизосома ферменттерінің әсерінен ядро қабығы еріп кетеді. Хромосомалар цитоплазмада бос күйінде қалады. Осы кезде екі центриольдер жасушаның полюстеріне ажырап, олардың микротүтікшелерінен ахроматин жіпшелері пайда болып, бөліну ұршығы қалыптасады.
Метафазаның - алғашқы кезеңінде цитоплазманың тұтқырлығы кеміп, хромосомалар экваторға қарай ығыса бастайды. Центромерасың екі жағына ахроматин жіпшелері келіп бекінеді, қатаң тәртіппен гомологтық жұптар құрап экватор жазықтығына орналасады. Әр хромосомадағы хроматидтердің аралары ашылып, олар тек центромера арқылы байланысқан күйде болады. Хроматида жұптарынан тұратын барлық хромосомалардың пішіндерін анық ажыратып, санын есептеуге қолайлы метафазалық пластинка түзіледі.
Анафаза - кезінде әр хромосомадағы хроматидтер бір-бірімен центромерасы арқылы да толық ажырап екі жақты полюске қарай бағытталып бөліну ұршығынан жіпшелермен бірге 0,2-5 мкм\мин жылдамдықпен тартыла бастайды. Олар енді полюстерге келіп, толық хромосомалар жйьштығын құрайдьі,
Телофазада - полюстерге келіп жеткен хромосомалар қаита тарқатылып жіңішкеріп ұзарады, олардың көрінуі қиындай түседі. Ахроматин жіпшелері жойылды. Әр полюстен хромосомалардың сыртын қоршай ядро қабықшасы түзіліп, ядрошық пайда болады. Осы кезде екі ядроның пайда болуы аяқталады, яғни кариокинез үрдісі жүрді. Телофазаның ізінше цитокинез жүріп жасуша екіге бөлінеді. Алғашқы жасушадан теңдей екі жас жасуша түзіледі.
