Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер Металл кескіш станоктар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Ажарлағыш білдектер және ажарлаумен өңдеу технологиясы.

7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі.

Металкескіш білдектер дайындамаларды қажақты құралмен өңдеу үшін топты құрайды. Ол ажарлау, жалтырату, жетілдіру және қайрау білдектерінен тұрады. Ажарлау білдектері өңделетін беттің Ra1,25...0,02 мкм кедір бұдырлығын қамтамасыз етеді. Ажарлау білдектеріне өңдеуге минималды әдіппен алдын ала механикалық және термиялық өңдеуден кейін өткен дайындамалар келеді.

Ажарланатын дайындама бетінің пішініне және ажарлау түріне байланысты бөледі: дөңгелек сыртты ажарлауға (орталықты және ортаықсыз) арналған дөңгелек ажарлағыш білдектер; дөңгелек іштерді ажарлауға (орталықты және ортаықсыз) арналған ішкі ажарлағыш білдектер; ажарлау дөңгелегін шетімен және бүйірімен өңдеуге арналған жазықажарлау білдектер.

7.1 – суретте ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы түрі көрсетілген.

ЭНИМС жіктегіші бойынша қажақты құралдармен жұмыс жасайтын білдектер үлгісі сандар мен және әріптер мен белгіленген. Ажарлау білдектерінің тобы 3 санымен белгіленген. (бірінші санмен үлгі көрсетілген). Екінші сан білдек түрін көрсетеді: 1 – дөңгелекажарлау білдектері; 2 – ішкі – ажарлау білдектері; 3 – сыдыра – ажарлау; 4 – арнайы ажарлау білдектері; 5 – қарастырылмаған; 6 – қайрау; 7 – тікбұрышты немесе дөңгелек үстелді жазықажарлау; 8 – тегістеу және жылтырату; 9 – қажақты құралмен жұмыс жасайтын арнайы білдектер.

Егер қаралатын білдектің құрылымы ерекшеленген және білдектердің жаңа ұрпағына жататын болса, онда шартты белгілеуге әріп қосамыз (мысалы, 3А64). Үшінші сан білектің негізгі білдектің негізгі техникалық сиппатамасын көрсетеді.

Сериялық өндірісте жасалатын білдектерден басқа білдек жасаушы зауыттар арнайы білдектер шығарып, оларға шартты зауыттық номерлер береді – білдектің шифрі, бұл білдек туралы нақты мағлұматтар бермейді, сондықтан білдектің паспортінде берілген қосымша ақпараттар керек.

Ажарлау білдектерінде басты кесу қозғалысы ажарлау дөңгелегінің айналуында. Оның айналу жылдамдығы V(басты кесу қозғалысының жылдамдығы) м/с (2 – ші тарауда көрсетілген), V=35...60 м/с, жоғары жылдамдықта ажарлау барысында V=80...120 м/с.

7.2. Жазық ажарлау білдегінің құрылысы

Дайындамалардың жазық бетін дөңгелектің шетімен немесе оның бүйірімен ажарлау жасалады. Дөңгелек және тік бұрышты үстелдері бар жазық ажарлау білдектері болады. Оның дөңгелек ажарлау айналдырығы горизонтальды және вертикальді орналаса алады. Бірлікті, ұсақ сериялы және орта сериялы шығару өңдірістерінде тік бұрышты үстелі бар және айналдырығы горизонталь орналасқан жазық ажарлау білдектерін қолданады. Жаппай шығару өндірістерінде дөңгелек үстелі бар білдектер, және де айналдырығы горизонтальді және вертикальді орналасқан екі жақты бүйір ажарлаубілдектері үлкен қолданысқа ие.

Жалпыға арналған тікбұрышты үстелі бар жазықажарлау білдегін қарастырамыз. Білдектің 1(cурет- 7.1, а ) тұғырығындағы бағыттаушыларында үстел 5 бекітілген, ол тұғырда орналасқан гидроцилиндірден қарама – қарсы бағытта жылжу жасайды. Үстелде бекітілген магниттік тақтаның 12 көмегімен дайындамаларды бекіту жүргізіледі. Тұғырда тіреуіш 9 орналасқан, ол қаптамамен жабылған, ажарлау топайын 10 горизонталь орналасқан дөңгелек ажарлау айналдырығымен 11қосып тіреп тұрады. Тұғырда орналасқан беріліс механизмдерінен ажарлау топайына бойлық қозғалыс берілісін (үстелдің әр екілік жүрісінен кейін) және вертикаль қозғалыс берілісін (өңделген дайындаманың бетінен әр жүріс сайын алынған әдібінен кейін) хабарланады.

Ажарлау топайында орнатылған электрқозғалтқыштың көмегімен айналдырық айналады. Беріліс механизмдерінің жұмысы гидроцилиндрден жүзеге асады, гидростанциядан 13 гидроцилиндірге май келеді, ол аспап бетімен 2 басқарылады. Үстелдің қолмен жылжитын бекітулері (бойлық бағытта) тегершіктің 3 көмегімен, ал ажарлау топайының (вертикаль бағытта) бекітулері 8 – тегершіктің көмегімен жүзеге асырылады. Білдектің қосып өшірілуі басқару тізбе сандықшаның 4 көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыс барысында магниттік тақтаны өңделіп жатқан дайындаманы бірге қаптамамен қаптайды 6. МСС сорғыштың 14 көмегімен бактан келеді.

7.2 суретте әмбебап жазықажарлау білдегінің кинематикалық сұлбасы көрсетілген. 7 – ші және 8 – ші тегершіктермен қайысты берілістер арқылы М 1 электр – қозғалтқышынан ажарлау дөңгелегінің айналуы басты қозғалыс болады. Айналдырықтың айналу жиілігі тұрақты. Ажарлау бастиегінің түсірілуі немесе көтерілуі бұрамдық дөңгелекпен 3 қатаң қосылған сомын 5 және бұрамамен 6 бұрамалық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Тістегершіктің 4 айналуы : жылдам жылжу барысында М 2 электрқозғалтқышынан цилиндрлік беріліс арқылы 1 – ші және 2 – ші тісті дөңгелектерге; автоматты вертикаль беріліс барысында – үстелдің бойлық немесе көлденең кері бағыты жұмыс істеу моментінде қалақты сорғыштан қапшық 24 – ші және 20 – шы дөңгелектер арқылы тістегершікке 4. Үстелдің екілік жүрісіне вертикальды берілістің шегі S=0,002…0,05. Қырылдақ дөңгелектің 23 бір тіске бұрылуы 0,002 мм төменгі шекке сәйкес келеді. Үстелдің бойлық жылжуы 14,15,13 және 11 тісті дөңгелектер және төрткілдеш 12 арқылы тегершіктің көмегімен жүзеге асырылады. Тегершіктің бір рет айналуы үстелдің 18,1 мм жылжуына тең. Нормальды жағдайдағы үстелдің қолмен бойлық жылжитын механизмін ажырату дөңгелекті 11 іліністен әкетіп және микроауыстырыпқосқышты қосып жасауға болады, ол үстелдің механикалық жылуын қосуға мүмкіндік береді. Айқыш құралкүймешікте бекітілген бұрама 9 мен сомын 10 үстелдің бойлық берілісін береді: автоматты режімінде – 26,27,16 және 17 тісті дөңгелектер арқылы М3 электроқозғалтқышынан; қол режімінде – 17,16 дөңгелектер арқылы тегершіктен. Жұқа бойлық берілісті 18 және 19 конусты дөңгелектер, жалғастырғыш 25 және 17,16 тісті дөңгелектер арқылы батырманы басып жүзеге асырылады.