- •Білдекте өңдеу негізі білдек тұралы жалпы мағлұмат
- •1.1. Металл кескіш білдектердің жіктелуі
- •1.2. Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы
- •1.3. Білдек өнімділігі және сенімділігі
- •2. Металл кескіш білтекте өңдеудің технологиялық үдерісі
- •2.1. Білдек кинематикасы
- •2.2.Білдектердің типтік бөлшектері және механизмдері
- •2.3 Басты қозғалыстың және беріліс қозғалысының берілісі
- •3.1. Жону білдектерінің негізгі түрлері және оларды өңдеу
- •3.2 Жону бұрамакескіш білдегінің құрылғысы
- •Білдектер және оларда өңдеу технологиясы. Жону білектері және жонып өңдеу технологиясы
- •3.3 Жонып өңдеудің технологиясы және жабдығы
- •3.6. Цилиндрлі саңылауларды өңдеу технологиясы
- •3.9. Жону білдектерінде бұрандаларды қию технологиясы.
- •3.10. Беттерді әрлеу технологиясы
- •3.11. Жону білдектеріндегі жұмыс істеудің негізгі қауіпсіздік ережелері
- •4 Жазық беттерді және қиықжиектерді жоңғылау технологиясы
- •4.1 Ойықтарды, жырашықтарды, кемерлерді жоңғылау технологиясы және дайындамаларды жоңғымен кесу.
- •4.8. Фасонды беттерді жоңғылау технологиясы
- •4.9. Жоңғыш білдектерде қауіпсіз жұмыс жасаудың негізгі ережелері
- •5.Бұғылау білдектері және бұрғылап өңдеу технологиясы.
- •5.1. Бұрғылау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі
- •5.1. Сурет. Вертикалды- бұоғылау білдектері:
- •6.1. Ажарлауыш білдектердің негізгі түрлері мен белгілері
- •6.5. Бұрғылау білдектерінде өңдеу технологиясы және әбзел.
- •6.11. Сурет. Тезауысымды бұрғылайтын қысқы (а) және цилиндрлік артқы ілмегі бар бұрғыларды бекіту үшін арналған конустық төлке (б):
- •1 Және 2 – орнықтыру саусақтары;3 – бағыттаушы төлкелер; 4 – кондукторлық тақта; 5 – айлабұйымның базалық беті; 6 – саңылау.
- •6.6. Саңылауды бұрғылау және кеңей бұрғылау технологиясы
- •6.22. Сурет. Айналдырық берісінің қозғалысын шектеуге арналған айлабұйым:
- •6.7. Үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау технологиясы.
- •6.8. Ішкі бұранда кесіп алу технологиясы
- •6.9. Бұрғылау білдектерінде жмыс жасау кезіндегі негізгі қауіпсізодік ережелері.
- •Ажарлағыш білдектер және ажарлаумен өңдеу технологиясы.
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі.
- •7.2. Жазық ажарлау білдегінің құрылысы
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы көрінісі:
- •7.3. Орта дөңгелек ажарлау білдегінің құрылысы.
- •7.5. Жазықажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу технологиясы.
- •7.9 Сурет электромагнитті тақта:
- •7.10 Суретте магнитті тақтаның жалпы түрі көрсетілген.
- •7.11 Сурет.Ажарланатын дайындамаларды бекітуге арналған лекалды тақтайшалар:
- •7.6. Дөңгелек ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу технологиясы
- •7.18. Екі қалыпты сүйеуіш:
- •7.7. Ажарлау білдектерінде жұмыс жасау қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
- •Сбб білдектер
- •Басқару жүйесінің және сбб білдектерінің жалпы сипаттамасы
- •8.1 Сурет. Сбб білдектерінде координата осьтерінің орналасуы (а); оң жақты координата жүйесі (б).
- •8.2. Сбб білдектерінің құрылымдық ерекшеліктері
1.2. Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы
Білдектің өңдеу сапасы білдектің дәлдігімен тікелей байланысты, ол өз кезегінде білдектің әртүрлі ауытқуларының (геометриялық, кинематикалық,серпімділік, температуралық және динамикалық) бөлшек жасау дәлдігіне әсер ету дәрежесін көрсетеді.
Геометриялық ауытқу бөлшек жасау дәлдігіне және білдек құрастыруына тәуелді, сонымен қатар пайдалану кезеңіндегі тозу мөлшеріне қатысты. Ол пішін құрастыру кезеңінде, кескіш құралының және дайындаманың өз ара орналасу дәлдігіне әсер етеді.
Кинематикалық ауытқу кинематикалық тізбектің әртүрлі берілістегі беріліс сандарының қателіктерімен анықталады, ол білдектің бөлек элементтердің (тісті дөңгелек, бұрамдық, бұрама жұптары және т.б.) ауытқуынан пайда болады.
Серпімді ауытқулар білдектің деформациясымен байланысты, ол өз кезегінде кесу күштерінің әсерінен құрал және дайындаманың өзара орналасу өзгерісін тудырады және білдек қатаңдылығымен сипатталады яғни оның деформация пайда болуына қарсы келу қабілеттілігі.
Температуралық ауытқу жұмыс барысында білтектердің әртүрлі элементтерінің бірқалыпты қызу еместігінен пайда (ол алғашқы геометриалық дәлдіктің өзгерісіне әкеліп соғады) және бөлшектің өңдеу сапасына елеулі әсер етеді.
Динамикалық ауытқу құрал және дайындаманың салыстырмалы тербелістерімен байланысты болады. Олар өңдеу сапасын нашарлатады, кескіш құралының шыдамдылығын және білдектің ұзақ тұрақтылығын төмендетеді.
Сонымен қатар өңдеу сапасына кескіш құралының ауытқуы елеулі әсер етеді, ол құралды жасау және білдекте орнату барысында және кесу бөлігінің пайдалану кезеңінде тозуынан пайда болады.
1.3. Білдек өнімділігі және сенімділігі
Білдек өнімділігі бірлік уақытында жасалатын бөлшек санымен сипатталады. Қолмен басқарылатын әмбебап жабдық үшін өнімділік Q, дана/сағ, келесі формуламен анықталады
Q = 3600/tк,
мұндағы tK— өңдеудің калькуляциялық уақыты, с; tK = tшт+ tп.з/n;
tшт — даналық уақыт, с; tшт= tQ+ tB + tT.0+ t0.0+tотд;
t0— негізгіт технологиялықуақыт, с;
tB— қосалқы уақыт, с;
tT.0және tQ.0 — бір бөлшек жасау үшін кететін, техникалық қызмет көрсету және ұйымдастырушылық қызмет көрсету уақыты, с;
tотд — жұмысшының демалу уақыты( бір бөлшек жасау үшін), с;
tп.з — дайындау-қортындылау уақыты, с;
n— партиядағы дайындама саны, дана.
Білдек сенімділігі — белгілі бір мерзім аралығында берілген өнімділікпен жарамды өнімді шығару қабілеттілігі. Білдек сенімділігі тоқыраусыздығымен, жөндеу жарамдылығымен және ұзақ тұрақтылығымен сипатталады.
Білдек тоқыраусыздығы — белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз жұмыс қабілеттілігін сақтау қасиеті. Білдек тоқыраусыздығының бұзулуы өнім шығаруының тоқтатуына әкеліп соғады, егер білдек жұмыс істеуін тоқтатпаса, онда жасалған өнім ақаулы болып табылады.
Білдектің тоқыраусыздығын қалпына келтіру узақтығына, оның бос тұру уақыты кіреді. Білдекті қалпына келтірудің орташа ұзақтығы неғұрлым аз болса, соғұрлым оның жөндеу жарамдылығы жоғары болады.
Білдекұзақ тұрақтылығы— жұмыс қабілеттілігін сақтау қасиеті. Білдекұзақ тұрақтылығы негізінен қозғалмалы қосылыстардың тозуынан, білдек элементтерінің материалдарының қажу және ескіруіне байланысты.
