- •Білдекте өңдеу негізі білдек тұралы жалпы мағлұмат
- •1.1. Металл кескіш білдектердің жіктелуі
- •1.2. Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы
- •1.3. Білдек өнімділігі және сенімділігі
- •2. Металл кескіш білтекте өңдеудің технологиялық үдерісі
- •2.1. Білдек кинематикасы
- •2.2.Білдектердің типтік бөлшектері және механизмдері
- •2.3 Басты қозғалыстың және беріліс қозғалысының берілісі
- •Білдектер және оларда өңдеу технологиясы. Жону білектері және жонып өңдеу технологиясы
- •3.1. Жону білдектерінің негізгі түрлері және оларды өңдеу
- •3.2 Жону бұрамакескіш білдегінің құрылғысы
- •3.3 Жонып өңдеудің технологиясы және жабдығы
- •3.6. Цилиндрлі саңылауларды өңдеу технологиясы
- •3.9. Жону білдектерінде бұрандаларды қию технологиясы.
- •3.10. Беттерді әрлеу технологиясы
- •3.11. Жону білдектеріндегі жұмыс істеудің негізгі қауіпсіздік ережелері
- •4 Жазық беттерді және қиықжиектерді жоңғылау технологиясы
- •4.1 Ойықтарды, жырашықтарды, кемерлерді жоңғылау технологиясы және дайындамаларды жоңғымен кесу.
- •4.8. Фасонды беттерді жоңғылау технологиясы
- •4.9. Жоңғыш білдектерде қауіпсіз жұмыс жасаудың негізгі ережелері
- •5.Бұғылау білдектері және бұрғылап өңдеу технологиясы.
- •5.1. Бұрғылау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі
- •5.1. Сурет. Вертикалды- бұоғылау білдектері:
- •6.1. Ажарлауыш білдектердің негізгі түрлері мен белгілері
- •6.5. Бұрғылау білдектерінде өңдеу технологиясы және әбзел.
- •6.11. Сурет. Тезауысымды бұрғылайтын қысқы (а) және цилиндрлік артқы ілмегі бар бұрғыларды бекіту үшін арналған конустық төлке (б):
- •1 Және 2 – орнықтыру саусақтары;3 – бағыттаушы төлкелер; 4 – кондукторлық тақта; 5 – айлабұйымның базалық беті; 6 – саңылау.
- •6.6. Саңылауды бұрғылау және кеңей бұрғылау технологиясы
- •6.22. Сурет. Айналдырық берісінің қозғалысын шектеуге арналған айлабұйым:
- •6.7. Үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау технологиясы.
- •6.8. Ішкі бұранда кесіп алу технологиясы
- •6.9. Бұрғылау білдектерінде жмыс жасау кезіндегі негізгі қауіпсізодік ережелері.
- •Ажарлағыш білдектер және ажарлаумен өңдеу технологиясы.
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі.
- •7.2. Жазық ажарлау білдегінің құрылысы
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы көрінісі:
- •7.3. Орта дөңгелек ажарлау білдегінің құрылысы.
- •7.5. Жазықажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу технологиясы.
- •7.9 Сурет электромагнитті тақта:
- •7.10 Суретте магнитті тақтаның жалпы түрі көрсетілген.
- •7.11 Сурет.Ажарланатын дайындамаларды бекітуге арналған лекалды тақтайшалар:
- •7.6. Дөңгелек ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу технологиясы
- •7.18. Екі қалыпты сүйеуіш:
- •7.7. Ажарлау білдектерінде жұмыс жасау қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
- •Сбб білдектер
- •Басқару жүйесінің және сбб білдектерінің жалпы сипаттамасы
- •8.1 Сурет. Сбб білдектерінде координата осьтерінің орналасуы (а); оң жақты координата жүйесі (б).
- •8.2. Сбб білдектерінің құрылымдық ерекшеліктері
Білдекте өңдеу негізі білдек тұралы жалпы мағлұмат
1.1. Металл кескіш білдектердің жіктелуі
Металл кескіш білдек деп –дайындамадан жоңқаны алу жолымен белгіленген өлшемдерге, пішінге және беттің кедір-бұдырлығына сай келетін бөлшекті алуға арналған технологиялық машинаны айтады. Білдектерде металдан жасалған дайындамаларды ғана өңдемейді сонымен қатар басқада материалдардан жасалған дайындамаларды да өңдейді сондықтан «металл кескіш» термині шарты болып табылады.Дайындама деп – еңбек өнімін айтады, оның пішінің, өлшемін және бетінің қасиетін өзгертіп бөлшек жасайды.
Білдектер әртүрлі белгілерге сәйкес жіктелуі мүмкін, солардың негізгілері төменде қарастырылған.
Әмбебаптық дәрежесіне қарай әмбебаптық, арнаулы және арнайы деп бөлінеді.
Әмбебаптық білдектер кең номенклатуралы бөлшектерді өңдеуге арналған, олар бөлшектің шекті габаритімен, құрал жиынтығымен және технологиялық операцияларымен шектелген.
Арнаулы білдектер (специализированные) белгіленген өлшемдер аумағында, біртекті бөлшектерді (құбыр, жалғастырғыш, иінді білік және бекіту тетіктері) өңдеу үшін арналған.
Арнайы білдектер белгілі бір ғана бөлшекті өңдеуге арналған, кей кезде біртекті бірнеше бөлшектерді де өңдеуге қолданады.
Арнаулы және арнайы білдектері негізінен көп сериялы және жаппай жасау өндірісінде қолданылады.
Өңдеу дәлдігінің дәрежесіне қарай білдектер бес топқа бөлінеді:
• қалыпты дәлдікті(Н); бұл топқа әмбебап білдектерінің көптеген түрлері жатады;
жоғарлатылған дәлдікті(П); бұл топтағы білдектерді, қалыпты дәлдікті білдектер негізінде құрады, алайда олардың жауапты бөлшектердің өңдеу дәлдігіне, жинау сапасына және білдектің реттеуіне жоғарлатылған талап қойылады;
жоғары дәлдікті(В), білдектің бөлек тораптарының арнайы құрылымдарының арқасында жоғары дәлдікке қол жеткізіледі және бөлшектің жасалу дәлдігіне, жинау сапасына, білдектің реттеуіне жоғарлатылған талап қойылады;
аса жоғары дәлдікті(А), білдектерді жасау барысы В топтағы білдектерді жасауға қарағанда қатаң талаптар қойылады;
•ерекше дәлдікті(С) білдектер немесе шебер-білдектер.
В, А және С топтағы білдектердің жұмысын қамтамасыз ету үшін, өндірістік ғимараттарда ауа температурасы және ылғалдылық тұрақты және автоматты түрде реттеліп бір қалыпты деңгейде болу керек.
Металлкескіш білдектерінің белгіленуі Кесте 1.1
Атауы |
Тобы |
Білдек түрі |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||||
Жону |
1 |
Автоматты жәнежартылай автоматы |
Тапаншалы |
- |
|||
Бір айналдырық-ты |
Көп айналдырық-ты |
||||||
Бұрғылау және кеңей жону |
2 |
Үстедік, вертикальді бұрғылау |
Жартылай автоматы |
Координат-тық кеңей жону |
|||
Бір айналдырық-ты |
Көп айналдырықты |
||||||
Ажарлау, әрлеу, жетілдіру, қайрағыш |
3 |
Ажарлағыш- ты шарықтасты және центрсіз ажарлау |
Іштей ажарлау,координаттыажарлау |
Сыдыра- ажарлайтын |
Арнаулы ажарлау |
||
Электрофи-зикалық, электрохи- миялық |
4 |
- |
Жарық-сәулелі |
- |
Электрохимиялық |
||
Тіс және бұранда өңдейтін |
5 |
Цилиндрлік дөңгелектерді өңдейтін тіс қашауыш |
Конустық дөңгелектерді өңдейтін тіс кескіш |
Оймакілтекті біліктерді, цилиндрлі дөңгелектерді өңдейтін тіс жоңғылау |
Бұрамдық дөңгелект-терді қию |
||
Жонғылау |
6 |
Консольді вертикалді жоңғылау |
Үздіксіз әрекетті жоңғылау |
Бір тіректі бойлық |
Көшіргішті нақыш-жоңғыла- ғышты |
||
Сүргілеу, қашау және тартып өңдейтін |
7 |
Бойлық бір тіректі |
Бойлық екі тіректі |
Көлденең сүргілеуішті |
Қашау
|
||
Кескіш |
8 |
Кесіп өңдейтін |
Дұрыс кескішті |
||||
Жоңғыш кескішпен |
Ажарлағыш шарықтас-пен |
Тегіс немесе бедерлі дискпен |
|||||
Әр түрлі |
9 |
Жалғастыр- ғыш және құбыр өңдейтін |
Арамен кесілмелі бедер салу |
Дұрыс және центрсіз сыдыру |
-
|
||
Білдек түрі
|
||||||
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
||
Айналма үстелді
|
Жону және маңдайлық |
Көп кескішті және көшірмелі
|
Арнаулы |
Әртүрлі |
||
Радиалдық және координаттық бұрғылау |
Кеңей жону |
Таза өңдейтін кеңей жону |
Горизонтальді бұрғылау |
Әртүрлі |
||
Бойлай ажарлау |
Қайрағыш |
Жазық ажарлайтын |
Ысқышты, әрлеу, жануыштау, жетілдіру |
Әртүрлі |
||
Электро-ұшқынды |
- |
Электро-эрозиялық, ультра дыбысты қобылағышты
|
Анодтық-механикалық кескішті |
- |
||
Тісті дөңгелектер-дің шетжағын өңдейтін |
Бұранда жонғылау |
Тіс өңдейтін, тексеретін және домалату |
Тіс және бұранда ажарлайтын |
Әртүрлі тіс және бұранда өңдейтін |
||
Консольсіз вертикальді жонғылау
|
Бойлық екі тіректі |
Консольді жонғылау |
Горизонтальді консольді жонғылау |
Әртүрлі жонғылау |
||
Горизонтальді тартып өңдейтін
|
Вертикальді тартып өңдейтін |
- |
Әртүрлі сүргілеу |
|||
ішкі тарта жону |
сыртқы тарта жону |
|||||
Таспалы ара
|
Дисклі ара |
Пышқылы кескішті
|
- |
- |
||
Құралдарды сынау үшін
|
Бөлу машиналары |
Теңгергішті |
- |
- |
||
Автоматтандыру дәрежесіне қарай білдектер механикалық және автоматты (автоматты және жартылай автоматты) деп екіге бөлінеді.
Механикалық білдекте текбір ғана операция автоматтырылған, мысалы дайындаманы қысу немесе құралдың берілісі.
Автомат - барлық технологиялық операцияларының негізгі және қосалқы циклдік қозғалыстарын іске асырады және оны адам көмегінсіз қайталай береді. Жұмысшы білдектің тек жұмысын және өңдеу сапасында бақылайды.
Жартылай автомат — автоматтық циклмен жұмыс істейтін білдек, циклді қайталау үшін жұмысшы араласу керек. Мысалы, жұмысшы бөлшекті алып жаңа дайындаманы орнату керек, содан кейін келесі циклді қайталау үшін білдекті қосады.
Айналдырықтың орналасуына қарай білдектер вертикальді, горизонтальді, көлбеулі және құрастырмалы деп бөлінеді.
Салмағына қарай білдектер жеңіл (1 т дейін), орташа (10 т дейін) және ауыр (10 т жоғары) болып бөлінеді. Ауыр білдектер арасынан аса ауыр немесе бірегей (100 т жоғары) білдектерді бөлуге болады.
Шығарылатын білдектердің барлық түрлерінің және өлшемінің жиынтығы білдег тұрпаты деп аталады. Сериялы шығарылатын білдектерді белгілеу үшін, тәжірибелік ғылыми-зертеу институты топтастырғышты дайындап қабылдады, оған сәйкес барлық білдектер тоғыз топқа бөлінеді (кесте 1.1). Әр топ өз кезегінде тоғыз түрге бөлінеді, әртүрі білдектің қолдану аумағын, сәйкес орналастыруын және басқада ерекшеліктерін көрсетеді.
Білдек модельдері үш немесе төрт санмен белгіленеді, кей кездерде әріптер қосылады. Мысалы жону-бұрамакескішті білдектің 16К20П моделінің белгіленуі: 1-білдек тобы, 6-білдек түрі, 20-центр биіктігі (ең үлкен өңделетін диаметрдің жартысы) 200 мм, К- кезекті түрөзгертушілігі, П-жоғарлатылған дәлдікті. Сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар білдектерді белгілеу үшін қосымша әріптерді және сандарды қосады, мысалы 16К20ПФ3 (ФЗ —үш координаттық қозғалыспен сандық басқару).
Арнаулы және арнайы білдектерді белгілеу үшін, әр бір білдек жасау зауыдына бір немесе екі әріптен тұратын индекс беріледі, содан кейін білдектің тіркеу номері қойылады. Мысалы «Қызыл пролетарий» Мәскеулік білдек жасау зауыдының индексі МК.
