Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия мет цех байыт жобалау ы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

22. Жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, жобаның технологиялық бөліміне шолу жасау.

Технологиялық бөлім. Бұл бөлім басында әзірленіп, келесі сұрақтарды өзіне қосады:

- өндіріс көлемі;

- металлургиялық пештерінің саны мен көлемі;

- металлургиялық пештерінің негізгі конструкциялары;

- материалдық және жылу баланстары негізінде шихта материалдарының (кен, флюс, кокс) меншікті шығындарының есебі;

- металлургиялық және басқа өнімнің сапалық көрсеткішері;

- металлургиялық технологиясының негізгі элементтері.Үрлеу режимінің параметрін қабылдауды есепке алу керек: берілген пештің оптимальді теориялық жану температурасы, таңдалған үрлеу температурасы, үрлейтін қосымша отынның саны мен түрі және отынның бұл түрлерінің теориялық жану температурасына әсері және үрлеудегі оттегі есептеледі;

- металлургиялық цехының негізгі технологиялық жабдықтарын таңдау;

- металлургиялық цехының технологиялық жұмыс схемасын өңдеу (жүктердің транспортты жүйесі), яғни балқу өнімдерін (мысалы, шойын, шлак) жинау және шихта материалдарының транспорт жүйесі;

- жүк көтеретін механизмдерді таңдау және олардың санын есептеу;

- металлургия цехының жоспары және жабдықтарды орналастыру;

- металлургия цехының көлемді-жоспарлы шешімдері.

23. Жобаның өндірістік бөліміне, тіршілік қауыпсыздығына сипаттама беру.

Жобаның өндірістік - экономикалық бөлімі. Бұл бөлімде жобалық-ізденістік жұмыстардың, құрылыс жұмыстары, жабдық монтажы және оның смета құнын есептейді, өнімнің өзіндік құны (цехтың және жалпы зауыттың) есептеледі, табысы және т.б. өндірістің басқа да экономикалық қызметтердің көрсеткіштері анықталады.

Техника қауіпсіздігі. Бұл бөлімде металлургия цехының барлық аумағындағы негізгі қауіптер мен зияндар анықталады және еңбектің қауіпсіз әдістерін қамтамасыз етудегі іс-шаралар ұйымдастарылады. Сонымен қатар, цех жұмысшысының тұрмыстық, денсаулық сақтау, жалпы тамақтануды қамтамасыз ету, жұмысшыларды арнайы киіммен және құралмен қамтамасыз ету сұрақтары.

Одан басқа қоршаған ортаны қорғаудағы жобаны бөлек бөлімдері өңделеді, өндірістік ғимаратты эстетикалық дайындау. Жоба металлургия пешінің жұмысшыларының техника-экономикалық көрсеткіштерінің жинақтық бөлігімен аяқталады. Мұнда көрсетілетіндер: пештің өнімділігі, кокстың меншікті шығыны, шикі материалдардың және қосымша отынның шығындары, металлургия балқымасының негізгі интенсивті көрсеткіштері, газбен үрлеу режимінің көрсеткіштері, өнім сапасының көрсеткіштері

24. Металдардың түрлеріне, жіктелуіне анықтама беру.

Металдардың жіктелуі

Қазіргі уақытта металдардың келесі жіктелуі қабылданды. Барлық металдар қара және түсті болып екі топқа бөлінеді. Қара металдар тобына темір және оның қорытпалары, сонымен қатар марганец, ванадий, хром кіреді. Қалғандары түсті металдар тобын құрайды.

Түсті металдар өз кезегінде келесі топшаларға бөлінеді:

а) ауыр түсті металдар: мыс, никель, мырыш, қалайы, қорғасын, кадмий, кобальт, мышьяк, сүрме;

б) жеңіл түсті металдар: алюминий, магний, натрий және сонымен қатар берилий, литий, барий, кальций, стронций, калий;

в) асыл металдар: алтын, күміс, платина, осмий, иридий, родий, рутений, палладий;

г) сирек металдар:

- қиын балқығыш металдар: титан, цирконий, гафний, ниобий, тантал, молибден, вольфрам, рений;

- шашыранды металдары: галлий, таллий, германий, селен, теллур, индий, рубидий, цезий;

- сирек жер металдар: скандий, иттрий, лантан және лантаноидтар;

- радиоактивті металдар: радий, актиний, актиноидтар (торий, проактиний, уран және уранның ар жағындағы элементтер), полоний.

Сирек кездесетін металдар жер қабатында аз мөлшерде болуы міндетті емес екенін естен шығармау керек. Мысалы, титан, цирконий және литийдің жер қабатындағы мөлшерлері цинк, қалайы және қорғасын мөлшерлерінен көп. Бұл топшадағы металдардың «сирек» деп аталуының басты себебі – олардың басқа тау жыныстарының көп мөлшерінде шашырағанында. Осыдан бұл металдардың кендердегі концентрациясы мардымсыз, ал сирек кездесетін металл кендерінің кен орындары кішкене көлемді екендігін көруге болады.

Қазақстан қара металлургиясының құрамына бес сала кіреді:

1. Кен өндірісі;

2. Болат балқыту;

3. Ферроқорытпалар өндірісі;

4. Оттөзімділер өндірісі;

5. Металл сынықтарын өңдеу.

25. Металлургиялық шикізаттарды өндіруді және дайындауды сипаттау.

Қара металлургия үлкен аудантүзгіш мәнге ие өндіріс саласы болып табылады. Әдетте ол қосымша, жанама және қызмет көрсетуші өндірістердің дамуын қажет ететіндігімен сипатталады да, халық шаруашылығының көптеген салаларымен тығыз өндірістік қатынастардың нығайыуына ықпал етеді.

Қазақстан қара металлургиясының пайда болуы мен дамуы екі бағытта жүрді. Біріншіден бұл қуатты теміркенді базаның түзілуі. Бұған республика аумағында хром, марганец пен темірдің ірі кен орындарының ашылуы себепші болды. Екіншіден – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің металға тапшылығын қанағаттандыру үшін металлургиялық кәсіпорындардың құрылысы мен шойын, болат, илек пен ферроқорытпалар өндірісінің ұйымдастырылуы.

Қара металлургиядағы өндіріс шоғырланудың жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Мысалы, Республикадағы илек өндірісі толығымен дерлік Қарағанды металлургия комбинатында жинақталған, Соколов-Сарыбай тау-кен-өндірістік бірлестігінің үлесіне елімізде өндірілетін темір кендерінің 61%-ы, ал Ақсу ферроқорыту зауытының үлесіне өндірілетін ферроқорытпалардың 75%-ы тиесілі.

Сирек кездесетін металдар жер қабатында аз мөлшерде болуы міндетті емес екенін естен шығармау керек. Мысалы, титан, цирконий және литийдің жер қабатындағы мөлшерлері цинк, қалайы және қорғасын мөлшерлерінен көп. Бұл топшадағы металдардың «сирек» деп аталуының басты себебі – олардың басқа тау жыныстарының көп мөлшерінде шашырағанында. Осыдан бұл металдардың кендердегі концентрациясы мардымсыз, ал сирек кездесетін металл кендерінің кен орындары кішкене көлемді екендігін көруге болады.

2 деңгей