Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия мет цех байыт жобалау ы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

46. Ұсақтау, сұрыптау, сумен шаю және кесектеуді сипаттау.

Қазып алынатын кеннің ірілігі әр түрлі болып келеді. Ашық (карьер) өндіру кезінде жеке түйірлердің ірілігі 1000 – 1200 мм құрайды, ал жер асты (шахта) өндіру кезінде жеке түйірлердің ірілігі 300 – 800 мм жетеді. Осындай табиғи кендерді майдалау қажет. майдалау кезінде алынатын ірілік әр үрдіс үшін жеке жеке болып таңдалады. Мәселен, іріліктің жоғарғы шегі домна өндірісі үшін 40-100 мм, мартен пеші үшін 20-40 мм, агломерация үшін 6-10 мм, ал байыту үшін 0,1 мм-ден кем болуы тиіс.

Кенді (немесе, темірқұрамды шикізатты) майдалау және ұсақтау – энергия шығыны көп, қымбат тұратын үрдіс. Кенді (немесе, темірқұрамды шикізатты) майдалау және ұсақтаудың құны – байытуға кететін барлық шығынның 35-70%, ал майдалағыштың құны – байыту фабрикасының барлық қондырғыларының құнының 60% құрайды. Металлургияда қолданылатын майдалағыштардың түрлері 1 суретте келтірілген.

а – жақты майдалағыш; б – конустық майдалағыш; в – балғалы майдалағыш

Сурет 1 – Майдалағыштардың түрлері

Жақтық майдалағыш ірі және орташа майдалау үшін қолданылады. Жақты майдалағышқа (сурет 1-а) майдаланылатын затты, қозғалмайтын жақ (1) және оське (3) ілінетін қозғалатын жақтың (2) арасына жоғарыдан салады. Майдалағыштың қозғалтқышы шкив (4) арқылы эксцентрикті (5) валды айналдырады. Осы кезде, шатун (6) жоғары-төмен қозғалады. Щатун жоғары көтерілгенде керетін плиталар (8) қозғалатын жақты (2) қысады. Ол, қозғалмайтын жаққа жақындап, арасындағы кенді (агломератты) майдалайды. Шатун төмен түскенде қозғалатын жақ пружинаның (7) және тартқыштың (9) көмегімен кері қайтып, майдаланған материал арнайы бункерге төмен түседі. Жақтық майдалағыштың өнімділігі 10-700 т/сағ

Конустық майдалағыштың (сурет 1-б) негізгі жұмыс элементтері қозғалмайтын (11) және қозғалатын конус (12) болып табылады. Олардың арасына майдаланатын материалды салады. Қозғалатын конустың валының (14) жоғарғы жағы шарнирде (13) бекітілген, ал оның төменгі жағына қозғалтқыш вал (15), тісті беріліс (16) және эксцентрик (10) арқылы айналу қозғалысы беріледі. Қозғалатын конус қозғалмайтын конустың ішінде сырғып, материалды майдалайды. Қарама қарсы жақтан сақина тәрізді тесіктен майдаланған материал түседі.

Конустық майдалағыш, ірі, орта және кіші майдалау үшін қолданылады. Ірі майдалаудың майдалағышының өнімділігі 150-2300 м3/сағ, орташанікі 8 - 580 м3/сағ, кішінікі 24-260 м3/сағ болады.

Балғалы майдалағыштар (сурет 1 в) қатты және қаттылығы орташа материалдарды ірі, орташа және кіші майдалау үшін қолданылады. Майдалығыштың қаңқасының ішінде қомақты соққыш плиталар (17) орналасқан. Конустың тірегінде үлкен жылдамдықпен айналатын вал (19) орналасқан. Валға бірнеше дискілер (18) кигізіліп, дискілерге шарнир тәсілімен болат балғалар (соққыштар) (20) орналастырылған. Майдалау материалдардың түйірлерін балғалар арқылы ұрудың арқасында жүргізіледі. Майдаланған материал колосник торы (21) арқылы өтіп жинағыш бункерге төгіледі. Балғалы майдалағыштардың өнімділігі 1500 т/сағ асады.

Кесектеуді агломерация, грануляция, жентектеу арқылы жргізеді. Шаю деген – қатты қоспадағы металды ерітіндіге өткізу.