Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия мет цех байыт жобалау ы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

9. Тастанды қалдықтарға, металлургиялық өндірістің қалдық-қоқыстарын жинау жүйелеріне сипаттама беру.

Металлургиялық шикізаттардың құрамында пайдалы компоненттің үлесі 100% болмайды, тіпті бай концентраттарда пайдалы компоненттің үлесі 50-60% боладыы, қалғаны әр түрлі қоспалар. Қоспалар, негізінен, кальций, магний, темір, кремний, алюминий оксидтерінен тұрады, ол қосылыстар технологияны жүргізу кезінде қалдықтарды құрайды. Қалдықтар, шлак, шаң, қойыртпақ (пульпа), шлам, қолданылған ерітінді түрінде болады. Қалдықтар, зауыттың жер төлеміне кіреті аймақта сақталады. Әр зауыт өзінің қалдықтарына өзі жауап береді. Қалдығы бар жерлер шетінен дамба салу арқылы қоршалады. Қалдықтардың қоймасы секторларға бөлініп, әр қалдық жеке жеке сақталады. Себебі, қалдық – кез келген уақытта, оны өңдейтін экономикалық жағынан тиімді технология шықса, шикізат болып шыға келеді. Зауыттар, қалдық қоймасын жөнге келтіріп сақтау үшін қаражат пен техника бөледі. Мысалы, бульдозер, экскаватор секілді техникалар және жұмысшы кадрларын бөледі.

10. Металлургиялық өндірістің техникалық бақылау жүйесін түсіндіру

Әр зауытта өндірісті техникалық бақылау бөлімі жұмыс істейді. Ондағы жұмыскерлерді контроллер, немесе лаборант – деп атайды. Олар, әр бір 2 сағатта тиісті сынақтарды алып, зерттеп технологияны қадағалап отырады. Мысалы, саралатын нысандар келесі:

Шихта материалдарының сапасының көрсеткіштері;

а) кен материалдары – бір ғана кенді (моношихта) материалды қолданған жақсы - 58%-дан астам темірі бар, 100% концентраттан күйдірілмеген агломерат, шихтадан флюстың толық шығуын қамтамасыз етеді, майда фракциялардың болуы 8%-дан кем болмау қажет. Агломерат химиялық құрамы бойынша жоғарғы біртектілігі болуы тиіс

б) кокс – күкірт пен күлдің минимальді, максимальді беріктігі болу керек. Кокс құрғақ сөндіретін болу керек, өйткені кокс ылғалдылығы бойынша тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кокс беріктігі бірнеше көрсеткіштермен бағаланады. Суық күйде М2540) 88-90 % (86-88 %) төмен және М10 6-8 % артық емес. Ыстық күйде кокс сапасы CSR (ыстық беріктік) 55-60 % кем емес қолданумен бағаланады және CRI (реакциялық қабілеттік) 25% кем емес.

11. Металлургиялық өндірістің құралды-жөндеу, технологиялық үрдісін (асутп) автоматты басқару жүйесін түсіндіру.

Өндірісті автоматтандыру мен кешенді механикаландыруды ұйымдастыру – әр зауыт үшін маңызды мәселе болып табылады. Өндірісті автоматтандыру мен кешенді механикаландырудың дәрежесі жоғары болған сайын шығатын жарамсыз (брак) бұйымдар мен өнімдердің саны кемиді. Үрдістің өзіндік құны төмендейді, рентабелдік артады. Бұл бөлімде келесі сұрақтар бойынша жобалық шешімдер әзірленеді:

- металлургия цехының және өндірісті басқарудың ұйымдастыру схемасын дайындау;

- өндірістік процестерді ұйымдастыру, яғни цехтың негізгі жабдықтарының жұмыс режимдері, жабдықтарды жөндеу графиктері, технологиялық процесті бақылау және ұйымдастыру, технологиялық нұсқаулық және басқару жүйелері АСУ ТП және бөлек технологиялық процестерді өңдеу.

- еңбек процестерін ұйымдастыру. Орналастыру штатары, еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйесі, қызмет көрсететін персоналдың жұмыс режимі және т.б.