Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия мет цех байыт жобалау ы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

6. Технологиялық ағым (тізбек) туралы ұғымды мысал келтіріп сипаттау.

Технологиялық ағым деген – металлургиялық үрдіс кезіндегі шикізаттар мен реагенттердің қондырғылардағы технологиялық жолы. Технологиялық тізбек дегеніміз метал алу кезінде шикізаттардың айналатын сатылары. Мысалы, темір шикізатынан метал алу кезінде тізбек келесі болады: темір кені концентрат агломераттау домнада балқыту конвертерлеу илемдеу арматура. Мысалы, Zn сульфид кені Zn концентраты «ҚҚ» күйдіру шаймалау электролиз катодтық мырыш металы. Тізбектің қасиеті, олар бір бірімен байланыста болады.

7. Бейімді (майысқақ) технологиялық тізбек, қатты байланысқан технологиялық тізбек туралы мысал келтіріп түсіндіру

Технологиялық тізбек дегеніміз метал алу кезінде шикізаттардың айналатын сатылары. Мысалы, темір шикізатынан метал алу кезінде тізбек келесі болады: темір кені концентрат агломераттау домнада балқыту конвертерлеу илемдеу арматура. Мысалы, Zn сульфид кені Zn концентраты «ҚҚ» күйдіру шаймалау электролиз катодтық мырыш металы. Тізбектің қасиеті, олар бір бірімен байланыста болады. «Қатты» технологиялық тізбек - металлургиялық цехтар бір бірімен технологиялық жолмен өте тығыз байланысты боолғанда орын алады. Мысалы, «ҚҚ» күйдіру күкірт қышқыл цехы тізбегі негізгі металды өндіруге еш қатынасы жоқ, алайда, , алайда, бұл тізбек тоқтап қалса, «ҚҚ» күйдіру шаймалау электролиз тізбегі де тоқтайды, себебі, өндірілетін күкірт қышқылын үздіксіз сыртқа сату қажет. Бейімді (майысқақ) технологиялық тізбек – тізбектің арасындағы бір цех тоқтап қалса, қалған цехтар жұмыстарын жалғастыра береді. Қатты технологиялық тізбек орын алғанда, тізбектің арасындағы бір цех тоқтап қалса, қалған цехтар жұмыстарын тоқталады

8. Металлургиялық өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз ету, өнімді сыртқа шығару, энергиямен қамтамасыз ету жүйесін баяндау. Өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру – зауыттың материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құзырында болады. Бөлімнің мамандары шикізаттар, реагенттер, жабдықтарды, әдетте, бірнеше жерден алуды қамтамасыз етеді. Мәселен, бұрын Шымк.қорғасын зауыты концентратты 15-18 жерден алып тұрған. Өнімді сыртқа шығару – үздіксіз үрдіс, бұл мәселемен зауыттың Өнімді сыртқа шығару бөлімінің мамандары айналысады. Энергиямен қамтамасыз ету – зауыттың Энергошаруашылығының құзырында болады. Берілген бөлімде электрмен, сумен жабдықтау, сонымен қатар газбен және жылу жабдықтау сұрақтары өңделеді.

Электрмен жабдықтау – жүйеге жататындар: цехтық подстанция (бір немесе бірнеше); таратушы пункттер; электр энергиясын қолданушылар.

Өндірістің үздіксіздігін есепке ала отырып, қиындық туғызатын жағдайлар, негізгі агрегаттардың тіршілікті сақтау жүйелерін токсыздандыруын қамтамасыз ету, домна цехының электрмен жабдықтау жүйесінің басқа да ерекшеліктері бар:

- Міндетті түрде екі тәуелсіз ток көздерінің болуы, әдетте бірінші ток көзі – ЖЭС- тің өзіндік электр орталығы, екіншісі ток көзі – ішкі (жоғары вольтты электр беру сызығы);

- Трансформаторлы подстанцияларда бір және бірнеше одан да көп трансформаторлар болады, олардың әр қайсысы негізгі тұтынушыларды кепілді электр энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді; Тұрақты токты тұтынушыларға таратушы пункттардың бірінде тұрақты ток көздері орнатылады, ереже бойынша – бұл механикалық түрлендіргіштер. Жарықтандырғыш аспаптар үшін 220В кернеу беріледі Бұл бөлімде келесі сұрақтар бойынша жобалық шешімдер әзірленеді:

- цехтың және өндірісті басқарудың ұйымдастыру схемасы

- өндірістік процестерді ұйымдастыру, яғни цехтың негізгі жабдықтарының жұмыс режимдері, жабдықтарды жөндеу графиктері, технологиялық процесті бақылау және ұйымдастыру, технологиялық нұсқаулық және басқару жүйелері АСУ ТП және бөлек технологиялық процестерді өңдеу. Электриктер кернеуі 1000 В электр қондырғыларда жұмыс істеу қауыпсыздық техникасының Ережелері және электр қондырғылармен жұмыс істеу Ережелері және электр қондырғылардың құрылысы мен қондырғылардың жұмыс істеу принципі Ережелері бойынша 1 мамандық тобына кіру керек. Осының бәрі арнайы білімді тексеру журналына жазылып тіркеледі. Жұмысшылардың стропальщик (яғни, кранмен жұмыс істеу) куәліктері және қаупсыздық техникасынан инструктаж өткені жөнінде жазу бар кітапшалары болуы керек.

Агломашинада жұмыс істейтін жұмыскерлер цехтың және зауыттың ішкі еңбек тәртібін, еңбек және технологиялық еңбек тәртібін білулері және орындаулары қажет. Жеке жұмыс орындарында өрт-қопарылысқа апаратын жағдайды болдырмауы керек.

Қауыпсыздық техникасы мен инструкцияның Ережелерін бұзу – технологияның бұзылуына және қондырғылардың авариялық түрде істен шығуына әкеліп соғады: күмбездің астында газдың жарылуына, ваннадан балқыманың шашырап шығуына, колошник алаңшасына балқыманың шашырауына, электр желілеріндегі қысқа тұйықталуға (короткое замыкание) және т.б. келеңсіз жәйттерге әкеледі. Осындай тәртіп бұзушылық орын алғанда, жұмыскерлерге күйіп қалу, соққы алу, электртравма алу, улану секілді ағзаға зиян келтіріледі.