Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия мет цех байыт жобалау ы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать

47. Сумен шаю, гравитация және магниттік сепарацияны сипаттау

Кенді байытудың мақсаты бос жынысты бөліп алып, темір мөлшерін арттыру. Кедей кендерді пайдалану қажеттігіне байланысты байыту кеңінен қолданылады. Темір кендерін байыту үшін негізінен жуу және магниттік сепарация қолданылады. Сумен жуу кеннен құмды-сазды бос жыныстың бір бөлігін айыруға мүмкіндік береді. Магниттік сепарацияда ұсақталған бөлшектерді магниттік өріске орналастырады. Магнит өзіне магнитті қасиеттерге ие темір кенінің бөлшектерін тартып алып, магнитті қасиеті жоқ бос жыныстан айырып алады. Кендерді байытудан кейін алынған ұсақ концентраттар шикіқұрамның қажетті газөтімділігін қамтамасыз ете алмауынан тікелей домна және басқа да шахталы пештерде балқытуда қолданыла алмайды. Сондықтан оларды балқыту алдында арнайы операциядан – кесектеуден өткізу қажет. Металлургиялық практикада кесектеудің үш тәсілі қолданылады: брикеттеу, агломерация және шекемтастар өндірісі. Брикеттер мен шекемтастар өндіретін фабрикалар әдетте кен байыту фабрикаларында, ал агломераттау фабрикалары тікелей металлургиялық комбинаттарда орналасады.

48. Байыту өнімдеріне мысал келтіріп баяндау

Байытудың пайдалы өнімін – концентрат, ал пайдасыз өнімін «құйрық» (хвосты) – деп атайды. Кендердің байытылуы құрамына кіретін минералдардың физика-химиялық қасиеттерінің (тығыздық, магнитті қасиеттері, дымдалуы) айырмашылығына негізделген. Кенді сумен шаю тығыз кен мен бос жынысты (құм мен саз) айыруға мүмкіндік береді. Гравитациялық байыту – пайдалы қазбаларды сулы, не ауалы ортада, не суспензияда минералдардың тығыздығы мен құлау жылдамдығының айырмашылығына негізделген байыту әдісі. Магнитті байыту – кен ішінде бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болған жағдайда қолданылатын әдіс. Мысалы мұндай қасиеттерге темір минералы – магнетит ие. Минералдың магниттілігіне байланысты байытылатын құрғақ кеннің жұқа қабаты әр түрлі кернеулі магнит өрісінен өткізіледі де, минералдар мен бос жыныс бір бірінен бөлінеді. Флотация (франц. flottation - қалқу) – минералдардың физика-химиялық қасиеттерінің айырмашылықтарына негізделген, ең көп тараған байыту әдісі. Минералдарды бөлу – олардың беттерінің дымдалу ерекшеліктеріне байланысты. Дымдалуы төмен минерал түйіршіктері ауа көпіршіктеріне жабысып, қалқып шығады да, көбік қабатын құрайды, ал дымдалған түйіршіктер пульпа ішінде қалып қояды. Байыту нәтижесінде өндірілетін металл мөлшері жоғары концентрат алынады. Концентраттарды қолдану металлургиялық пештер жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін елеулі арттырады.

49. Одсадка машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.

Отсадка.Гравитациялық байыту үрдісінің ішінде отсадка ең жиі қолданылатын және ең өнімді үрдіс. Егер кен байытылса отсадканы 0,2-50 мм аралығында, ал көмір байытылса 0,5-200 мм аралығында қолдануға болады.

Отсадка деп әртүрлі минералдар түйіршіктерінің (кесектерінің) тік бағытта жоғары төмен қозғалыста су не ауа әсерімен тығыздықтарына қарай бөліну үрдісін атайды.

Отсадкалауда қолданылатын минералдардың қай түрі болмасын ішінде су тұратын камерадан тұрады. Камера ішінде төр орналасқан. Су арнаулы қондырғымен тік бағытта жоғары төмен бағытта шайқалмалы қозғалысқа келтіріледі. Бастапқы кен сумен араласа тор бетіне түседі.

а – қозғалмайтын торлы; б - поршенсіз; в – қозғалмалы торлы.

Сурет. Отсадкалау машиналарының нобайлары

Егер кен байытылса ауыр фракция концентрат ретінде алынады. Себебі құрамында бағалы зат бар минералдардың көбінің тығыздығы тау жыныс минералдарының тығыздығынан артық болады.

Егер көмір байытылса жеңіл фракция концентрат ретінде алынады. Себебі көмірдің тығыздығы барлық минералдардың тығыздығынан аз.

Отсадка процесінің тиімділігі концентратқа шығатын бағылы заттың шығымы мен ғана емес, сонымен бірге «бөтен» минералдар көп не аз шығуы мен анықталады. Отсадканың тиімділігіне бірден-бір әсер ететін фактор-оған түсетін бастапқы заттың (кен не көмір) ірілігі. Әдетте, бастапқы заттың ірілігі артқан сайын процестің тиімділігі өседі. Керісінше, оның ірілігі төмендеген сайын процестің тиімділігі төмендейді.

Сондықтан ұсақ зат байытылғанда процестің тиімділігін арттыру үшін арнаулы жағдай жасалынады: тордың үстіне тығыздығы бастапқы зат ішіндегі ауыр минералдардың тығыздығына ау, ал жеңіл минералдардың тығыздығынан жоғары арнаулы зат түйіршіктері салынады. Ол зат жасанды төсеніш деп аталады.

Отсадка машиналары.Олардың негізгі айырмашылығы камерадағы су әр қайсысында әртүрлі әдіспен жоғары төмен қозғалысқа келтіріледі. Типтері: диафрағмалы, поршенді (шығарма майды), поршенсіз (ауа қысыммен жұмыс істейтіндер), қозғалмалы торлы, қозғалмалы түпті.

Олардың барлығының негізгі бөлшектері: камера, тор, суда қозғалысқа келтіретін қондырғылар және камера түбінен ауыр фракцияны шығаратын қондырғы.

Камералар барлық машиналарда бір пішінді: жоғарғы бөлігі төрт бұрышты, ал төменгі жағы конус тәріздес.