- •1 Қазақстандық темір жолды құру жүйесі
- •Қазақстан теміржолының даму стратегиясы
- •1.2Теміржол кассаларындағы ақпараттық технологиялар
- •1.3 Электрондық билеттерді сату жүйесі
- •1.4 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
- •1.5 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
- •1.6 Мб негізінде ақпараттық жүйе принциптерінің анализі
- •1.6.1 Ақпараттық жүйелердің тілдік құралдары
- •1.6.2 Ақпараттық жүйе классификациясы
- •1.7 Есептің қойылымы
- •2 Ақпараттық жүйені құру негіздері
- •2.1 Программалау
- •2.1‑Сурет - мббж басқаруымен мб мәлiметтердi көп деңгейлi сыну
- •2.2‑Сурет - мб-ның негiзгi құрылымы
- •2.2 Dwh архитектурасы
- •2.3 Жүйелердің dwh бөлімін құруды ұйымдастыру
- •2.4 Негізгі заманауи программалық қамтамаларға шолу
- •2.3‑Сурет. Мәлiметтер базасын жобалау процесiнiң кезеңдерi
- •2.5 Мәліметтер базасын таңдауды негіздеу
- •2.6 Мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдауды негіздеу
- •2.7 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
- •2.8 Мәліметтер базасын басқару жүйелеріне шолу
- •2.9 Oracle мббж және sql Server мббж салыстырмалы талдау
- •2.10 Sql тілі – мәліметтер базасының негізгі тілі
- •2.11 Мәліметтер базасын құру
- •2.12 Жүйе құру технологиясын таңдау және пәндік аймақтың er диаграммасын құру
- •2.13 Ақпараттық қосымшаның функционалдық құрылымын сипаттау
- •3 Программаның баяндалуы
- •3.1 Программаның баяндалуы
- •3.2.1 Жалпы мәліметтер
- •3.2.2 Функционалдық тағайындалуы
- •3.2.3 Логикалық құрылымын сипаттау
- •3.4 Қолданушы нұсқаулығы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2Теміржол кассаларындағы ақпараттық технологиялар
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап жаңа ақылы қызмет түрін, яғни интернет арқылы рәсімделген темір жол билеттерін клиенттерге жеткізіп беру қызметін енгізді. Аталған жоба бастапқы болып табылады, сондықтан ол үнемі жетілдіріліп отыратын болады. Алғашқы кезде жол жүру билеттерін қолма-қол жеткізіп беру қызметі Астана мен Жетісай қалаларында жүзеге асырылатын болады, ал кейін осы қызметтерді Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында көрсету жоспарлануда.
Темір жол билеттерін үйге, офистерге және қонақ үйлерге қала ішінде жеткізіп беру қызметін курьер жүзеге асырады. Жаңа қызмет әзірше тек жұмыс күндері ғана көрсетілетін болады.
Билеттерді интернет арқылы рәсімдеу тәулік бойы, ал оларды жеткізу дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Тапсырыс күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін поезд жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын қабылданады, ал билет 6 сағаттан аспайтын уақытта жеткізіледі.
Курьер билетті талап етілген жерге жеткізген кезде жолаушыға билетті квитанцияда көрсетілген сомаға қолма-қол төлем жүргізіліп, қол қойылғаннан кейін береді.
1.3 Электрондық билеттерді сату жүйесі
Электрондық билеттерді сатудың жаңа жүйесін дайындау және енгізу жобасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет сапасын арттыру бағытындағы шараларының жалғасы болып табылады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың қыркүйегінде Астана вокзалында билеттерді электрондық сату орталығы жобасы пилоттық түрде іске қосылады. Жылына кем дегенде 450 мың электрондық билет сатылады деп жоспарланған.
Теміржол вокзалындағы электрондық сатылым орталығында тиісті қызмет түрлерін ұсынатын автоматтандырылған кассалар орнатылады. Мұнда жолаушы өзіне қажетті билетті қолма қол ақшаға немесе банк карточкасы арқылы сатып ала алады.
Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңінде e-Tenge, WebMoney, Yandex ақша сияқты электрондық ақшамен билет сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.
Билеттер қазіргідей чек түрінде басылып шығады. Автоматтандырылған бір касса арқылы тәулігіне 250 билет сатылмақ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Электрондық билет сату орталығы жобасын енгізуі темір жол билеттері сатылымын арттырып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруына ықпал ететінін айтады[19].
1.1-сурет - Электронды билеттерді сату жүйес
1.4 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - бұл тек құрал, оның табысты қолданылуы кәсіпорынды басқаруға тікелей тәуелді болады. Ол басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды. Ендірудің пәндік мәні дәл осы болып табылады. Ұқыпты меншік иесі жобаны тек іске асырып қана қоймай, сонымен қатар өз кәсіпорнының мақсаттарының нәтижелі шешімін алудан бастау керек. Сондықтан, жобаның табысы ең алдымен ақпараттық жүйені және бағдарламалық өнімді таңдаудан емес, ендірудің бастапқы кезеңі – менеджерлер мен компанияның бизнес-мақсатын (стратегиясын) таңдауға тәуелді болады.
Бизнес-процестер. Стратегияларды құрып және анықтағаннан кейін, автоматтандырудың келесі қадамы - басқару қызметінің барлық фазаларын баптау (олардың қайсысы автоматтандыруға жататындығын түсіну үшін), реттеу және бизнес-процестерді орындау.
Процесс – бұл тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құруға бағытталған функциялардың (жұмыстардың, операциялардың), орындалу тізбегі.
Жалпы түрде бизнес-процесс - бұл қызметтің әртүрлерінің жиынтығы, солардың барлығы бірге тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құрайды.
Тәжірибеде кәсіпорында бизнес-процестердің бес түрін атап өтуге болады:
негізгі бизнес-процестер, соның негізінде өнім өндіретін немесе қызмет көрсету кәсіпорындарының ағымдағы қызметі функцияларының орындалуын жүзеге асырады;
негізгілер үшін бизнес-процестерді қамтамасыз ету;
кәсіпорын дамуының бизнес-процестері;
кәсіпорын қызметін басқарудың бизнес-процестері;
басқаруды қамтамасыз етуші бизнес-процестер.
Маман-тәжірибешілер процестерді - негізгі және қосалқы деп екі түрге бөледі. Негізгі процестердің нәтижесінде компанияның қосымша құны (жаңа сапа) құрылады, солардың аралығында өзара әрекеттестік болады. Қосалқы процестер – басқару процестері (жоспарлау, ұйымдық құрылым, есепке алу, талдау және т.с.с.), бизнестің және басқарудың инфрақұрылымын құру (ақпараттық қамтамасыз етудің, сапа жүйелері, өндіріс жүйелердің) және жаңа өнімдер мен қызмет көрсетуді құру процестері.
