Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Молдир 16 05 17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

2.6 Мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдауды негіздеу

МББЖ – жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды өңдеу және ақпаратпен көрсетушілік . База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез-келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

  • кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;

  • кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

  • берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы‒мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

2.7 Мәліметтер базасын ұйымдастыру

Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы мәліметтердің негізгі модульдерікелесі түрде болады:

  • иерархиялық;

  • желілік;

  • реляциялық;

  • объектілі-бағытталған.

Иерархиялық модельде мәліметтер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Мәліметтердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалықбайланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.

Желілік модельде мәліметтер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық жәнежелілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, мәліметтер құрылымының мәліметтер базасын жобалау кезінде берілуі және мәліметтерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.[7]

Объектілі-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объектілі-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.

2.8 Мәліметтер базасын басқару жүйелеріне шолу

Реляциялық мәліметтер базасының пайда болуыақпаратты іздеудің өте жылдам алгоритмдерінің пайда болуының алғы шарты болды. Кесте түрінде құрылған ақпаратты өңдеу үшін IBM фирмасы Structured Query Language (SQL) тілінәзірледі. Қазіргі уақыттаSQL реляциялықМББЖ-ның мәліметтерін өңдеу тілінің халықаралық стандарты болып табылады. SQL тілі МББЖ-ін құруға арналған барлық программалық өнімдер үшін маңызды бөлігі болып табылады.

МББЖ-ін құрушылар мен қолданушылар арасында кең тараған программалық өнімдер:

  • программалаудың арнайы тілдері – Visual FoxPro, MS SQL-Server;

  • қолданбалы программалық жүйелер – Microsoft Access, Oracle.

Microsoft SQL Server – бұл клиент-серверлік реляционды мәліметқорды басқаратын жүйе. Бұл жүйе жұмысын систем Microsoft Windows операциондық жүйеде басқарады. Microsoft SQL Server (MS SQL Server) келесі операциондық жүйелерді қолдайды Windows Server 2003, Windows Server 2008, Windows XP, Windows Vista. MS SQL Server құрамында серверлік және клиенттік бөлімдер бар. Бірақ қызметтер құрамы нұсқауларына тәуелді. MS SQL Server алты нұсқауы бар:Enterprise Edition. Бұл нұсқауда ірі жүйелердегі максималды мүмкіндіктер бар. Мұнда басқа нұсқауларда жоқ 60-тан астам функциялар бар, мысалы: резервті көшірмелер мен мәліметтерді қысу, Resources Governor ресурстарын басқаратын утилиттер, Standard Edition.

Enterprise нұсқауының мүмкіндігі талап етілетін орташа жүйеде қолдануға арналған. аналитикалық және есеп беруді құрудағы базалық мүмкіндіктері бар.

Workgroup Edition− кәсіпорын филиалдарында орнатуға және мәліметтерді басқару құралын, есеп беруді құру, қашықталған синхронизацияларды және басқаруларды ұсынады.

Web Edition −интернетпен жұмыс істегенге ыңғайлы, клиенттерге кең масштабты веб-қосымшаларға қатынас құруға мүмкіндік береді.

Express Edition − ақысыз нұсқа, үйрену үшін және кіші серверлік қосымшаларды құру үшін ыңғайлы.

Compact Edition −ақысыз нұсқа, автономды немесе аз байланысы бар ұялы құрылғыларға, ДК және Microsoft Windows кез-келген нұсқасымен жұмыс жасайтын веб-клиенттер үшін өте тиімді.

Oracle Database– мәліметтер базасын басқарудың объектілі-реляциондық жүйесі. МББЖ-ң бұл түрінің ерекшеліктері:

  • MVCC(MultiVersion Concurrency Control) – параллелді транзакцияларды басқарудың көп түрлілігі;

  • секцияланылуы - өте үлкен мәліметтер қорларында жұмыс өнімділігін арттыру, басқаруды жеңілдету, жылдам қатынас құру үшін арнайы кесте, индекс т. с. с объектілерге бөлініп сақталуы;

  • мәліметтер базасы файлдарының сақталуының автоматты басқарылуы(Automatic Storage Management);

  • Oracle Enterprise Manager− мониторинг жасауға және мәліметтерді басқаруға арналған Oracle МББЖ –сі орнатылған интернет компоненттерінің жиынтығы.[8]