- •1 Қазақстандық темір жолды құру жүйесі
- •Қазақстан теміржолының даму стратегиясы
- •1.2Теміржол кассаларындағы ақпараттық технологиялар
- •1.3 Электрондық билеттерді сату жүйесі
- •1.4 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
- •1.5 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
- •1.6 Мб негізінде ақпараттық жүйе принциптерінің анализі
- •1.6.1 Ақпараттық жүйелердің тілдік құралдары
- •1.6.2 Ақпараттық жүйе классификациясы
- •1.7 Есептің қойылымы
- •2 Ақпараттық жүйені құру негіздері
- •2.1 Программалау
- •2.1‑Сурет - мббж басқаруымен мб мәлiметтердi көп деңгейлi сыну
- •2.2‑Сурет - мб-ның негiзгi құрылымы
- •2.2 Dwh архитектурасы
- •2.3 Жүйелердің dwh бөлімін құруды ұйымдастыру
- •2.4 Негізгі заманауи программалық қамтамаларға шолу
- •2.3‑Сурет. Мәлiметтер базасын жобалау процесiнiң кезеңдерi
- •2.5 Мәліметтер базасын таңдауды негіздеу
- •2.6 Мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдауды негіздеу
- •2.7 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
- •2.8 Мәліметтер базасын басқару жүйелеріне шолу
- •2.9 Oracle мббж және sql Server мббж салыстырмалы талдау
- •2.10 Sql тілі – мәліметтер базасының негізгі тілі
- •2.11 Мәліметтер базасын құру
- •2.12 Жүйе құру технологиясын таңдау және пәндік аймақтың er диаграммасын құру
- •2.13 Ақпараттық қосымшаның функционалдық құрылымын сипаттау
- •3 Программаның баяндалуы
- •3.1 Программаның баяндалуы
- •3.2.1 Жалпы мәліметтер
- •3.2.2 Функционалдық тағайындалуы
- •3.2.3 Логикалық құрылымын сипаттау
- •3.4 Қолданушы нұсқаулығы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
|
|
||
|
МАЗМҰНЫ |
|
||
КІРІСПЕ |
8 |
|||
1 |
Қазақстандық теміржолды құру жүйесі |
9 |
||
1.1 |
Қазақстан теміржолының даму стратегиясы |
10 |
||
1.2 |
Теміржол кассаларындағы ақпараттық технологиялар |
12 |
||
1.3 |
Электрондық билеттерді сату жүйесі |
12 |
||
1.4 |
Автоматтандырылған ақпарaттық жүйе негіздері |
13 |
||
1.5 |
Автоматтандырылған басқару жүйесі |
14 |
||
1.6 |
МБ негізінде ақпараттық жүйе принциптерінің анализі |
16 |
||
1.6.1 |
Акпараттық жүйенің тілдік құралдары |
18 |
||
1.6.2 |
Ақпараттық жүйелердің классификациясы |
20 |
||
1.7 |
Есептің қойылым |
22 |
||
2 |
Ақпараттық жүйені құру негіздері |
24 |
||
2.1 |
Бағдарламалау ортасын таңдау |
24 |
||
2.2 |
Мәліметтер базасымен жұмыс істеу |
33 |
||
2.2.1 |
Мәліметтерды жобалау мәселелері |
34 |
||
2.2.2 |
Ақпараттық жүйені және мәліметтерды базасын жобалау |
35 |
||
2.3 |
Қазіргі заманда web-технологияның маңызы |
38 |
||
2.3.1 |
Web-технологияның айрықша ерекшеліктері |
39 |
||
2.3.2 |
Web-технология арқылы ақпараттандыру |
40 |
||
2.3.3 |
Ақпараттық жүйе технологиясы |
41 |
||
2.4 |
«Теміржол кассасы мәлімет базасын құру |
42 |
||
2.5 |
«Теміржол кассасы» мәліметтер базасының құрылымы |
43 |
||
2.6 |
«Теміржол кассасы» мәліметтер базасының негізгі формалары |
46 |
||
3 |
Программаны құру және оны тәжірибелік тұрғыда іске асыру |
52 |
||
3.1 |
Программаның орындалуына қажетті техникалық құралдар кешені |
52 |
||
3.2 |
Программа туралы жалпы мәліметтер |
52 |
||
3.3 |
Кіріс мәліметтер |
52 |
||
3.4 |
Шығыс мәліметтер |
53 |
||
3.5 |
Қолданушы нұсқаулығы |
56 |
||
Қорытынды |
58 |
|||
Пайдаланылған әдебиет |
59 |
|||
Қосымша |
60 |
|||
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әртүрлі салада жұмыс істейтін (қаржы, өнеркәсіп) және әртүрлі көлемдегі (қызметкерлер саны бірнеше ондаған адаммен есептелетін шағын мекемелерден бастап, ондаған мың қызметкерлері бар үлкен корпорацияларға дейін) кәсіпорындар мен ұйымдарды автоматтандырудың кешенді кіріктірілген жүйелерінің нарығы қарыштап даму үстінде. Мұндай жүйелер мекеменің қызметін толығымен, сонымен қатар, бөлімшелер деңгейінде де автоматтандыра алады.
Қазіргі кезде кешенді автоматтандыру әрбір мекеме үшін өзекті мәселеге айналуы келесідей себептермен түсіндіріледі [1]:
ұйымдастырушылық және қаржылық тәуелсіздік деңгейінің жоғарылауы;
шет елдік нарыққа шығу;
бірқатар батыстық компаниялардың өз өнімдерін біздің мемлекетте өндіруге талпынуы;
мекемелердің бизнес-процестерге бағдарлануы;
нарықта шет елдік және отандық автоматтандыру жүйелерінің, оларды қолдану тәжірибесінің пайда болуы.
Мекемелерді автоматтандырудың қазіргі қарқынын есепке алсақ, ақпараттық технологиялар жолаушыларды тасымалдау сияқты адамның күрделі, әрі көпқырлы қызмет саласына да енгізілуі шартты құбылыс.
Көлік – Қазақстан өндіріс инфражүйесінің ең маңызды бөлімі. Оның тұрақты және нәтижелі жұмыс жасауы, экономиканы көтерудің және қайта құрулардың, бүтіндік қамтамасыз етуінің, ұлттық қауіпсіздіктің және ел қорғаныс қабілетінің, халық жағдайының деңгейінің жақсаруы және өмір сүруге қажетті тұрақтану шартымен келеді.
Экономиканы реформалаудың түбегейлі шарттарына және Қазақстанның геосаясаттық өзгертулеріне жақсы ойластырылған көліктік жүйе керек. Нәтижелі жұмыс жасау көліктік жүйелерде жолаушыларды тасуға автоматтандырылған есептер жүйелері жоспарланып енгізуде, вагондардың және контейнерлердің, локомотивтердің дислокация бақылауының, қолдану талдауының және вагондық бақтардың жөнге салулары, басқаруды компьютеризациялау тасымал процеспен замандас ақпараттық құралдардың негізінде жасалады.
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді, дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді.
Жұмыста қазіргі уақыт талабына сай теміржол билеттерін сатудың ақпараттық жүйесін құрудың артықшылықтары келтірілген. Ақпараттық жүйеден темір жолдардағы билеттерді сатып алуды автоматтандырылғандығы туралы ақпараттар алуға болады.
1 Қазақстандық темір жолды құру жүйесі
Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.
Алайда, қазіргі таңда Ұлттық темір жол компаниясы 1991 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байланысты едәуір қиындықтарға кезігіп отыр. 2020 жылдарға дейін компания паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл компания үшін ерекше сынақққа айналғалы тұр.
Теміржол тасымалы отанымыздың көліктік инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, аталмыш проблеманы стратегиялық тұрғыда шешу компанияның ғана емес мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.
Саланы қазіргі үйлестір моделі мен тарифті көтермей қалыпты ұстап тұру сұраныс иелерінің ұзақ жылдарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қазақстан Республикасын стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдрға арналған Бағдарламасына сәйкес темір жол көлігін дамытуды ойдағыдай аяқтау қажет. Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан саланы реформалаудағы корпоративтік құрылыс мақсаты мен міндеті бір ғана мүддеге бағынышты.
2010 жылығы мамырдың 7-сінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен (№3 хаттама) «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары бекітілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы: «Инфрақұрылымдық жүйеқұрушы ретінде біз экономиканың тұрақтылығын қалыптастыруда қоғамдағы тұтынушыларға жүк және жолаушы тасымалында, теміржол магистральдық желісінде сапалы да бәсекелестікке сай көліктік лоистикалық қызмет түрлерін ұсынады».
Біз өзімізді тиімділігі аса жоғары, бизнес жүргізудегі әлемдік үздік тәжірибедегі үздіктердің қатарында Бір ғана акционердің талабына жауап бере алатын Қазақстанның ұлттық көлік корпорациясы ретінде көреміз.
Компания қызметкерлері барынша үнемділікке қол жеткізе отырып, инвестициялық ресурстарды өсіру маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осыған орай пайдалану қызметінде сапалық көрсеткіштерді түбегейлі жақсарту: вагон, локомотив өнімділігі, іске аз тартылатын телімдерді оңтайландыру, шикізатты және материалдарды жұмсау нормативін қайта қарау т. т.
Компания бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында саланың құрылымдық жаңғыртылуында мынадай стратегиялық мақсаттар бар:
жаңа басқару жүйесі талаптарына сай корпоративтік оңтайлы құрылымдау,
өндірісті және портфел активін оңтайландыру;
өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін кешенді жақсарту;
компания сұранысына сай машина құрылысы қорысын жасақтау стратегиялық тапсырманы орындау;
инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру;
стратегияны жүзеге асыру ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық тұрақты өсу негізін қалыптастыру Қазақстанның бәсекелестікке сай және инвестициялық тартымдылығын арттырады.
