Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-18.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.45 Кб
Скачать

2. Шартты бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары

Бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекет , жай-күйдің болу-болмау шартын білдіретін сабақтастың түрі.

Жасалу жолдары:

  1. Бағыныңқы компонент баяндауышышартты райлы етістіктен аяқталады.Мсыалы: Аттан түсіп отырсаң, алыстан көрген бөрі онша елей қоймайды.

  2. Бағыныңқы компонентмбаяндауышы -а,-е,-й формалары көсемшенің болымсыз тұлғасына аяқталады.кейде осы көсемшеге –ша,-ше жұрнағ қосылады. Мысалы: Бірлік болмай. Тірлік болмас. Олар келмейінше, біз осында тұра береміз.

17- билет

1.Сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулықтар

Жоғарыда жалғаулықтардың грамматикалық қызметі тең болмайтыны туралы айтылды. Бұл жөнінде 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында былай делінеді: «Жалғаулық біткеннің бәрі бірдей сөйлемді құрмаластыра бермейді. Олар жай сөйлемде ғана еркін қолданылады. Егерде «және» жалғаулығының жай сөйлемдерді құрмаластыруын сирек кездестірсек, онымен мағынасы бірдей «мен» жалғаулығының жай сөйлемдерді құрмаластыруын ұшыратпаймыз» [41, 37].

Жалғаулық шылауларды осындай сипаттарына қарай шартты түрде сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулықтар,

сонымен қатар әрі сөз бен сөзді, әрі сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулықтар деп бөліп қарастыруға болады:

1) Сөз бен сөзді байланыстыратын жалғаулықтар: мен/бен/пен, және, да/де/та/те, әрі;

2) Сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, ал, өйткені, сондықтан, себебі, әйтпесе, егер, егер де, онда, кейде, бірде, біресе, не, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, құй, мейлі т.б.;

3) Әрі сөз бен сөзді, әрі сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғаулықтар: және, да/де/та/те, әрі.

Сонымен, мен/бен/пен жалғаулықтары тек сөз бен сөзді ғана байланыстырса, және жалғаулығы сөз бен сөзді де, сөйлем мен сөйлемді де байланыстырады.

2. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары

Компоненттерінде    баяндалатын  іс-әрекет, жай-күйбір-біріне салғастыру, теңдестіру түрінде айтылатын сабақтас сөйлемнің    қазақ тілінде де барлығы құрмалассөйлемге  қатысты  алғашқы  зерттеулерден,  А.Батұрсынұлы «Тіл кұралынан» бері қарай сөз болып келеді. Бірақ терминдік жағынан болсын, жасалу тәсілдер қындау жағынан  болсын әр автор еңбегінде әр түрлі баяндалып отырылды. Құрмалас сөйлемге байланыстықазақ тілінде жазылған алғашқы еңбек А.Байтұрсынұлы еңбегінде салыстырмалық мәні бар сабақтас сөйлем «сын пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас» деп аталған да оған «Қалай бақсаң, атың солай жүрмек» деген мысал келтірілген.  Дәл осыған ұқсас  сабақтас сөйлемді (Сабыр қалай жүрсе, Мәмет те солай жүреді)  1936 жылы жасалған «Қазақ тілінің программасында» Қ.Жұбанов «шақтас бағыныңқы» деп атаған.    «Салыстырмалы сабақтас» деген атау алғаш рет 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев жазған оқулықта қолданылған. Бұл автордың пікірінше, аталған сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен жасалады: а) бағыныңқы сөйлемі   -дай, -дей жұрнақты есімшеге және ә) сияқты шылауына тіркесе айтылған есімшеге аяқталады. Бірақ келтірген мысалдары құрмаласқа жатпайды. С.Аманжолов 1940 жы­лы жазған «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» атты еңбегінде салыстырмалы деген атауды өзгертіп, «ұқсасты сабақтас» деп атаған. Алдыңғы оқулықта айтылған «сияқты» шылаулы есімшені бұл еңбетінде сабақтас сөйлем жасауға дәнекер бола алмайды деп, оның орнына -ша, -ше қосымшалы есімшені келтіріп, оған «Сен Арктикаға баратын кісіше мұнша қалың киінгенің не?» деген мысал айтады. Бұл мысалды құрмалас деугe болмайды. Жиенбаевтың 1941 жылы шыкқан «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде талданып отырған сөйлем мекен пысықтауыш бағыныңкы (Адам қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді), сын пысыктауыш бағыныңқы (Қалай тәрбиелесең, балаң солай өседі) делініп екі түрге бөлінген. Салыстырмалы мағына төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады.

1. Шартты рай формалы етістікке аяқталған бағыныңқы компонент құрамында әрқашан қандай, қанша, қалайдеген сұрау есімдіктерінің бірі келеді де, басыңқы компонентте сонымен тұлғалас, соған жауап ретінде айтылатын сондай, сонша, солайдеген сөздердің бірі айтылады. Сөйтіп, екі компоненттегі жай-күй, әрекет бірдейлік, теңдестік барлығы салыстырыла көрсетіледі. Мысалы: Сіздің үйдегі Сәду ағай маған қандай жақын болса, Қелдібай да сондай бауырым еді. Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді. Бөлекбастың жүрісі қандай паң болса, сөзі сондай паң (Ә.Әбішев). Еңбекті қанша істесең, табысты сонша аласың. Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.

2. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сондай-ақ бағыныңқы компоненттің баяндауышы қызметінде, -дай, -дей жұрнақты өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады. Мысалы: Сондай өмір өзіне еліктіргендей, Дәулет ауылдағыдан әлдеқайда сауықшыл болып кеткен сияқты. Құлпырған масаты дала денем шамданбасын дегендей, айнала толқыған сағымнан ақырын ғана сілкінеді. Маңайына уйірілген балалардың бәрі де өзінен туғандай, Антонина Профирьевна әрқайсысын жылы жүз, жұмсақ сөзбен ерекелетеді  (С.Мұқанов).

18 билет

  1. Ортақ бастауышты толымсыз салаластар

  2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі.  Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ? Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.   а) Жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты.   ә) Есімше тұқлғалы етістік пен кезде , күнле , шаңта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Күн ұясына төліп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі.   б) Барыс және шығыс септік тұлғаысндағы есімше мен шейін, дейін , кейін , соң,бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. Сейіттің әке-шешес, даланың бір айналсаң қырғыны одадан өлгеннен кейін, Игілік – қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қасына алдырған.    в) –Ша,-ше тұлғалы  есімшіден болады. Зейнептен апасын сұрағанша, отырған жерін өзім таптым.   г) Көсемшенің – ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғасынан болады:Шынында да, Барластар келгелі,Құланбай бұл үйіне кеп қалған емес.      д) Етістіктің шартты райынан да болады: Мен кетсем де, ол үйге кіреді.   е) –ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]